СөЖ (реферат) Пәні: Қазақ халық ауыз әдебиеті Тақырыбы: «Отбасы ғұрып фольклорының зерттелу мәселесі»



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата14.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#61299
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
[1, 80]. 
 
1. 
Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 1-том. Алматы: ҚазАқпарат, 2008. - 812 б. Т. 1. - 
812 б. ISBN 978-601 -03-0005-7 
1.1. Отбасылық ғұрып фольклорының зерттелу тарихы
Жалпы, қазақ фольклорының, соның ішінде, отбасылық ғұрып 
фольклорының да «жиналу, жариялану, насихатталу, зерттелу тарихының 
кезеңдері ғасырлар тереңіне кетеді» 
[2, 4],
ал оның арнайы түрде жүйелі хатқа 
түсе бастаған уақыты XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады.
Арғы тегі көне түркі жазба ескерткіштерінен, Махмұт Қашқаридың 
«Диуани лұғат ит-түрік» сияқты энциклопедиялық еңбектерінен арна түзеген 
фольклордың жиналу, жариялану тарихында этнографиялық деректер мен 
фольклорлық материалдардың ара жігі ажыратылмаған, сол сияқты үйлену 
ғұрпына қатысты фольклорлық жанрлардың зерделену жолын қарастыра 
отырып тарихшы, этнограф ғалымдар Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, Ә.Төлеубаев 
немесе музыкатанушылар А.Затаевич, А.Жұбанов, Б.Ерзакович, Т.Бекхожина 
сияқты ғалымдардың еңбектеріне соқпай өте алмайтынымыз тағы белгілі. 
Демек, фольклортанудың қарым-құлашының ауқымдылығына орай, біз сөз етіп 
отырған тақырып тарихнамасының аясы да барынша кеңейе түспек. Былайша 
айтқанда, ғұрыптық фольклор табиғатын тануда оны этнография, музыкатану 
ғылымдарымен сабақтастыра қарастыру оны жүйелі(системно), 
кешенді(комплексно) зерттеуге жол басшы болады. 
Отбасылық ғұрып фольклорының тасқа басылған алғашқы үлгілерін 
іздестіре бастағанда, ең алдымен, көне түркі жазба ескерткіштерінің алыстан 
мұнартатынын айттық. Бұл жазулардың жалпы түркі тектес халықтар 
фольклорының бастау бұлағы екендігі жөнінде кезінде А.Н.Бернштам, 
П.М.Мелиоранский сияқты ғалымдар тұшымды пайымдар айтса, кейіннен осы 



бағдарламалық ойды И.В.Стеблева тереңдей жалғастырып, іргелі зерттеу 
жүргізгені белгілі 
[3].
Көне түркі жазуларының қазақ фольклорына 
жақындығына алғаш назар аударған М.Әуезов: «Сол жазуларда (көне түркі 
жазуларын айтып отыр – К.І.) эпостық аңыздардың шағын да ықшам 
фабулалық желілері бар» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет