Совет–Хан Єаббасов


Адам оның өзгеріп жетілген ең жоғарғы сатысындағы тіршілік табиғаты



бет32/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Адам оның өзгеріп жетілген ең жоғарғы сатысындағы тіршілік
табиғаты.
иесіне жатқызамыз. Олай болса, АДАМ мен ТАБИҒАТ‑егіз
дейтін жаттанды ұғымнан гөрі, Табиғат - жер бетіндегі күллі тіршіліктің - анасы болғанда, Адам - оның кенже баласы ‑ екені әлдеқайда шындыққа жақын. Сондықтан да, ендігі жерде АДАМ өз тағдырымен қоса, ТАБИҒАТ анасының заңдылықтарын қатаң сақтап, онымен үндесе алған бірлікте ғана болашақ мұраттарына қол жеткізбек. Мұны адамзат қауымы өздерінің халықтық тағылымында, немесе халықтың педагогикаларында өте жақсы пайдаланған. Бірақ құлдық қоғамнан-ақ бастау алатын империялардың саясаттары, кез-келген халықтың ұлттық тарихы мен халықтың педагогикаларын ұрпақ зердесінен үнемі өшіріп отыруға тырысқан. Өйткені, оларға ұлттық тарихы мен халықтық тағылымы жалғаспаған елдерді бөлшектеп билеу оңай болған. Ендеше, жаңа ғана ғылыми п ә н ретінде ұсынылып отырған халық педагогикасы - адамның тән құрылысы мен жан-дүниесін даралай талдай түсінумен қоса, оның тәрбие тетіктері мен тәлімдік тылсымдарын, сонау палеозой зама-нындағы тіршілік бастауларымен ұқсастыра қарауында, мүлдем жаңаша толғайтын психо‑физиологиялық тың көзқарастың бар екенін ашық айтады.
жайында жоғарыда айтылғандай, адамның тегі мен түрі
Ежелгі біртіндеп жетілген, тіршіліктің алғашқы бастауына жарты
тіршіліктер. миллиардтай уақыт өтіпті. Бірақ бұл көңіл көзіне симастай
ұзақ ғұмыр, адам баласы үшін тым ұзақ та, ал шындығына келсек, аса жақын екендігін аңғару қиын емес. Себебі, осы қазір тіршілік етіп жүрген кезкелген адам анасының құрсағында, ‑ сонау бір клеткадан адамдық формаға дейін жетіліп қана қоймай, табиғат шебердің арқасындаманағы жарты миллиард жылды, тоғыз-ақ айға сыйдыратынына таңдай қағып таңырқамау мүмкін емес. Ал, осынау тылсымның өзін - қазақтың халықтық тағылымында ‑ дөп басып айтатынын естігенде, халық даналығы дейтін ұғымға иланбасқа тағы да болмайды. Осы айтылған тылсымы мол құбылысты өзінше аңғарған ата-бабамыз: ‑ "Он сегіз мың ғаламды бір тарының қауызына сыйдырған" ‑ деп бағдарлама ретінде ұрпағына қалдырған екен. Бірақ, мұның м ә н і н әлі күнге дейін т ү с і н і п жүргеніміз шамалы.Әйтседе, жоғарыдағы айтылған тұжырымды растайтын, мынау бір ғылыми дәлелге көңіл бөлелік ;
‑ "Адам ұрығы ана құрсағындағы өзінің даму кезеңінде, сонау 500 миллион жылдарды басын өткен тіршілік әлемінің сатыларын түгелдей қайталап шығады екен. Адам ұрығы өз дамуының бастапқы кезінде жануарлардың ұрығынан ешбір айнымайды деуге болады. Ол 18-20 күннен кейін бейне бір балық тәріздес болады да, тіпті желбезекке ұқсас саңылаулары да көрініп тұрады, ал аяқ-қолдарының орнына қ а н а т т а р өседі. Бұдан сәл кешіректе қос мекенді бақаға одан кейін бауырымен жорғалайтын кесірткіден аумайды. Шамамен бір жарым айдан соң, ана құрсағындағы бала маймылға ұқсайды. Сөйтіп, адам ана құрсағындағы даму кезінде бүкіл жер бетіндегі тіршіліктің эволюциясын қайталап шығады..." /ҒҚЭ, А,1986, 185 б./.
Мінеки, осынау ғылыми тұжырымдардың адам тәрбиесіне осы уақытқа дейін пайдаланылмай келгендігі де, адам баласының ішкі қуаттарын еселей түсетін ересен ғажап қасиеттердің ескерілмеуі өкінішті‑ақ. Осы құдіретті өмірге енгізу үшін, тек халық педагогикасының негіздерін дұрыс жасау арқылы, алғаш рет адам табиғатының тетіктерін даралап, өзіне тән тәрбие тәсілдері бар әрбір кезеңнің сырын ашумен ғана қол жеткізуге болады. Ол үшін ең әуелі адам табиғатының өзін дұрыс түсінуге бет бұру қажет.
Ендеше, Адам - дегеніміз не?..
Адам дегеніміз – үш түрлі күрделі жүйелерден тұратын жаратылыстың ең жоғарғы сатысындағы тіршілік иесі. Біріншісі – Тән құрылысы болса, екіншісі – Жан дүниесінің әлемі, ал үшіншісі - Тән мен Жанның дұрыс тәрбиесінен қалыптасатын – адамның Рухы болып табылады. Міне, адам табиғатындағы осы үш жүйенің тәрбиесі дұрыс жүргізілмей, еш уақытта да, адамзат ұрпағының азып-тозуы тоқталмақ емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет