Байланысты: СӨж тақырыбы «Тәрбиелік жүйенің құрылымдық қағидалары» Орындаға-melimde.com
Үшінші кезеңде тәрбие жұмысының жүесін құру аяқталады, оның компоненттерінің ішкі байланысы тұрақтанады, мектеп өмірі тәртіпке келеді, оқу-тәрбие жұмыстары қабылданған ережеге сәйкес атқарылады. Кірігу процессі күшейеді, нәтижесінде бұл процесс оқушылар ұжымның оқу және оқудан тыс әрекеттерін толыққанды қамтыйды. Соның негізінде мектеп ұжымы жаңа сапаға көтеріледі. Ол көбінесе оқушылар мен мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың, мұғалімдер мен ата-аналардың тығыз қарым-қатынасының жалпы мақсатқа және жалпы жауапкершілдікке бағытталған шығармашылық әрекеттерімен сипатталады.

Бұл кезеңнің негізгі бір маңызды ерекшелігі оқушылардың ұжым болып шығармашылықпен өзара жұмыс істеуінің басымдылық жағдайда болуы. Мәселен, ұжымдық шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыруда:
- белгілі бір әрекетке дайындық жұмыстары; әрекетті жоспарлау; өзара іс-қимыл; шараны өткізу; шараның нәтижесін қорытындылау және т.б. жұмыстары тек балалардың өзара бірлескен ұжымдық шығармашылық белсенді әрекеті негізінде атқарылады.
Бұл кезеңде оқушылар ұжымының дамуына, оқушы тұлғасының сапалық қалыптасуына және мектепті педагогикалық-психалогиялық тұтастай білім тұрғысынан басқарудың рөліне мән берілуі айрықша артады. Мұғалімдер тәжірибе жинақтау барысында тұлғалық-бағдарлық ұстанымды өз дәрежесінде меңгереді.

Нәтижесінде оқушылар жүйені басқаруға көптеп қатыса бастайды. Жүйені басқарудың әкімшілік формасы жойылады. Өзін-өзі басқару және өзін-өзі реттеу процессі күшейеді.
Тәрбие жүйесін басқару өзінде қарастырады:
тәрбиелік шаралардың нақты бір формасын таңдау;
шаралардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
шараларды өткізуге ынталы топ пен оқушыларды таңдау;
ынталы топпен бірігіп тәрбие жұмыстарын жоспарлау;
шараларды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын ынталы топ мүшелеріне бөліп беру;