Сөж тақырыбы: Минералдық заттармен байытылған функционалдық ет өнімдерін өндіру технологиясы Орындаған: Тоқтағұл Аяжан тпп-408П Қабылдаған: Әметова М. Алматы 2021ж Жоспары


Функционалды тамақтануға арналған, тамақ өнімдерінің қаптамасына қойылатын талаптар



бет9/10
Дата06.04.2023
өлшемі211,7 Kb.
#79877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.6.Функционалды тамақтануға арналған, тамақ өнімдерінің қаптамасына қойылатын талаптар
Сатып алушыларға тұтынушы қаптамасына оралмаған, қапталмаған тамақ өнімдерін босату кезінде сатушы арнайы сауда жабдықтарын, бір рет пайдаланатын қолғаптарды пайдаланады.
1) тұтынушы қаптамасына қапталмаған тамақ өнімдерін, орауға арналған қағаздарсыз және басқа да буып –түюге арналған қаптамасыз тікелей таразыға тартуға;
2) кондитерлік өнімдерді қаптамасыз өткізуге;
3) нан және нан өнімдерін «үсті- үстіне үйіп, төгіп» үй-жайлардың қабырғасына тақап, ыдыс қойғыштарсыз сақтауға;
4) картоп ауруы белгісі бар нан және нан өнімдерін сақтауға және өткізуге;
5) сатушылармен және қосалқы жұмыстағы жұмысшылармен нанды кесуге;
6) нан және нан өнімдерін «үсті- үстіне үйіп, төгіп», сонымен қатар басқа тамақ өнімдеріне пайдаланылатын қаптамаларда тасымалдауға (көлікпен тасымалдауға);
7) өнімді өндіру кезінде осы өнімінің әр партиясына пестицидтер (немесе оның жоқтығы) қолданғаны туралы мәлімет болмаған жағдайда өсімдіктен алынған азық-түліктік (тағамдық) шикізатты қабылдауға, сақтауға, тасымалдауға (көлікпен тасымалдауға) және өткізуге;
8) тамақ өнімдерін өткізіетін объектілермен тоңазытылған тамақ өнімдерін ерітуге (дефростациялау);
9) пастерленбеген сүттен дайындалған сүзбені, сүтті коктейлдерді өткізуге;
бақша дақылдарын бөлшектеп және тіліктеп кесіп өткізуге;
тұтынуға дайын қаптамаға оралмаған тамақ өнімдерін өткізетін бөлімдерде (секцияларда) жұмыртқаны өткізуге;
10) санитариялық бракқа жатқызылған тамақ өнімдерін сатып алушыларға босатуға жол берілмейді. Мұндай өнімдерді әрі қарай кәдеге жарату үшін арнайы таңбаланған ыдыстарға жинайды.
Объектілерде мынадай тамақ өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тасымалдауға (көлікпен тасымалдауға) және өткізуге:
1) санитариялық–эпидемиологиялық талаптарға және Кеден одағының 021/2011 КО ТР техникалық регламентіне және тамақ өнімдері қауіпсіздігі саласындағы тамақ өнімінің әр түріне бекітілген қолданыстағы техникалық регламенттерге сай келмейтін;
2) аталған тамақ өнімін даярлаушының техникалық құжаттары мен нормативтік құжаттарында көрсетілген белгілерден өзгеше өнім сапасыздығының айқын белгілері бар;
3) тамақ өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын куәландыратын, оның шыққан жерін және олардың қадағалануын растайтын мәліметтер туралы тауардың ілеспе құжаттары жоқ болғанда;
4) таңбалауында көрсетілген даярлаушымен ұсынылған ақпаратқа сәйкес болмағанда;
5) жарамдылық мерзімі өткенде немесе белгілген жарамдылық мерзімі болмағанда;
6) таңбаланбаған немесе техникалық регламенттердің таңбалау бөлімінде тамақ өнімдеріне қойылатын талаптарына сай келмейтін және (немесе) тамақ өнімінің әр түріне бекітілген техникалық регламенттерге сай келмейтін;
7) тамақ өнімдерімен жанасуға арналмаған қаптамада;
8) таңбалауында сақталу жағдайы көрсетілмегенде немесе таңбалануында және (немесе) ілеспе құжаттарда көрсетілген сақталу жағдайы, оның температуралық–ылғалдық режіміне сай болмағанда;
9) Ерітіп, жібітілген және қайта тоңазытылған;
10) жылулық және (немесе) басқа да өңдеуден өткен, өнеркәсіптік емес (үй жағдайында) дайындалған тағам өнімі болып табылғанда жол берілмейді.
1) Объектіде тамақ өнімдерін вакуумда қаптамалауға жол берілмейді.
2) Тамақ өнімдерін тасымалдауға (көлікпен тасымалдау) тағам өнімдерін ластанудан, жануарлардың кіріп кетуінен, оның ішінде кеміргіштер мен жәндіктерден қорғауды қамтамасыз ететін ішкі беттері тазалауға, жууға және дезинфекциялауға болатын уытты емес жуылатын материалдардан жасалған жүк бөлімдері бар көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді пайдаланады.
3) Сақтау температурасы регламенттелген тамақ өнімдерін тасымалдау (көлікпен тасымалдау) кезінде, тағам өнімдерін тасымалдау (көлікпен тасымалдау) және (немесе) сақтау жағдайларына жәрдем беретін мүмкіндікті қамтамасыз ететін тағайындалған қажетті температураны сақтайтын құрылғылармен және температуралық режім параметрлеріне сай бақылау құралдарымен жабдықталған көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді пайдаланады.
4) Қапталмаған сұйық және сусымалы тамақ өнімдерін тасымалдау тек қана оларды тасымалдауға тағайындалған пломбамен бекітілген таңбаланған ыдыстарда, цистерналарда жүзеге асырылады.
5) Жүкті тиеу, тасымалдау (көлікпен тасымалдау) және жүкті түсіру кезінде тамақ өнімдерін ылғалдан, атмосфералық жауын–шашыннан қорғайды.
6) Жылдың жылы мезгілінде тез бұзылатын тамақ өнімдерін тасымалдау (көлікпен тасымалдау) плюс 6 0С-тан аспайтын температурада:
1) салқындататын шанағы бар арнайы көлік құралдарында 6 сағаттан асырмай;
2) салқынсыз изотермиялы шанақтарда 1 сағаттан асырмай жүргізіледі.
7) Әр - түрлі тамақ өнімдерін, не болмаса тамақ өнімдері мен басқа да жүкті бір уақытта тасымалдауға (көлікпен тасымалдау) көлік құралдарын және (немесе) контейнерлерді пайдаланған кезде тамақ өнімдерінің жанасуын, ластануын және оның органолептикалық қасиеттері өзгеруін болдырмайтын жағдайлар қамтамасыз етіледі.
8) Тірі балықты көтерме сауда жасау кезінде тасымалдауға термоизоляцияланған (цистерналар) мұзға арналған арнайы ыдысы бар, ауамен қанықтыруға арналған жабдығы бар көлік құралдары пайдаланады.
9) Тамақ өнімдерін тасымалдауға (көлікпен тасымалдау) арналған контейнерлер мен көлік құралдарының жүк тиеу бөлімдерін таза ұстайды, күнделікті тазалап, жуады, қажет болған жағдайда тамақ өнімдерінің ластанбауы жағдайын қамтамасыз ететін объектінің белгілеген мерзіміне сай, дезинфекциялау жүргізеді.
10) Тамақ өнімдерін тасымалдауға (көлікпен тасымалдау) арналған контейнерлер мен көлік құралдарының жүк тиеу бөлімдерінің ішкі жағын жууға ауыз суға қойылатын талаптарға сай суды пайдаланады.
11) Кеден одағының 021/2011 КО ТР техникалық регламентіне және тамақ өнімдері қауіпсіздігі саласындағы қолданыстағы тамақ өнімінің әр түріне бекітілген техникалық регламенттеріне, даярлаушының нормативтік құжаттары және (немесе) техникалық құжаттарына сай келмейтін және адам денсаулығына нұқсан келтіретін тамақ өнімдері босатуға жіберілмейді.
Мұндай тағам өнімдері бойынша Кеден одағының 021/2011 КО ТР техникалық регламентіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесін бекіту туралы» қаулыға (әрі қарай - Кәдеге жарату ережесі) сай кәдеге жарату туралы шешім қабылданады.
Осындай тамақ өнімін кәдеге жарату 021/2011 КО ТР Кәдеге жарату ережесіне сай жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет