Сөйлем мүшелері, оның ҚҰрылысы мен түрлері


Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерінің зерттелуіне қатысты М.Балақаев, Т.Сайрамбаев, Қ.Есенов, А.Әбілқаев, Р.Әміров т.б. ғалымдардың еңбектері бар



бет9/20
Дата14.11.2022
өлшемі302,48 Kb.
#50106
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі синтаксисі-2022-3

Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерінің зерттелуіне қатысты М.Балақаев, Т.Сайрамбаев, Қ.Есенов, А.Әбілқаев, Р.Әміров т.б. ғалымдардың еңбектері бар.

Сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелері тұрлаулы сөйлем мүшелері деп аталады.

Сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттық қатынаста жұмсалатын сөйлем мүшелері тұрлаулы сөйлем мүшелері деп аталады.

Бастауыш (субьект) іс-оқиғаның иесін білдіріп, баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады. Барлық сөйлем мұшелері тәрізді құрамына қарай дара, күрделі, үйірлі болып келеді.

Бастауыш – сөйлемде айтылатын ойдың негізі, баяндауыш арқылы айтылған қимыл-әрекеттің иесі (субьектісі) /Қаиев Ғ. ТБТТС, 2005/

Бастауыш –сөйлемде айтылатын ойға негіз болатын, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның иесі болатын мүше /ҚГ, 2002/

Бастауыш – сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мұшесі /Р.Әміров. ЖСС. –П.,2010.

Баяндауыш – предикативтік әс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі /ҚГ, 2002.

Баяндауыш – сөйлемде грамматикалық жағынан бастауышқа бағынып, оның іс-әрекет, қимылын, түрліше дәрежедегі заттық, сапалық қасиеттерін білдіріп тұратын негізгі мүше /ТБТТС, 2005.

Баяндауыш – предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі /Р.Әміров. Жай сөйлем синтаксисі. –П.,2010.

Баяндауыш (предикат) мүше бастауыштың қимылын, іс-әрекетін, оқиғаның қай шақта болғанын көрсетеді.

Баяндауыштың мағыналық топтары:

Баяндауыштың мағыналық топтары:

  • Іс-әрекеттің, сапаның болмысқа шақ тұрғысынан қатынасын білдіретін баяндауыштар: сөйлеп жатыр, сөйледі, сөйлемек т.б.
  • Іс-әрекеттің қарқынын білдертін баяндауыштар: шапты-ай кеп т.б.
  • Іс-әрекетті қалпына қарай атайтын баяндауыштар: көктейін деді, көктеуші еді, көктейін деп тұр т.б.
  • Іс-әрекетті субьектінің қалауы ретінде атайтын баяндауыштар: бармақшы, барайын деп жүр т.б.
  • Іс-әрекетті субьектінің бұйрығы ретінде атайтын баяндауыштар: бар, барсын т.б.
  • Іс-әрекетті міндеттеу, ұсыныс ретінде атайтын баяндауыштар: сұрауы керек, айтуы тиіс т.б.
  • Іс-әрекетті субьектінің пайымдауы тұрғысынан атайтын баяндауыштар: айтқан тәрізді, айтты-ау деймін, айтқан шығар т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет