Совет–Хан Єаббасов


§2. СЕМЬЯ ТАРИХЫНЫҢ АДАЗАТТЫҚ СИПАТЫ



бет30/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   294
Байланысты:
treatise70934

§2. СЕМЬЯ ТАРИХЫНЫҢ АДАЗАТТЫҚ СИПАТЫ


«Биікте көк Тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Адам баласы үстіне, ата-тегім
Бумын қаған Естемі қаған отырған,

Отырып, Түркі халқының ел‑жұртын


Қалыптастырған, иелік еткен.»
КҮЛТЕГІН.

Күллі адамзат қауымының тарихы семья құру жайындағы шежірелер де, кешегі 19-шы ғасырдың 60-жылдарына дейін Мұса пайғамбардың шариғатнамаларының ықпалынан /пятикнижия Моисея/ шығып көрген емес. Жалпы семья тарихын ғылыми негіздерде зерттеу Европа да 1861 жылдан ғана басталатыны белгілі. Бұл мәселе жайындағы салыстырмалы зерттеулер алғаш рет, "Ана еркі" атты Бахофеннің еңбегімен тығыз байланысты екенін Ф. Энгельс өзінің "Семьяның шығуы, жеке меншік және мемлекет" дейтін шығармасында жан-жақты тоқталады.


Бахофен өзінің еңбегінде семьяның әртүрлі сипаттарын сөз етеді:

  1. Ең алғашқы адамдар қауымында семьялық тәртіп болмаған, еркек пен әйелдің арасындағы жыныстық қатынастар бей-берекет кім-кіммен болғысы келсе, сонымен қосыла беретін тежеусіз жағдайда болғанын айтады.

  2. Мұндай жағдайда баланың әкесін анықтау мен туыстық қатынастарды тек анасы тарапынан ғана есептеген.

  3. Семья тарихының осы кезеңінде – аналық қоғам дәуірледі.

  4. Бертін келе бір семьялық жағдайға көшкенде, бөтен адаммен жыныстық қатынаста болуды аса ауыр күнә ретінде қарастырған.

Бахофен осы айтылған ғылыми қортындыларын көне жазбалар мен әдебиеттерді, әфсаналар мен ертегі-аңыздарды шұқшия зерттеу арқылы тұжырым жасаған. Бірақ оның бұл айтқан қортындыларында күмән келтіретін жағдайлар да баршылық сияқты. Мәселен, жаратылыстың жоғарғы сатысындағы адам тектес тіршілік иесі, тарихи дәуірдің дәл сол кезеңдерінде де жыныс қатынастарында, хайуаннан бетер қалыс деңгейде болды деуге ауыз бармайды. Өйткені, табиғат қойнауындағы жануарлар әлемінде де, Аталық пен Аналық жұптарындағы адалдық пен тәртіп сол алғашқы адамдардың көз алдында өтіп жатқанын былай қойғанда, сол ортадан алып шыққан оның түйсіктік ақылы мен түйсіктік тәрбиелерін қайда қоймақпыз? Мысалы, аққулар жұбының арасындағы беріктікке таң қалмасқа шараң жоқ. Өйткені, мынау жұмыр жердің үстіндегі тіршілік иелерінің ішінде, осы тек Аққуға ғана тән қасиет, олардың иә Аталығы немесе Аналығы оқыстан қазаға ұшыраса, оның өлі екеніне көзі жеткен екіншісі сол сәттен-ақ еш кідірместен зар-еңіреген қаңқылымен аспанға атылып шыққан бойы, сорғалай зулап құлаған күйі жерге соғылып жан-тәсілімін береді. Сезімдегі адалдық пен пәктіктің көрінісі, сірә осындай-ақ болар?! Бұл тәрізді құбылыс дәл осындай сипатта болмаса да, жұптастығын ғұмыр бойы сақтауға Арыстан мен Жолбарыс немесе Құлан мен Жылқы үйірлеріндегі тұрақтылықты да ескерген жөн. Олай болса, тіршілік әлеміндегі семьялық тәртіптің тазалығы мен пәктігі тым қарабайыр болмағандығын, жоғарыдағы келтірілген мысалдар анық аңғартса керек.
Семья тарихы туралы көп еңбектеніп, бірсыпыра кітаптар жазған Дж. Ф. Мак-Ленан екенін айтқан жөн. Ал, әсіресе бұл тақырыптың мәнін ашып, философиялық мазмұнын тереңдеткен, сөз жоқ, Американың атақты ғалымы Л.Г.Морган екендігін даралай көрсетпесе болмайды. Өйткені, ол өзінің «Көне қоғам» атты ғылыми еңбегінде отбасы тарихын тереңдете талдап қана қоймай, сонымен қоса алғаш рет ғылыми негізде ж ү й е л е п те шықты, Ол адамзат қауымының дамуын - тағылық - жабайылық -мәдениеттілік - атты үш түрлі кезеңдерге бөліп, ілгерілей дамудың небір қиын да ұзақ жолдардан өткендігін жан-жақты дәлелдеп береді. Осындай кезеңдерге сәйкес қоғамдық дәуірлердің семья тарихына тигізген әсерлерін үндестіре қарап, олардың біртұтас классификациясын ұсынады. Ол өзінің ғылыми зерттеулерінде шынайы тұрмыстық деректерге ерекше мән беріп, адамдардың алғашқы қауымдастығындағы қарым-қатынастардың да әлі дәстүр-салтқа айнала қоймағандығын, соның ішінде семьялық заңдылықтар да бірте-бірте даралана жетіліп, имандылыққа ауыса бастағандығын сөз етеді. Соның нақтылы көрінісіндей, семья заңдылықтарының бірнеше сатыларын ұсынады:
1. Қандас туысқандар семьясы. Алғашқы семья тарихының бұл сатысында, тек ата-аналары мен балалары ғана жыныстық қатынаста болмайды. Ал өзгелері – ағалары мен қарындастары, апалары мен інілері өзара үйлене берген.
2. Семья заңдылықтарының қалыптаса бастаған екінші сатысында туысқандық сезімдер әлдеқайда жоталанып, өзінің имандылық дәуіріне ауыса бастайды. Қоғамдағы біртіндеп қалыптаса бастаған дәстүр-салттардың әсерімен бұрынғыдай бір ата-анадан өрбігендер өзара үйленбейтін зандылықтарды қатаң сақтай бастайды. Семья тарихының бұл сатысын - ғылым тілінде пунуалдық семья дейді. Әйтседе, мұндай сипаттар ең алдымен бір ата-анадан туған балалар арасында тыйылып, сонан кейін ғана енді біртіндеп ағайынды адамдардың балаларына да ауыса бастайды. Бертін келе кейбір халықтар да тіпті немере-шөберелері түгілі, "жеті атасына дейін қыз аласпау" дәстүрлерін қатты қадағалайтын болады. Мысалы, қазақ халқы бұл дәстүрді бүгінге дейін сақтап отыр. Осы арада айта кетпесе болмайтын қызық дерек, ол туысқандығы жақын Түркі халықтарының барлығында да, "жеті атаға дейін қыз алыспау" дестүрі сақталын-байтыны да белгілі. Бұл да өз зерттеушісін күтіп тұрған аса құнды м ә с е л е н і ң бірі !? Мінеки, адамзат қауымы семья тарихының қаншама қиын жолдарынан өтіп, келешек ұрпағаның к і с і л і г і н сақтау үшін, "табиғи сұрыптау" мүмкіндігіне жеткізер тәрбие тәсілдерінің жолына түседі
3. Семья тарихының бір семьялық кезеңін - қай жағынан алып қарасақ, мақсаты имандылыққа сүйенсе де, ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынастардың адалдығы мен пәктігін көздің қарашығындай сақтамаса, кезкелген уақытта үзіліп кететін әлсіздіктердің бар екенін, әмәнде естен шығармаған жөн. Осы әлсіздіктердің жолын қиятын құдірет, тек адамдардың өз бойларындағы р у х ы мен р у х ан и мәдениетінен н ә р алатынын білу шарт.
Адамзат қауымының алтын діңгегі болып саналатын семья тарихы да, жаратылыстың кез-келген жанды құбылыстары тәрізді, өзінің даму, жетілу сатыларын, үнемі үздіксіз онан ары да жалғастыра беретіні анық. Бірақ, бұл құбылысқа да алдағы болашақ дәурендер қандай өзгеріс қандай сыйпаттар сыйлайтынын, келешек өмір өзі-ақ көрсете жатар. Түптің-түбінде адам тіршіліктерінің мәні мен мазмұнына тек адамшылық сипаттар үстемдік еткенде ғана, аса терең түсініктердегі жан ләззаты оянары хақ. Ендеше, қазіргі кездегі тек тән құмарлықтарын қоздыратын әулекі қатынастардың сыры, өте ауыр күйзелістерге соқтырмай қоймайды. Осы күйзелістердің алғашқы көріністері қазірдің өзінде-ақ, бүкіл адамзат қауымына қабағат ауыр үрейлер әкеліп отыр. Мәселен, бүгінгі таңдағы жыныс қатынастарының имансыз көріністері з а у а л д ы қарғысқа ұшырағандай, ХХ-ғасырдың аса қауыпты дерті СПИД-тің мәні өте тереңде жатқан тылсым екенін түсіну қажет. Адам баласы бұл құбылысты түсінбесе түп-тұқиянымен тозып бітеді. Өйткені, мұны тек а у р у ғана деп қарастыруға тіпті де келмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет