Спартаның тәрбие жүйесі тәні мен жаны мықты әскерилерді даярлауды мақсат тұтты. Оны мемлекет өз мойнына алып, 3 кезеңде жүзеге асырды.
Бірінші кезеңде (7-15 жас аралығы) балалар оқу мен жазуға және денесін шынықтыруға (жалаң-аяқ жүруге, жұқа сабанның үстінде ұйықтауға) дағдыланды, ауыр дене сынынан өтті, нәпсіден тыйылушылық (аскетизм), аз сөйлеу, қатаң бақылау және тәртіпке үйретілді.
Екінші кезеңде (15-20 жас) жастар оқу-жазудан бөлек өлең айту және музыканы меңгерді, аштық пен дене ауыруын көтеруге, өз бетінше тамақ тауып жеуге үйретілді, құлдарды жазалауға қатысты, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тәртіпке шақыруға дағдыланды.
Үшінші кезеңде (20-30 жас) олар біртіндеп әскери қауымдастықтың толыққанды мүшесі мәртебесіне ие болды. Бұл кезеңде олар найзаны, қылышты және т.б. қару-жарақ түрлерін жетік меңгеруі, сондай-ақ мемлекеттің қажеттілігіне берілгендік және кез-келген уақытта өзінің әскери міндетін атқаруға, өзінің өмірін қиюға даяр болуы тиіс болды.
Спартаның тәрбие жүйесі өзінен кейінгі дәуірлерде, әсіресе әскери оқу мекемелерінде еліктеу мәртебесіне ие болды.
Спартаның тәрбие жүйесі өзінен кейінгі дәуірлерде, әсіресе әскери оқу мекемелерінде еліктеу мәртебесіне ие болды.
Афинаның тәрбие жүйесінде тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуды өзінің мақсаты етіп ұстанды. Оның көрсеткіші ретінде гимнастикадан, биден, саздан, ауызша айтыстан жарыстарда жеңіске жету деп санады. Соған сәйкес жүйе кезең-кезеңмен жүзеге асырылды.
Бірінші кезеңде (7-16 жас) балалар бірмезгілде саз және гимнастика мектептеріне қатысты. Онда олар әдеби, саз және әскери-дене тәрбиесін алды.
Екінші кезеңде (16-18 жас) жастар гимнастикадан, шешен сөйлеуден және пікір сайысынан өздерінің білімдерін және тәрбиесін жетілдіреді.
Соңғы кезеңде (18-20 жас) жастар әскери шеберліктерін жетілдірумен қатар шешендік өнерімен, философиямен айналысу міндеттелді.