тегі ғылымы ашқан жаңалықтардың арқасында түсінгенге де
көп уақыт өте қойған жоқ. Халық арасында айтылатын қарапайым түсінік - түқым қуалау делінетін ұғым - шын мәнінде осы г е н е т и к а ілімінің негіздерін қалаған. Осы арада ескерте кететін бір жағдай: сайып келгенде генетика ілімі де, басқа табиғи ғылымдармен үндесе дамыған руханият салаларына жататын философия - этнография - психология - тарих - әдебиет пен өнертану - ғылымдары тәрізді, адамзаттың ең көне танымы мен тағылымы болып саналатын - Халық педагогикасынан бастау алатынын түсінудің өзі-ақ, қаншама догмалық ұғымдардан арылтар еді.
Неше ықлым замандардан бері тұқым қуалау құпиясы, тек құдайдың ісі, тек соның құдіретімен ғана болатын жағдайға баланып келді. Тіпті Тауратта айтылатындай: "Құдай адамды өзіне қарап жаратыпты" дейтін сенім әлі де жалғасуда. Жалпы дін атаулының барлығы да, тұқым қуалаудағы құбылыстарды ойлаудың қажетсіз екендігін айтады. Өйткені, құдайдың өзі жаратқан тіршілік сырын – адамдардың ойлауына рұқсат етілмейді. Әйтседе, адамдарды мазалайтын тіршілік тылсымдары бір сәтке де саябыр тауып көрген емес. Сан қилы сауалдардың ішінде, әсіресе әртүрлі тіршілік иелері неліктен бір-біріне ұқсамайды ? Адамнан - тек адам ғана туатыны қалай ?
Міне осынау аса күрделі де қызық сауалдардың жауабын, 1953 жылы ашылған биологиядағы теңдессіз ұлы жаңалық шешіп бергендей еді. Америка ғалымы Д.Уотсон мен ағылшын зерттеушісі Ф.Крик – тұқым қуалаудың жұмбақ құпиясын,былайша айтқанда оның генетикалық белгілерін жария етті. Міне осыдан бастап, биологиядан сәл хабары бар адамдардың көпшілігі-ақ, ДНК-ны яғни, дезоксирибонуклеин қышқылының құдіретін білді. Тұқым қуалайтын құпияның құтысы осы екенін адамзат қауымы жаппай иланып ұқты. Бұл жаңалықты да кезінде сан саққа жүгіртіп, қиян-кескі күреске толы неше алуан қателіктер де жасалынды. Тіпті, дүлей меңіреуліктерге де барып, ар ұялар құрбандықтар да шалынды. Әйтседе, тіршіліктің шындығын мойындамауға болмайтынын өмір өзі дәлелдеп берді. Қысқаша тұжырымдай айтсақ, кез-келген тірі организм миллиардтаған клеткалардан тұрады. Осы клеткалардың ядросындағы хромосомдар тізбегінің ішінде - г е н д е р орналасады екен. Тұқым қуалаудыңтұтқасы – осы т е к болып табылады. Ендеше, біз ұсынып отырған - халық педагогикасы мен психологиясының 1-ші негізі, немесе адам тәрбиесінің физиологиялық бірінші кезеңі - "семья құруға дайындық және ұрық тазалығын" сақтаудың мәні осы т е к т і к тереңдікте жатқанын аңғару қиын емес. Олай болса, ескінің етегіне жармаса бермей, жаратылыстың өз заңдылықтарына ден қоятын мезгіл жетті.