17.Өнімнің унификация және стандарттық көрсеткіштері деп нені айтамыз? Қасиеттердің өлшемі ретінде өнімнің сипаттамаларында айқындалған сапа көрсеткіштері қызмет етеді. Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы. Өнімдердегі стандарттардың ж-е біріздендірілген өнімдердің, компоненттердің, жеке элементтердің пайдалану деңгейін сипаттайды.
Унификацияның соңғы мақсаты- стандарттау бол.таб. құрамы мен құрылым берілген ж-е туынды қасиеттердің, сонымен қатар,дайын өнім мен жартылайфабрикаттардың сапасыз өнімнің аспазын өңдеу өндірістің технологиялық параметрлер әсерін қарастыру үшін модельдік жүйені алуға мүмкіндік береді.Өнімнің стандартты, унификациялық және негізгі құрама бөліктерінің қаныққандылығын, сонымен қатар басқа бұйымдармен унификациялану дәрежесін, яғни нақты өнімде стандартталған бұйымның қолданылу дәрежесін, жинақтаушы бірліктердің, өнімнің блоктарын және басқа да құраушы бөліктерін сипаттайды. Бұл көрсеткіштер стандартталған және унификацияланған элементтердің бұйымның конструкциясындағы қолдану дәрежесін көрсетеді.
Стандартталынғандарға халықаралық, мемлекеттік, салалық және аймақтық стандарттарға негізделіп жасалынған өнімнің құрамдас бөлігі жатады.
Унификацияланғандарға өнімнің келесі құрамдас бөліктері кіреді:
-кәсіпорын стандарты бойынша дайындалады және дәл осы немесе көрші кәсіпорындар шығарған кем дегенде екі типономиналда немесе бұйым түрлерінде қолданылады;
-кооперация ретінде жинақтаушы құрама бөлік ретінде кәсіпорын дайын түрде алады.
-Түпнұсқа ретінде нақты өнім үшін алдын-ала жобаланған және кем дегенде екі номиналда немесе екі бұйымда қолданылады.
18Өнімнің ресурс бағалау, сенімділік көрсеткіштерін түсіндіріңіз Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің
мөлшерлік сипаттамасы.Өнімнің сапасы мен бәсекегеқабілеттілігін анықтауда сенімділік көрсеткіштері маңызды рөл атқарады, себебі мүлтіксіз бұйым, сенімділіктің қажетті деңгейіне ие болмаса, сенімділік көрсеткіштері мәндері бойынша белгіленген функцияларды атқара алмайды. Сенімділік пен техникалық қызмет сақтауда ж-е тасымалдауда берілген мерзімде талап етілетін функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын уақыты мен орнатылған барлық параметрлерді сақтайтын объектілердің қасиеттерімен түсіндіріледі. Өнімді сенімділік көрсеткіші нормативті-техникалық құжатта бекітілген қатаң анықталған температуралық ж-е ылғалдылық мерзімінің анықталған уақыт бойы дайындалуымен кепілденетін сақтағыштығы бол.таб. ал стандартталмаған өнімдер үшін сапаның сақталу қасиеті ҚР денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген санитарлық нормалармен,ережелермен сәйкес орнатылады.
Сенімділік көрсеткіштеріне жататындар:
Ұзақтығы-техникалық қызметтің ж-е жөндеудің орнатылған уақыты не шектелген жағдайы пайда болуға дейін тауардың жұмыс қабілетін сақтай алу қабілеті.
Қарсылық көрсетпеу-тұтынушыда пайда болатын қауіпті ж-е зиянды факторлардың әсерінен адамды ж-е қоршаған ортаны қорғау деңгейін сипаттайды. Жөндеуге жарамдылығы- анықталған мерзімде ешқандай шығынсыз тауарлардың өзіндік сапалы ж-е сандық сипаттамаларын сақтау қабілеті
Сақтағыштығы- белгілі мерзімде шығынсыз тауардың өзіндік сапалы ж-е сандық сипаттамаларын сақтау қабілеті.
Сенімділік – объектінің, қолдану, қызмет көрсету, жөндеу мен тасымалдаудың белгіленген режимдері мен жағдайларында қажетті функцияларды орындау мүмкіндігін сипаттайтын барлық параметрлерінің маңыздылығының белгіленген шектерінде, қасиетін сақтау қасиеті. Сенімділік күрделі қасиет болып табылады, объекті мен шарттардың тағайындалуына байланысты оның қолданысы келесі қасиеттердің үйлесімділігінен тұрады: мүлтіксіздік, өміршеңдік, жөндеуге жарамдылық, сақталымы.Нақты объектілер мен оларды эксплуатациялау жағадайлары үшін бұл қасиеттер әр түрлі салыстырмалы мәнге ие болады.
Мүлтіксіздік – объектінің белгілі бір уақыт ішінде немесе белгілі бір атқарым ішінде жұмысқақабілетті күйін үздіксіз сақтау қабілеті.
Өміршеңдік – объектінің, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің орнатылған жүйесі кезінде шектік күйдің орнауына дейінгі жұмысқа қабілетті күйін сақтау қабілеті.
Жөндеугежарамдылық – бүлінулер мен зақымданулардың туу себептерін анықтауға, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу жолымен жұмысқақабілетті күйін сақтау мен қалыпқа келтіруге бейімділігінен көрінетін объектінің қасиеті.
Сақталымы – объектінің сақтау немесе тасымалдау мерзімінде мүлтіксіздік, өміршеңдік пен жөндеугежарамдылық көрсеткіштерінің маңыздылығын сақтау қасиеті.