Табыс жалғаулы сөзі бар етістікті сөз тіркесінің екінші тобына абстракт есімдер мен кісінің (жан-жануардың да) көру, сезу, сөйлеу, үндеу т.б. әрекетін білдіретін сабақты етістіктерден құралған сөз тіркестері жатады. Мысалы: Ауыл адамдары алдымен жазды әңгіме қылып өтті. (Б.М.).
Барыс жалғаулы есімдер етістікті сөз тіркесінде объектілік және пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады.
ә) Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері, негізінде, қимыл процесінің бағытын білдіреді және мекендік, мезгілдік, мақсаттық мағыналарда жұмсалады. Аяңдап алдыменен тауға жүрді. (М. Жұмабаев).
Етістікті сөз тіркестерінің жиі ұшырайтын ендігі бір түрі – шығыс жалғаулы есімдер мен етістіктер тобы. Мұнда да жалғаулы есімдерді етістіктер меңгеріп, солардың байланасын толықтауыштық және пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері жасалады. Шығыс жалғаулы есімдерді (көбінесе зат есімдер мен есімдіктерді) меңгеретін етістіктер, негізінде мыналар: Шығу, шығару, қайту, қайтару, келу, келтіру, түсу, түсіру, жүру, қозғау, қарау, қаратут.б. Бұлардың көбі – қимыл (мысалы: тарау, шығару, тастау) және қабылдау (мысалы: көру, қорқу, қарау) мәнді етістіктер.
Мысалы: Сабақтан шығу, терезеден көрсету т.б.
Жатыс септік жалғаулы есімдер мен етістіктер тіркесі:
а) Объектілік (толықтауыштық). Объектілік қатынастағы ондай сөз тіркестерінің мағыналары қимыл процесінің қандай заттың үстінде не қандай затпен байланыста болатынын, бірдеңенің кімде екенін білдіреді, мысалы: өмірде кездесу, заңда көрсетілу, ойда сақтау
ә) Пысықтауыштық. Пысықтауыштық қатынастағы жатыс жалғаулы сөз тіркестері мекендік және мезгілдік мағынада жұмсалады:
1. Мекендік мағынадағы сөз тіркестері зат есімдер мен отыру, тұру, жату, жүру сияқты заттың күйін білдіретін етістіктерден не солар қатысты күрделі етістіктен құралады: Интернатта оқып жүр, Талай қазақ баласы (Абай.).