Тән мен Жан – медальдің екі беті тәрізді біртұтас жаратылыс болғандықтан олардың бірінсіз-бірінің күні жоқ. Бұл философиялық мәні бар өз алдына талдауды қажет ететін ұзақ әңгіме?! Әйтседе, Жан мен Тән бірін-бірі қоректендіріп тұратындықтан, олардың әрқайсысының өздеріне тән тәрбие тәсілдерін жүргізуді қолға алатын мезгіл жетті. Осы уақытқа дейін Жан тәрбиесі - дегенді жүргізбек түгіл, оның кандай мүшелері, анығырақ айтқанда, қандай арналары бар екенінбілмейтіндігіміз де шындық қой. Нәресте анадан туғанда ‑ Тәннің - 12 мүшесі ‑.қалай қалыптасып туса ‑ Жанның да -12 арнасы /мүшесі/ ‑ ашылып та, жетіліп те тууға тиісті екен. Мәселен, Тәннің - көзге көрінетін сыртқы және көзге көрінбейтін ішкі мүшелерімен қоса, оның сыртқы бес сезімінбілетініміз сияқты, Ж а н н ы ң дамынадай і ш к і арналары: - түйсік -ұят - сүйіспеншілік -мінез - жігер -тума қабылет - зерде және ішкі б е с сезімдерден ‑тұратындығын алғаш рет таратып айтқанды жөн көрдік. Міне, осынау Тән мен Жанның - 24 мүшелері түгелдей биология жөне физиология зандылықтарын пайдалану арқылы, өздеріне тән ‑ тәрбие тәсілдері жүргізілсе ‑ғана ашылған гүлдей ажарына еніп, толық қанды дұрыс қызметтерін атқармақ. Бірақ, адамзат қауымы өз ұрпағын тәрбиелеудегі бұл қасиеттерге әлі де мән бере қойған жоқ. Сондықтан да, ‑ адам тәрбиесінде қабағат ауыр қателіктер бар ‑ дегенге көңіл аударатын мезгіл жетті. Сөйтіп, Тәннің дұрыс қызмет етуін - қалыпты физиологияқадағаласа, ал Жанның дұрыс жетілуін - халық педагогикасы тәрбиелеп отырмақ. Олай болса, қазіргі адам тіршілігінде пайдаланылып жүрген ғылыми пәндердің бастауы, осы ‑ қалыпты физиология мен халық педагогикасынан ‑өсіп жетілетінін есте ұстасақ, табиғаттың талай тылсымдарын оңай шешіп алатынымыз анық.
Адам бойындағы таңғажайып қабылеттер мен зердедегі
Адамның тереңдік және зейіндегі ауқымдылықтарды ‑ Генетика