Совет–Хан Єаббасов


§ 4. ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ АЛТЫНШЫ НЕГІЗІНДЕГІ ЭТНОПЕДАГОГИЛЫҚ СИПАТ



бет243/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   294
Байланысты:
treatise70934

§ 4. ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ АЛТЫНШЫ НЕГІЗІНДЕГІ ЭТНОПЕДАГОГИЛЫҚ СИПАТ


"Ақыл мен ғылымды - күлкі тоздырады"
АБАЙ.


САБАҚ КЕСТЕСІНІҢ ИКЕМДІЛІГІ


"Ісім өнсін десең - ретін тап"
АБАЙ.


Заттық Оқушы балалардың киер киімдері, жатар орындары,
нәрселер. ішер тамақтары жайында, бұрынғы тарауларда азды-
көпті тоқтағандықтан, бұл арада жәй еске салып қана өтпекпіз. Әрине, баланың өсуіне байланысты дербес мемлекеттігімізді еске ала отырып, келешекте оқушы балалардың ұлттық киім үлгілері де жасалынар?! Жаңа игіліктермен қоса, ішер тамақтың түрлері де көбейер, жататын төсек-орындардың да жаңа сипаттары қалыптасар. Осының барлығы да, ұрпақ тәрбиесіне заттық әсерлерін тигізбей қоймайды. Келешек алдағы арманымен де үзілмейтін үмітімен де қызық. Лайым солай болғай?!
Мектепте жүргізілетін іс-әрекеттердің мазмұнды
Пәндердің да қызықты болуы үшін, күнделікті өтетін пәндердің
үндестігін тәуліктік кестесі бір-бірлерімен үндестіріле
табу да өнер жасалынуы, ең басты шарттардың бірі болып табылады.
Сабақтардың кестелері барынша адам бойындағы, биоырғақтарға бағындырылып жасалынғаны жөн. Бұл тәсіл, әсіресе бастаушы кластарда қатты ескерілуі шарт. Сонда ғана жасөспірім балалар, сабақтан шаршап жалықпайтын болады. Қазіргі кездегідей әр сабақтың уақыт мөлшерін 45 минутқа созбай, оның орнына 35 минутқа ықшамдасақ, оған қоса, үндестіріп жүргізуге болатын сабақтарды біріктіріп өткізу тәсілдерін де, батыл түрде өмірге енгізуді қолға алған жөн. Мәселен, ән-күй мен дене шынықтыру немесе осы екі сабақты үндестіру арқылы, би үйрету сабағын енгізетін болсақ, тыңдайтын музыка әуені мен дене қозғалыстарының қимылдары биоырғақ заңдылықтарына бағынары сөзсіз. Міне, осындай үндестік заңдарынан туындайтын әрекеттер, біздерге тек уақыт үнемдеп қана қоймайды, сонымен бірге, атеистік идеологияның әсерімен, адам тәрбиесінде осы уақытқа дейін ескерілмей келген, табиғат заңдылықтары мен биологиялық қағидалардың парасатына енген болар едік. Егер де адамның шыр етіп дүниеге келген тіршілігін, өмірдегі өнер ырғақтарымен салыстырып көрсек, онда ең әуелі ә у е н, анығырақ айтсақ «і ң г ә» дүниеге келетіні белгілі. Содан соң, қозғалыс ырғақтары (б и) басталады.Ең соңында, тіл үйрену арқылы с ө з ө не р і қанат жаяды екен. Мінеки, тіршіліктегі табиғаттың өз өрнегіне зейін аударсақ, адам тәрбиесіндегі жоғарыдағы аталған өнерлердің үндестіктері терең саналылықпен игеріліп жүрген жоқ. Қашанда, әуенге (музыкаға) кескін (живопись) өнері үндесе отырып, сөзден сөйлем кұралып, сан алуан ойларға ауысып жатады. Ал, би өнері ‑ әуен мен сөздің арасындағы, кескін мен қозғалысты біріктіріп бере алатын құдіретімен күшті. Мұны адам тәрбиесінде жүйелі түрде ескермеу үлкен қателік. Қозғалыс атаулының көркемдік мәнерімен жете таныс балалардың сұлулық талғамдары да, тәлімдік ықтияттылықтары да күшті болмақ.
Дана жұртымыз: «Өнер алды — қызыл тіл» деген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет