ТІРІ ТАБИҒАТТЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ № 3.
КҮН
15-20 миллиард жыл.
Күн жүйесі æ¾éåñi
ЖЕРÐ
5 миллиард жыл.
БИОСФЕРА, НООСФЕРА
Атом және Жанды зат
ПАЛЕЗОЙ
Бір клетка, құрттар, губкалар
500 мит.жыл б.э. бұрын
Палеозойдың басы, тіршілік теңіз бен мұхит ò¾áiíäå
Сауытты ж/е буын қанатты балықтар
380 миллион жыл. б.э.б.
Палеозойдың ортасы Тіршілік құрлыққа шықты
280 милл. жыл. б.э.б.
Орманда-өрмекшілер, құрт-құмырсқа, жылан кесірткелер
Палеозойдың аяғы
Буын қанатты балықтардан төрт аяқты жануарлар
180 милл. жыл. б.э.б.
мезозой
Динозаврлар
110 милл. жыл. б.э.б.
Мезозойдың аяғы. Жанартаулар ж/е бүгінгі жер бедері
Жануарлар мен Адам тектес маймылдар
65 милл. жыл. б.э.б.
ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ
Жануарлар мен Адам тектес маймылдар
Адам-ата Хауа-Ана
ТАС ДӘУІРІ ПАЛЕОЛИТ
200 мың жыл. б.э.б.
Тағылық кезеңі
Жағарғы сатсы садақ аң
Төменгі саты
Орта от игеру
Түйсік ж/е қарапайым сана
Жабайылық кезеңі
ЖАҢА ТАС ДӘУІРІ НЕОЛИТ АНАЛЫҚ ҚОҒАМ
115 мың жыл. б.э.б.
Төменгі сатысы Ыдыс жасау
Орта сатысы Садақ аң аулау
Отбасылық тәрбие
Жабайылықтың жоғарғы сатысы
ҚОЛА ДӘУІРІ АТАЛЫҚ ҚОҒАМ РУДА ҚОРЫТУ
1 мың жыл. б.э.б.
КӨНЕ ГРЕК ЗАМАНЫ
Мәдениеттілік кезеңі
2,5 мың жыл. б.э.б.
РИМ ИМПЕРИЯСЫ
Көне Грек пен Рим педагогикасы
200 жыл жыл. б.э.б.
8 ғасыр б.э.
§4. ТҮЙСІКТІК АҚЫЛ МЕН ТҮЙСІКТІК ТӘРБИЕ-ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ
( Психо-физиологиялық жаңа көзқарас)
"Біліксіз қағандар отырған екен,
Жалтақ қағандар отырған екен.
Әміршілері де біліксіз екен.
Бектерінің, халқының ымырасыздығынан
Табғаш халқының алдауына сенгендігінен
Арбауына көнгендігінен,
Інілі-ағалының дауласқандығынан,
Түркі халқы елдігін жойды,
Қағандығынан айрылды.
Табиғаш халқына бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды"
КҮЛТЕГІН.
Жалпы адам баласының тағылымы мен тәрбиесінің бастауы жер бетіндегі тірі табиғаттың жетістіктерімен ұштаса дамып, оның ықылым замандардан бері қарай жинақтаған тәжрибелеріне сүйенумен қоса, жаратылыста бұрын-соңды болып көрмеген тіршіліктің адамға ғана тән мүлдем жаңа сипаттарын қалыптастырады. Оған мұндай жетістікті сыйлаған да сол тылсымы мол табиғат шебердің өзі болатын. Адамнан өзге тіршілік иелерінде жоқ сананың салтанат құруы, оны қоғамдық т ұ л ғ а ғ а дейін жетілдіре даралап жіберді. Бірақ, адам баласы қаншалықты а қ ы л м а н болғанымен ешуақытта да өзінің шыққан т е г і н ұмытпауы керек?! Өйткені, табиғат қойнауында жетіліп шыққан тіршілік иелерінің барлығына да ортақ, ешқайсысына да ерекшеліктер бермейтін биологияның өз зандылықтары бар. Бұл заңдылықтарды бұзған тіршілік иелері, түптің-түбінде азу мен тозудың дағдарысына ұшырамақ. Сондықтан да, адам өзі шыққан ортадағы тек биологиялық зандылықтарға ғана бағынатын күллі тірші-лік иелеріндегі түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбие жайын терең талдай зерттеу арқылы, уақыт өткен сайын азып бара жатқан ұрпағының т ә р б и е с і н дұрыс жолға қояр деген ү м і т бар. Осыған орай, адамның - шыққан т е г і болып саналатын тірі табиғаттағы түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбиеге аз-кем тоқталуды жөн көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: |