Совет–Хан Єаббасов



бет3/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   294
* * *
Абай: Балалық өлді,*
Білдің бе ?
Жігіттікке келдің бе ?
Жігіттік өтті,
Көрдің бе ?
Кім біледі, сен кәпір,
Баяндыдан сөндің бе ?
Баянсызға төндің бе ?
Әлде айналып,
Кім білер ?!
Боталы түйе секілді,
Қорадан шықпай,
өлдің бе ?..
* * *
* Бөліп, ажыратып жазған ‑ Совет‑Хан Ғ.
КІРІСПЕ.


І. ЗАМАНА СЫРЛАРЫ.
Бұл тақырыпты азды-көптi игеру үшiн, халқымыздың өткен тарихының кезең-кезеңдерiне қысқаша болса да аз-кем шолу жасамақпыз. Ол үшiн негiзгi тақырыптарды iрiктеу арқылы барынша нұсқалы мазмұнға жету басты шарт болмақ. Қай халықтың да елдiк салтына елеулi әсер ететiн туып-өскен жерiнiң аумағы, оның қоғамдық дамуының кезеңдерi, әр замандардағы мемлекеттiк құрылымдарының сипаты, мәдени дамулары мен тағылым тәрбиелерiнiң жүйелерiне ой жүгiрту көзделiнедi. Сөйтiп, оқушыларға кең мағлұмат берерлiктей нағыз оқу құралын жасау негiзгi мақсатымыз болып табылады. Оның үстiне, бiздер қай тақырыпты сөз етсек те, тек халықтың әр кезеңдерiндегi жасаған тағылымдары мен тәлiмдерiне ғана баса назар аудармақпыз.


1.ҰЛЫ ДАЛА

Жүрегiм, жырым сенiкi,


Кеңестi далам, кең далам.
Тудым өстiм, есейдiм,
Ен далам – Анам, мен балаң.
ІЛИЯС–дүлдүл.

Адамзат тарихында Ұлы дала жайында аз жазылған жоқ. Бірақ оның Ұлылығы мен Кұдіретін өз тұлғасына лайықты етіп, әлі күнге дейін бар шындығы айтылмағаны да анық екенін мойындау қажет. Тіпті, жазылған дүниелердің ішінде айтылатын жалған пікірлер мен қиянаттың молдығынан жанарың сүрініп, жан-дүниең құлазып азапты күйлер кешетінің де рас. Адам баласы өз ғұмырында жүріп өткен ұзақ-салқар тіршілік жолындағы тарихын бұрмаламай, ақиқатын айтып үйренбесе, оның т ә р б и е с і мен т ә л і м і н д е г і аса ауыр а қ а у л а р жалғаса бермек.


Жер бетіндегі далалардың ішінде Евразия құрлығы ғана - Ұлы дала аталынып - Хинған мен Карпат тауларының арасында ұзындығы - 7-8 мың шақырым, ал ені - 5-6 мың шақырымға созылып жатқан байтақ кеңістік қазіргі бірнеше мемлекеттерге иелік етіп отырған түркі тілдес халықтардың тербеліп өскен тал áåñiãi болып саналады. Сондықтан да олардың тұрмыс-тіршіліктері мен дәстүр - салттарына Ұлы даланың тигізген әсерлері, айта берсе тым ұзақ әңгімеге айналып кетері хақ. Ендеше, дала үстінде тіршілік еткен адамдарға тән бір ғана ерекшелікке көңіл аударсақ, олардың күллі тіршілік тағылымдары мен тәрбие‑тәлімдері табиғатпен үндесіп қана қоймай, негізгі биологиялық заңдылықтарды да бұлжытпай орындау, оларға тән аса үлкен ұлағат екенін айтпақпыз. Осы айтылғанның теңдессіз дара көрінісі... Қазақ халқында бүгінге дейін сақталынып отырған, "жеті атаға жеткенше қыз алыспау" дәстүрі, осының бірден-бір мысалы болып табылады. Мұндай дәстүрді жер бетінің басқа бөліктерінен кездестіру мүмкін емес. Ендеше, з а м а н а сырларын аша түсетін әр кезеңдердегі қоғамдық д ә у і р л е р г е тағылымдық нұсқада ғана сөз беруді жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет