Ана тілі. Тіл үйренудің өзі де — ана құрсағынан басталатындығын
айтсақ, көп адамдар сене бермейтіндігін де түсінеміз. Өйткені, біздің көкірегіміз де «болады» дегеннен гөрі, «болмайдыға» бой алдырып кеткеніміз қашан?! .Мінеки, бұл тәріздес қисық ұғымнан арылуға да уақыт керек. Әйтсе де, табиғат шебердің құдіретін мойындамай, оның жұмбақ сырларын түсінуге ұмтылмай, тіпті де адам тәрбиелерінің күрделі күрмеулерін шеше алмақ емеспіз.
Тіл үйренудің өзі де кезең-кезеңдерден тұрады. Екінші кезеңі бала дүниеге келгеннен кейін басталса, сәбилік кезеңінде — тілі шыға бастайды. Балабақшасындағы кезеңінде ‑ сөздік қоры молайып, не бір қиыннан қиыстырар үрдістерге де жете бастайды. Ал, мектеп табалдырығын аттап, әліппе ұстағанда, әрбір ә р і п өзінің жазылу формасымен де, естілу дыбысымен де баланың әуелі сыртқы бес сезімін, сонан кейін біртіндеп ішкі бес сезімдерін үндестірумен, оның е к і н ш і әсер алу жүйесін (сөйлеу) жетілдіре түседі.Негізінен ә л і пп е арқылы тәрбие балабақшасындағы 0-ші класпен тығыз байланысты. Ал, мектеп қабырғасындағы тәрбие сабақтары, жеке-жеке п ә н д е р арқылы өзінің жалғасын табады. Осы пәндердің ішіндегі ең ардақтысы да, адамшылықтың тербелер алтын бесігі де ‑ осы ана тілінің ауқымына кіретіндігін қадап айтқымыз келеді. Ендеше, ана тілін үйрететін ұстаздардың мойнында, халқымыздың арманға толы ең аяулы парыздары жатыр.Тек,тілі дұрыс дамыған баланың ғана ойлау қабілеттері мен логикалық жүйесі де мықты болмақ. Олай болса, ұстаздарымыздың ең әуелі сүйенер құдіреті, халқымыздың ғасырлар бойы жасаған р у х а н и қазыналары мен салт-дәстүрлерінің өміршең қуаттары болуға тиісті. Бұл мәселе жайында ата-бабамызға мың да бір рахмет айтамыз. Себебі, қазақ халқының ұрпағына қалдырған фольклорлік байлығын дүние жүзінде ештемемен салыстыруға келмейді. Аса үлкен бай мұра?! Мысалы, тек аңыз-ертегілерінің өзі ғана: қиял-ғажайып,тұрмыс-салт, хайуанаттар, күлдіргі, өтірік өлең, аңыздар тәрізді боп сан түрге бөлінсе, еліне үлгі шашқан жеке адам аттарыменен байланысты ‑ Қорқыт, Асан қайғы, Алдар көсе, Жиренше, Қарашаш, Қожанасыр, Аяз би. Күй аңыздары болып түрлене береді. Ал батырлар жырлары мен ғашықтар жырлары деп аталынатын түрлі эпостардың өздері бір төбе. Осының бәрі де, халқымыздың тегінің (генефон) мықтылығын аңғартса керек. Тегі күшті халықтың ғана зердесі мен зейіндері терең болмақ.
Бала тәрбиесінде ерекше орын алатын, оның тіл үйрену