Сөйлем мүшелері, оның ҚҰрылысы мен түрлері


Мезгілдік мағынадағы сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары шақ, мезгіл мәнді есімдер не есімдер тіркесі болады да, басыңқылары жоғарғыдай етістіктің бірі болады



бет8/20
Дата14.11.2022
өлшемі302,48 Kb.
#50106
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі синтаксисі-2022-3

2. Мезгілдік мағынадағы сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары шақ, мезгіл мәнді есімдер не есімдер тіркесі болады да, басыңқылары жоғарғыдай етістіктің бірі болады:

мысалы: Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап (Абай)

Сабақты және кейбір салт етістіктер көмектес жалғаулы есімдерді меңгеру арқылы сөз тіркесінің үлкен бір тобын құрайды. Көмектес жалғаулы есімдер етістіктерге меңгерілу арқылы объектілік және пысытауышты қатынастарда, түрлі-түрлі мағынада жұмсалады:

1. Құралдық. Құрал-сайманның атын білдіретін көмектестегі зат есімдер кісінің қимыл-әрекетін білдіретін етістіктермен тіркесіп, құралдық мағыналы сөз тіркестері жасалады. Мысалы, балтамен шабу, арамен кесу.

2. Материалдық. Етістікті сөз тіркесінің құрамдағы көмектес жалғаулы зат есім істелетін істің неден, қандай заттан істелетінін білдіреді. Мысалы: балшықпен сылау, бояумен сырлау.

3. Заттық. Бірқатар зат есімдер көмектес жалғауда етістіктермен тіркескенде, олар қимылдық заттық объектісі ретінде жұмсалады. Мысалы: сумен ойнау т.б.

ә) Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері. Көмектес жалғаулы зат есімдер етістіктермен тіркесіп, пысықтауыштық қатынаста мезгілді, мекенді, себеп-салдарды және қимылдың істелу амалын білдіреді: Қожаш ертемен қайтып кетті (С.К.).

Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері:

5-тақырып. Сөйлем мүшелері, олардың түрлері, ерекшеліктері

5.1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, зерттелу жайы, құрамы, түрлері.

5.2. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, құрамы, жасалуы.

5.3. Үйірлі сөйлем мүшелері

5.4. Бірыңғай сөйлем мүшелері

Сөйлем синтаксисі сөйлемнің құрылысын, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін зерттейді.

Сөйлем мүшесі – сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын сөз немесе сөз тізбегі. Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет