Совет–Хан Єаббасов


Г). ТАҒЫЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖОҒАРҒЫ САТЫСЫ



бет27/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Г). ТАҒЫЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖОҒАРҒЫ САТЫСЫ


Адам бойындағы өнер тапқыштық пен ізденгіштік қабылеттерінің біртіндеп дамуының арқасында, жалпылама қажеттіліктер - күрке жасау - ошақ қазу - тамақты теріп жеу - т.б.‑ сол сияқтылармен қоса, келе-келе арнаулы құралдар - найза - садақ- пышақ - көсеу - балға - балта - тәрізді көптеген мақсатты саймандарды ойлап табумен қоса, оның ыңғайлы түрлерін де жетілдіре береді. Осылайша, адам өндіргіш құралдардың арқасында кез-келген мақсаттарын ұтымды орындайтындығына қадеттене түседі. Мұның өзі түрлі саладағы қажетті заттарды жасауға деген бейімділіктің қайнар көзіне айналады. Адамның Т ә н құрылысының тәлімі нәзіктенген сайын, оның Ж а н дүниесінің күрделенуі мен р у х ы н ы ң жетілуі жеделдейді. Енді ол өте қарабайыр болса да материалдық құндылықтар мен рухани байлықтардың алғашқы қадамдарын жасай бастайды. Бұл шақта с е м ь я құру тәртіптері бір ізге түсе қоймағанымен, бұрынғы тым қарабайырлығынан имандылық жолдарына ыңғайлана береді.




2. ЖАҢА ТАС ДӘУІРІ НЕМЕСЕ АНАЛЫҚ ҚОҒАМ

Тағы да сан ғасырлар өтіп, Қазақстан жерінде көптеген көлдер мен өзендер пайда болады. Ауа райының біртіндеп өзгеруіне байланысты, кең байтақ даланың өсімдіктері мен жануарлар әлемі де жаңғыра өзгеріп, уақыт ілгерілеген сайын адамдардың бейнесі де жетіле береді. Жаңа Т а с д ә у і р і н і ң, немесе н е о л и т заманының ұзақтығы – мөлшермен 15 мың жылға созылады. Тарихта ‑ А н а л ы қ қ о ғ а м ‑ деп аталынатын бұл дәуір, адамзат дамуының екінші кезеңі - жабайылықтың төменгі және орта сатыларын тұтастай қамтитындығы белгілі.


Адамзат қауымы өзінің ЖАБАЙЫЛЫҚ кезеңінің т ө м е н г і с а т ы с ы н д а – балшықтан ы д ы с т а р жасауды игерсе, ал о р т а сатысында - түздегі жүрген а ң д а р д ы қ о л ғ а үйретіп, үй хайуанаттарының пайда болуын жеделдетеді. Осыған орай, үй шаруасындағы еңбектің түрлері - алдыңғы шепке шығады. Сөйтіп, үй шаруасымен айналысатын әйелдің орны ерекшелене береді. Осылайша, үйдегі шаруалармен қоса, ас әзірлеп... киім тігу де, әйел затының беделін арттыра түседі. Жаңа еңбектің осындай түрлеріне орай, бұл дәуірдегі жұмыс құралдарының с а н ы мен с а п а с ы алдыңғы Тас дөуірінен әлдеқайда ілгерілеп жетілгендігін көреміз. Әсіресе, осы тұстағы и г е р г е н өндірістердің ішінде - мал өсіру мен егін шаруашылықтары ерекше орынға шығады. Сондықтан үйдегі шаруалардың маңызы барған сайын арта береді. Осы кезде с е м ь я д а және р у д ы ң өмір сүру тіршілігіндегі басты орын әйелге ауысады. Олар қолмен отырғызу арқылы егін егіп өнім жинауды, тұқым сақтауды, өсімдік қабықтары мен жүн-теріден киімдер жасауды үйренеді. Қыш ыдыстарын жасауды жетілдіре түседі. Семья да а н а н ы ң орны ерекше бедел алғандықтан - Жаңа тас дәуірін -Аналық қоғам деп атаған.
Аналық қоғамның табиғи, әлеуметтік және шаруашылық ұйымы - Р у ‑ болғандықтан бұл адамдар бірге тұрып бірлесе еңбек етумен табыс табатын ағайынды кісілер болып есептелінеді. Олардың туысқандықтары, тек А н а жағынан ғана қарастырылады. Бала кімдікі екенін тек анасы ғана білген. Бұл кездегі адамдардың тәлім-тәрбиелері де бұрынғыдай емес, әлдеқайда и м а н д ы л ы қ ережелері мен тәртіптеріне бағына бастайды.
К.Маркс ғұламаның сипаттауы бойынша, адам жабайылық кезеңінің төменгі сатысының өзінде; "Кісілік - шешендік - таным (дін ) - ерлік - қатыгездік - зұлымдық - қайырымдылық - өлең шығару - сурет салу - қиялдау тәрізді - әлі де қарабайырлау болса да, этика мен эстетиканың нышандары қалыптаса бастаған" – деп нақтылы тұжырымдар ұсынады. Бұл адам тіршілігімен тығыз байланысты тәлім-тәрбиенің көріністері, санадағы с а п а н ы ң анағұрлым күрделене түсіп, тіпті сала-сала ұғымдардың орныққандығын аңғартса керек. Сөз жоқ, адам өзі шықкан әуел бастағы түйсіктік тәрбиені жетілдіре кемелдендіріп, ендігі жерде саналы тәрбиенің салаларын да, тіпті туыстық сезімнің деңгейлерін де даралай түскенін көруге болады. Жоғарыда айтылған ұғымдардың барлығын болмаса да, біреуін мысалға келтіріп талдау жасап көрелік.

Мінеки, біздер ішкі ‑ сырына, мәні мен мазмұнынакө-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет