1950 ж. дейінгі мерзімде қазақ тілі білімінде Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ы.Маманов, Т.Қордабаев, Ш.Сарыбаев, Ж.Аралбаев, С.Аманжоловтар, бертін келе Р.Әміров, Т.Сайрамбаев т.б ғалымдар өз зерттеулерін қазақ тілінің грамматикалық, дыбыстық жүйесінің теориялық мәселелеріне арнаған болатын. Мысалы, Қ.Жұбанов (Қазақ тілі грамматикасы, 1938,1939жж., 1,2 бөлімдер), оқулығында, мақалаларында тілдегі буын, шылау, біріккен сөздер, сөдердің орын тәртібі, емле, термин мәселелері, Абайдың қазақ әдебиетіндегі орны туралы тың зерттеулер жүргізді. Бұлардың ішінен ұжымдық үш еңбекті ерекше атаған орынды: Бұлардың ішінен ұжымдық үш еңбекті ерекше атаған орынды: 1. «Қазіргі қазақ тілі» (-Алматы, 1954), бұл оқу құралы ретінде лексика, фонетика, грамматика деңгейлерін қарастырған. 2. «Қазақ тілі грамматикасы» 1,2 бөлімі (-Алматы, 1967), бұл оқу құралы грамматиканы, яғни тек морфология мен синтаксисті сипаттауға арналады. Бұдан қазақ тілі грамматикалық құрылысының біркелкі зерттелмегенін көруге болады. 3. «Қазақ грамматикасы» (-Астана, 2002), грамматика ілімінің дамуындағы жаңа кезең академиялық қазақ грамматикасының жариялануымен байланысты. Ол осы сипаттамалы нормативті (академиялық) бағытта жазылған ұжымдық еңбек. «Қазақ грамматикасында» қазақ әдеби тілінің грамматикалық құрылысының – фонетикасының, сөзжасамының, морфологиясының және синтаксисінің қазіргі қалпы ғылыми негізде сипатталады. Жоспары: 1.1. Сөз тіркесі синтаксисінің обьектісі, түрлері. 1.2. Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуі, ғылым ретінде қалыптасу тарихы. 1.3. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары. 1.4. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем, сөйлем мүшесі, олардың арақатынасы. Сөз тіркесі синтаксисінде сөздердің байланысу тәсілдері, сөз тіркесінің түрлері, сөз тіркесіндегі синтаксистік қатынастар зерттеледі. Сөздердің байланысу тәсілдері дегеніміз оларды грамматикалық байланысқа түсіретін амалдардың жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |