ІШКІ СЕЗІНУ - ТЕЛЕПАТИЯ ?! Адам бойындағы бұл қасиет те көпшілігімізге белгілі. Бірақ, жан-дүниенің ашылмауынан – кез-келгеніміздің маңдайымызға жазылмаған да құбылыс екенін айта кеткен жөн сияқты. Әйтседе, өзінің ішкі дүниесіне мән беретін жандар өздерінің ең сүйікті адамдарымен бір жайсыздық бола қалса, міндетті түрде сезінбей де қалмайтыны рас. Мұндай уақиғаларды, адамдардың екісінің бірі айтып отырады. Бұл жайында жазылып қалған тарихи деректерде жетіп жатыр. Олардан мысал келтіріп, сөзді ұзартқанды жөн көрмедік.
ІШКІ ДӘМ мен ІШКІ ИІС СЕЗІНУ - жайында, көбінесе көне жазбаларда айтылады. Сол ескі замандарда адамдар и і с пен д ә м д і табиғатынан бейім, тағы жануарлардан бір де бір кем түспейтіндіктері жазылады. Тіпті, қайбір адамдардың и і с арқылы жоғалғанды тауып беру қасиеттері, иісшіл және ізшіл деген иттерден де артық болғандығын келтіреді. Міне, адамның Сыртқы бес сезімі мен ішкі бес сезімдері үндесе жетілгенде, оның бүкіл болымысындағы ж е т і л у мен т е р е ң д е у д і ң өрнегін танығандай боламыз.
Қорыта айтқанда, ғылымда бар ескі мен жаңаны салыстыра сөз етіп, бүгінгі адам тәрбиесіндегі жіберіліп отырған ағаттықтарды кешеуілдете бермей, ең әуелі мемлекетіміздің деңгейіңде шешіп, содан соң, бірте-бірте адамзаттық мәселеге айналдыру арқылы, туған еліміздің абыройын қаншалықты асқақтатқан болар едік. Тек бұған пендешіліктен биік, азаматтықпен астасқан сана керек. Сонда ғана Ел болып егемендігіміздің де игілігін сезінер едік. Жалпы АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫН – Хауас, Имани гүл, Жәуанмәрттілік - ілімдерін жасау арқылы Әл-Фараби ашса, оның ақырғы формуласын – "толық адам, нұрлы ақыл" – деп Абай қортындылап, Өмірдегі алар орны мен механизмін – Біздер ұсынып отырған жаңа ілім орнына келтіреді. Бұл іске кері кеткендер керағарлық жасамаса – орындалары анық ақиқат! Ендеше, Алла жар болып, арманымыздың ақ жолын берсін.
* * *
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз ..........................................................................................................