Спорттағы жаттығу және жарыс іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері қ.І. Адамбеков


Тҥйін  Бҧл мақалада адам ағзасына дене мәдениетінің денсаулыққа қалай жер ету мәселесі қарады.    Summary



Pdf көрінісі
бет27/29
Дата09.03.2017
өлшемі2,37 Mb.
#8688
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Тҥйін 
Бҧл мақалада адам ағзасына дене мәдениетінің денсаулыққа қалай жер ету мәселесі қарады. 
 
Summary 
The question of the influence of the sanitary physical culture in article on organism of the person. 
 
ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҦЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӚТКІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ 
 
Е.Е. Оспанкулов А.М. Байгалиев – Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары 
 
Әскери-спорттық ойындар арқылы жасӛспірімдер бойында ҧлттық патриоттық сезімдерді қалып-
тастыру. 
Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының парызы мен міндеті екендігін тҥсіндіру. 
Жоғары дене дайындығына және Президенттік тестті орындауға ҧмтылдыру. Алғашқы әскери дайын-
дық пәнін жақсы оқып, меңгеруге дайындау. Халқымыздың ерлік, жауынгерлік тарихын қадірлеуге тәр-
биелеу.  Оқушыларға  ҥйірме  жҧмыстары  және  әскери  қолдану  жарыстары  кең  кӛлемде  айналысуына 
жағдай жасау. Халқымыздың және Қарулы кҥштеріміздің ӛткен ӛжет ерліктерін ҥнемі оқытып, наси-
хаттап  есте  ҧстау.  Отаншылдық  елжандылық,  ерік-жігер  тәртіптілік,  ерлік  сезімдерін  қалыптастыру. 
Әскери-спорттық  ойындар  арқылы  оқушыларды  әскери  сапта  жҥруге  пәрмендерді  орындауға  әскери 
тәртіпке ҥйрету. Әскерге шақырылуға дейінгі жасӛспірімдердің дене дайындығын жетілдіру. 
Адам  баласының  әрқайсының  ӛз  ӛмір  жолы  болатыны  тәрізді,  кез-келген  халықтың,  қоғам  мен 
мемлекеттің ӛз тарихи ғҧмыры бар. Ол кӛне тіршілік кӛшінде сан алуан кейіпте кӛрініп келе жатқан 
кҥрделі процесс әр ҧрпақ ӛзінің бҧрынғы ҧрпақтың жалғасы болғанынан, ӛз дәуірінің шыңырауына 
ҥн қосып, ӛз соқпағын іздейді. 
Әлем тарихында патриоттық тәрбие және әскери патриоттық туралы білім ғасырларға тамырымен 
терең  кеткен.  Әлемдегі  ӛркениеттің  дамуындағы  ерекшеліктер  дінмен,  салт-дәстҥрлермен,  әртҥрлі 
этникалық факторлармен ӛлшенген. 
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз патриоттық тәрбие беруді қазақ әтнопедагогикасының негізін-
де қарастыруды тиімді деп есептейміз. Ӛйткені жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс  еуропалық 
және американдық ҥлгіні қабылдап бара жатқанға ҧқсайды. Сондықтан халықтық педагогика негізін-
де студенттердің бойына патриоттық сезімді қалыптастыратын болсақ, Қазақстаннның даму жолында 
ӛзінің  сара  жолы  болады  деп  есептейміз.  Қазақстан  әрі  батыс, әрі шығыс елі  ерекше  ортада  тҧрған 
кӛп ҧлтты мемлекет. 
Әрбір қоғамның даму, ӛрлеу сәттері болады. Бҧл ретте ХХ ғасырдың соңғы жетпіс бес жылы тҥрік 
ғасыры  болды.  Тҥрік  тарихының  терең  болғанымен,  оның  гҥлденген  ӛркениетке  жеткен  тҧсы  осы 
ғасыр.  Оның  ең  бастауы,  тҥп  қазығы  тҥрік  идеясы  мен  тҥрік  патриотизмінде  дер  едік.  Егер  ғасыр 
басында тҥріктер бар болғаны он екі миллионға жетер жетпес болса, бҧл кҥнде олар алпыс тӛрт мил-
лионнан  асып  жығылады.  Мҧстафа  Кемал  Ататҥрік  Тҥрік  Республикасын  жария  ете  салып,  ҧлт 
алдында тҧрған негізгі міндеттерді ҧсынды. Оның ең бастысы – дҥниеге адам баласы тең болып келе-
ді,  ендеше  тҥрік  ҧланы  жерге  қарама,  еңсеңді  кӛтер  нәсілің  тҥрік  екеніне  мақтан  деген  ҧстамды  әр 
жҥрекке шырақ етіп жаға білді. Тҥрік мемлекеті еуропаға есігін ашып қана қоймай, ӛзі де батыс пен 
шығысқа жол салды. Әскери доктринасы кҥшейді, НАТО-ға кірді. Енді ол басқа бір елдің қабағына 
қарап қана қоймай, ӛзге бір елдерді ӛз қас-қабағына қарата бастады. Ал бҧл тікелей тәуелсіздік идея-
сын тҧтатты. Сӛйтіп Ататҥрік: «Тҥрік ҧланы! Бірінші міндетің: Тҥрік тәуелсіздігің, Тҥрік тәуелсізді-
гін мәңгі сақтау және қорғау болып табылады» – деп айтып қана қоймай, оны кӛз кӛретін жерлердің 
бәріне тасқа ойып жаздырды. Ҧлттың рухы асқақтаған халықтың тілегі тоғысқан сәті осы еді. Мҧндай 
елді жеңу мҥмкін бе? 
Біздерге де ойлануға тура келетін кездер келді деп ойлаймыз. Кең байтақ жеріміз бар қазақстан-
дықтардың асқақтап шарықтауға мҥмкіншілігі мол. 
Шығыс  елдерінде  патриоттық  тәрбиеге  әсіресе  әскери-патриоттық  тәрбиеге  аса  кӛңіл  бӛлген.  Бҧл 
тҧрғыда  жапондықтар  ҥлгі  кӛрсетеді.  Орыс  тарихшысы  А.А.  Строев  «жапондыққа  балалық  шағынан 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 2 (33), 2012 ж. 
 
179 
мемлекеттің идеологиясы ҥшін әр уақытта ӛзін қҧрбандыққа шалуға дайын болуын қҧлағына қҧяды» – 
деп жазған. Ал қытайда әскери патриоттық білім беру мемлекеттік идеологиямен бір қатарда. 
Қазіргі кезеңде Америка Қҧрама Штаттары ӛз азаматтарының патриоттық сезімдерін балалық ша-
ғынан тәрбиелейді. Қҧрама штаттарда мектеп қабырғасынан бастап тәуелсіздік декларация дегеніміз 
не? деген мен қатар Американың негізін қалаушы президенттерінің аталы сӛздерін оқып ҥйренеді. 
Азаматтарды  әскери  қызметке  дайындап  патриоттық  сезімін  қалыптастыру  қазіргі  кезде  батыс 
европаның барлық елдерінде қолға алынған. Мысалға, Германия, Ҧлыбритания, Франция мектепте-
рінде  және  жоғары  оқу  орындарында  офицерлерді  дайындауда  арнайы  пән  ретінде  әскери  кәсіптік 
бағытын қалыптастыруда оқытылады. 
Біз ӛз жҧмысымызда қазіргі кезеңдегі жастардың отанының әскер қатарында кӛрінуіне деген тал-
пынысын арттыруын ҧлттық тәрбиенің маңызынан кӛрсетеміз. 
Патриоттық  тәрбие  берудің  ҥлгісін  біз  ӛзіміздің  ғылыми  жҧмысымызда  патриот  студент  ҥлгісін 
жасауда кӛреміз. 
Этнопедагогиканы зерттемей және пайдаланбай жеке адамды толыққанды тәрбиелеу мҥмкін емес. 
Қазіргі кезде қоғам алға қойып отырған тәрбие міндеттерін шешуде әтнопедагогика дәстҥрлері мен 
тәжірибесін  педагогика  ғылымының  әдістемелік-теориялық  қағидаларымен  біріктіруді  кӛкейкесті 
мәселе ретінде қарастырған. 
Халық педагогикасындағы жауынгерлік дәстҥрлерді кешенді тҥрде зерттей келе біз ӛз еңбегімізде 
студенттерге патриоттық тәрбие беруде қолданамыз. Студенттерге патриоттық тәрбие берудің тари-
хи-педагогикалық  кӛздері  қазақ  халқы  батырларының  ерлік  істерінің  тарихи  деректеріне  талдау 
жасай  келе,  қазақ  халқының  басынан  ӛткен  тарихи  жағдайларға  байланысты  патриотизмнің  дамып 
қалыптасуының тарихи алғы шарттарын қарастырамыз. 
Біз ӛз жҧмысымызда студенттерге халықтық педагогика негізінде патриоттық тәрбие беруді қарас-
тырамыз. 
Халық мҧрасындағы ірі тҧлғалардың тәрбиелік мәнді істерін оқу-тәрбие процесінде және сабақтан 
тыс іс-шараларда қолдануды қолдаймыз. 
Біз  ҧлттық  спорт  ойындарында  патриоттық  тәрбие  берудің  студенттердің  бойында  патриоттық 
тәрбие қалыптастыратынын ӛзіміздің ғылыми еңбегімізде талқылап қарастырып тәжірибелік жҧмыс-
тарда қолданамыз. 
Халықтық педагогикадағы атамекенге сҥйіспеншілікті дамыта отырып біз студенттердің бойында 
патриоттық сезімді тәрбиелеуді ҧсынамыз. 
Ғылыми зерттеулерді оқып-ҥйреніп талдауда, педагогикалық тәлім-тәрбиеде, студенттерге патри-
оттық тәрбие беру ғылымының теориясын ӛз алдына дербес проблема ретінде анықталғанын және ол 
ҥнемі зерттеп отыруды қажет ететіндігін кӛруге мҥмкіндік берді. 
Біздің ойымызша патриотизмге негізделген тәрбие жҧмысын жҥргізуде жоғары оқу орындары сту-
денттері  проблемасы  ерекше  мәнге  ие  болады.  Себебі  студенттер  болашақ  маман  ретінде  қалыпта-
сып,  ӛмірлік  ҧстанымын  айқындап,  ӛркениетті  елдер  қатарына  қосылуда  ӛздерінің  ҥлкен  септігін 
тигізеді. 
Ӛркендеудің  қҧтты  қасиеті  іспеттес  бір  ҧғым  бар.  Ол  –  патриотизм.  әрине,  мәселе  кӛп  шуылда 
емес, бҥлкілдеген кҥре тамырды бойлап қуалап, санды-санаға бәтуаны-берекеге айналдыруға кӛмек-
тесетін сиқырлы сезім жайлы. Ол томағы-тҧйыққа емес, салмақты салиқалыққа бастайды, жансызға 
жан  береді.  Ортақ  иманға  айналса,  алмайтын  қамалы  жоқ.  Осының  бәрін  бір  ғана  «патриотизм» 
деген»  ҧлы  ҧғымға  сиғызсақ,  уақыттан  алыс  кетпес  едік  деп  ойлаймыз.  Ӛйткені  ол  ӛзің  жаралған 
топырақпен ӛскен ортаға деген ізгі сезімді ғана білдірмейді. Аясы әлдеқайда кең ҧғым. Тіршілікте тӛл 
табиғи орта ерекшеліктерін тиімді пайдалану, алғы ҧрпақтар тәжірибиесі арқылы жинақталып, тари-
хи зерде кілтіне айналған патриотизмді ӛркениет мҥддесіне қолдана білу де сол тектен. Ең бастысы 
елдің  бірлік,  халықтың  қасиет-қазыналарын  қастерлеу  мен  ертеңге  деген  сенім  сияқты  сезімдерді 
оятатын да осы патриотизм. Оның қоғам дамуына айрықша орын алатын қҧдіретті рухани факторға 
айналуының сыры да осында жатыр. 
Отан  дегеніміз  –  халық.  Халық  дегеніміз  –  адам.  Адамды  сҥю  оған  жақсылық  жасау,  жанашыр 
болу – адамгершіліктің белгісі. Ендеше отаншылдық – сонау ерте замандардан қалыптасып келе жат-
қан қасиетті сезім. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Біздің тағы бір аса маңызды идеоло-
гиялық міндетіміз – Қазақстандық отансҥйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың ӛзін-ӛзі айқын билеу-

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 2 (33), 2012 г. 
 
180 
ін қалыптастыру. Шынайы отансҥйгіштікті нағыз азаматтықты қалыптстыру жеке бастың ӛзін саяси 
тҧрғыдан айқын сезініп, ӛз Отанын саналы тҥрде таңдауын кӛздейді» делінген. 
Ата-бабаларымыз  «Адал  адам  Отанын  сҥйеді».  «Адал,  ақ  жҥрекке  Отан  –  анасындай».  Отанға 
деген махабатты ӛлшеуге болмайды деген болатын. Осы айтылғандар халықтың асыл ойының тҥйіні 
мақал-мәтелдерден  ӛзекті  орын  алған.  Мәселен,  жас  ҧрпаққа  ел  қадірін  «Ӛз  елің  алтын  бесігің», 
«Отан – оттан да ыстық» «Туған жерге туыңды тік», «Кісі елінде сҧлтан болғанша, ӛз еліңде ҧлтан 
бол», «Жекен жерінде кӛгерер, ер елінде кӛгерер» деген асыл сӛздермен білдірген. Жастарды кіндік 
кесіп, кір жуған жері ҥшін, әлпештеп ӛсірген елі ҥшін қасық қаны қалғанша жаумен жағаласа білетін, 
Отанын шын сҥйетін батыр етіп тәрбиелеуді кӛздеген халық ӛзінің ӛлең-жырларынан, аңыз әңгімеле-
рін, мақал-мәтелдерін осы тақырыпқа арнаған. Сондықтан лиро-әпостық, батырлар жырларының бас-
ты кейіпкерлері ата-анасы, сҥйген жары, туған жері, ӛскен елі ҥшін жаумен кескілесе кҥрес жҥргізіп, 
ерлікпен даңқын шығарған халықтың сҥйікті ҧл-қыздары болып келеді «Отан ҥшін отқа тҥс, кҥймей-
сің, Арың ҥшін алыс, ӛлмейсің», «Ер жігіт ел ҥшін туады, ел ҥшін ӛледі», деп халық ӛз ҧрпағын Ота-
нын сҥюге шақырады. 
Кӛп ҧлтты Қазақстан Республикасы ҥшін патриоттық сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, 
азаматтық келісімге ғана емес мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. 
Патриоттық рух – қазақ елінің әлемдік ӛркениетті елдер кӛшіне қосылып дҥниежҥзілік қауымдас-
тықтан лайықты орын алуға мҥмкҥндік беретін бірден-бір кҥш. 
Патриоттық сезім ӛрге бастайтынын ӛз ҧлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Кейде шір-
кін  бір  ӛзіне  бірнеше  мемлекет  сыйып  кететін  ҧлан-байтақ  жерді  ата-бабамыз  сан  ғасырлар  бойы 
қанаттыға қақтырмай, тҧмсықтыға шоқтырмай қалай аман сақтаған деп таңданамыз. Ӛз сауалымызға 
ӛзіміз жауап тауып «Найзаның ҧшымен, білектің кҥшімен, ақылдың ісімен» – деп мақтанамыз. Ешбір 
қатесі жоқ. Тегеурінді кҥштің тетігі жҥрек қуатынан нәр алғанда ғана қозғалысқа келмек. Ҧлан май-
дан  ҧлы  істе  де  жеке  дара  жекпе-жекте  де  рухы  мықты  ҧтады.  Жайшылықта  әрқайсысы  бір  тҥйе 
айдап, жеке жайылатын жҧртымыздың ел басына кҥн туғанда бір тӛбеге жиылып, бір ауылына ҧюы, 
бір жағадан бас, бір жеңнен – қол шығарып, тастҥйін тегеурінді кҥш болып аттануы осындайда бәрі-
мізді  танытар  сҥйеніш  ретінде  қарайды.  Оның  аясы  әдеттегі  тарихи  ойланым  зердесінен  кеңірек. 
Қазақ қоғамының бҥгінгі сипаты және оның алдында тҧрған қазіргі тың тҧрпатты міндеттерге сәйкес 
ӛріс алған. 
Ежелгі ата-бабаларымыздың кҥмбірлеген кҥміс кҥйі, сыбызғы-сырнайының ҥні, асқақтата салған 
әсем әні, ғашықтық жырлары, шешендік сӛз, айтыс ӛнері, ою-ӛрнектері мен бостандық ҥшін жері мен 
елін қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандарды ғасырлар бойы ӛз ҧрпағын ӛнегелі де 
ӛнерлі,  адамгершілік  ар-ождан  жоғары  намысқой  азамат  етіп  тәрбиелеп  келгені  тарихи  шындық. 
Олай  болса  тәуелсіздік  туы  желбіреген  егеменді  еліміздің  болашақ  патриот  ҧрпағын  тәрбиелеуде 
олардың  бойына  ізеттілік,  қайырымдылық,  кішіпейілділік,  әдептілік,  елін,  жерін,  Отанын  сҥюшілік 
секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде осы ҧлттық қҧндылықтарды оқу-тәрбие проце-
сінде басшылыққа алсақ, ол ӛте ҧтымды болар еді. 
Н.Ә. Назарбаев ҧсынған жаңа ҧлттық идеяның мазмҧны да қоғамдық дамуға басқаша, осы заманғы 
тҧрғыдан қарау ҥрдісіне сай айқындалған. «Кӛп ҧлтты Қазақстанда жалпы ҧлттық мҥдделерді жҥзеге 
асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол қазақ ҧлтының біріктіруші рӛлі жағдайында бар-
лық  халықтардың  теңдігін  қамтамасыз  ету»  –  деп  жазды  ол  «Қазақстанның  болашағы  –  қоғамның 
идеялық бірлігінде» – деген еңбегінде. 
Біз бҧл жерде екі мәселеге айрықша назар аударып қарастырамыз: 
Бірінші – қоғамның кӛп ҧлттылығын тҧрақты бірлестіруші факторға айналдыру. Яғни, сыртынан 
қарағанда,  әрқилы  алауыздықтардың  негізгі  себебі  болуға  тиіс  осалдықтардың  ӛзінен,  алға  басуға 
кҥштірек қарқын беретін артықшылық жасау ниеті. 
Екінші – қазақ ҧлтының қоғам ӛміріндегі біріктіруші рӛлінің атап кӛрсетілуі. Яғни, оның мемле-
кеттің тағдыры ҥшін, ең алдымен ӛзі жауапты екендігінің ашық айтылуы. әрине біріктірушілік мінде-
тін атқару – қоғамның әртҥрлі әлементтері арасында жай байланысшы болу дегеннен гӛрі кҥрделілеу 
ҧғым,  ол  ҥшін  солардың  қоғамдық  ортақ  тірлігінің  ҧйқасында  жаңа  қауымдастық  шын  мәніндегі 
негізгі ҧлттық тірегіне айналу керек. 
Елбасы  ӛзінің  теориялық  еңбектерінде,  мақалалары  мен  сӛздерінде  «қазақстандық  патриотизм» 
деген ҧғымда әр қырынан ашып кӛрсетіп келеді. Ол ҥшін ӛз отандастарының, ғылыми тілмен айтуын-
да қоғам организміндегі ӛзінің саяси еркіндігін айқын сезінетін және ӛз Отанын саналы тҥрде таңда-

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 2 (33), 2012 ж. 
 
181 
ған азаматтар болуы шарт. 
Сонда ғана әрбір азамат ӛзін мемлекетінің ӛткеніне, бҥгініне және ертеңіне тікелей қатысын сезініп, 
Отан  тағдыры  ҥшін  ӛзіне  жеке  жауапкершілік  жҥктелетінін  терең  пайымдайтын  болады.  Ел  ӛміріне 
қатысты сан алуан проблемалардың баршаға бірдей жақын әрі тҥсінікті болуы да осыған байланысты. 
Әрине, Қазақстанды шын мәнінде ӛз Отаны деп санаған адам басқа елдерге жалтақтап солардың 
кӛмегімен ӛзіне әлдебір жеңілдіктер алуға, немесе болған артықшылықтарын сақтап қалуға ҧмтылмас 
еді. Бірақ отандастармен тағдыры ортақ екендігін терең сезінген жан басқа тҥскен қиындықтарды да 
бірлесе кҥш жҧмсап жеңуді ойлары анық. Ӛздерін казактардың кӛсеміміз, орыс тілділердің тілеуқо-
рымыз  деп  кеуде қағатын,  қазір  тағы  да  бізде  бірнеше  мемлекеттік  тіл  мен  қос  азаматтық  болмаса, 
республикадағы демократияның кҥні қараң қалады деп бай-балам салып жҥрген кейбір саясатшылар-
дың  елге  іріткі  салатын ыландарының  сыртында белгілі  бір кӛзқарас  жатқанын  ҧмытуға  болмайды. 
Оларға  тәуелсіздік  деген  сӛз  тҥрпідей  келеді.  Тіпті  жан-жақты  байланысты  нығайту,  кең  араласу, 
келісім мен ынтымақтастықты нығайту деген ҧғымдарға кӛбіне біржақты ғана қарайтыны байқалады. 
Осы  орайда  қазақ  ҧлтының  қоғамдағы  біріктіруші  рӛлін  кҥшейту  деген  қағидаға  тағы  бір  орала 
кеткен  жӛн  сияқты.  Бҧл  процестің  нәтижелі  ӛрбуі  тек  қазақтарға  ғана  байланысты  емес  екендігін 
ашық айту керек. 
Бҧл ретте Ә.Нҧршайықов «қазақстандық патриотизмді» қазақ ҧлтының мҥддесімен байланыстыра 
келіп  басқа  ҧлттар  мҥддесін  жоққа  шығармайтын  келелі  пікір  айтады.  Ол  азаматтардың  қҧқықтық 
еркіндігі, басқа ҧлттардың қазақ халқының дәстҥрін сыйлауы, олардың қазақ мемлекетінің намысын 
қорғауы, қазақ елін жатсынбай, жҥрегімен сҥйе білуі, ҧлттық тіл, діні, ділімізді сақтауға кедергі жаса-
май қолдау тауып жатса міне, осыларды қазақстандық патриотизмнің белгілері деп санайды. 
«Патриотизм» ҧғымын талдай келе ол: «патриотизм дегенде, әуел бастан ақ туған жерін, ана тілін, 
елдің әдеп-ғҧрпы мен салт-дәстҥрін қҧрметтеп, қастерлеген. Бҧл патриоттық сезім ерте заманнан-ақ 
қалыптасқан Мҧның терең мағынасына ҧлтжандылық жатады», – деп кӛрсетеді. 
Жоғарыдағы  ой  тҥйіндерінен  байқағанымыз,  бҥгінгі  кҥні  бейбітшілік  заманда,  демократиялық 
бағыт ҧстанған Қазақстанда патриотизмге жаңа кӛзқарас қалыптастыру мәселесі туындап отыр. Мем-
лекетіміздің  тәуелсіздік  алған  жылдары  әскерден  жаппай  қашу  бҥгінде  тоқталып  Отанды  қорғауға 
деген патриоттық сезім арта тҥсуде. 
Патриоттық сезіммен, рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес мемлекет-
тің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. 
Оны  былай  қойғанда  әрбір  ҧлттық  экономиканың  ӛз  табиғаты,  ӛз  даму  заңдылықтары  бар.  Ӛз 
тамырынан ӛршітпесең бҧтағын кесіп бҧтарлап биіктетуге кӛне бермейді. Ӛркендеуге де ӛзегі қанша 
ӛркениетке сҥйенгенмен ӛз тілін білетін ӛндіргіш кҥш керек. Бҧл әлемдік тәжірибие әбден мойындат-
қан шындық ӛз керуенін тҥзеген мемлекет мҧны қалай ескермессің! Ҧлы Абай атамыз «Басқа тілдің 
бәрін біл, ӛз тіліңді қҧрметте» – деген ғой. 
Қалайда  тӛл  теңгеміздің  айналымға  енуі,  еліміздің  ақ  ниетті  азаматтарының  бәрінің  патриоттық 
рухын бір кӛтеріп тастаған оқиға болғаны сӛзсіз. 
Патриоттық рух – қазақ елінің әлемдік ӛркениет кӛшіне қосылып, дҥние жҥзілік қауымдастықтан 
лайықты орын алуына мҥмкҥндік беретін бірден-бір кҥш. Кӛп ортасында кӛзге тҥсу ҥшін де кемел бол-
мыс керек. Тӛл тарихы, мәдениеті мен ӛнері, экономикалық қуаты жоқ ел басқаларға да қызықсыз. Ал 
оларды кең таныту ҥшін алдымен қадыр-қасиетіңді ӛзің жақсы білуің, мақтаныш ете алуың керек. 
Отаныңды сҥю дегеннің мән-мағынасы да осылай ашылады. Оған орынды мақтанышпен қоса кем-
шіліктің орнын толтыруға деген қҧлшыныс пен қиындыққа қайыспай тӛзе білу де қосылады. Елдікті 
ҧлттық намысты бәрінен жоғары қою – отансҥйгіштіктің ең басты белгісі. 
Елдік қасиеттер аспаннан тҥспейді, жоқтан жаралмайды. Ӛзі туған топырақ тозаңы және ана сҥті-
мен ҧйыған ҧлтжандылық сыртында, ӛскен ортасы мен азамат ретінде қалыптастырған қоғамы дары-
тар терең де текті дҥниетаным негізінде ғана тҥзеледі: Президент Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық 
патриотизмге тәрбиелеу ісін жаңа мемлекеттік идеологияның аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде 
алға тартуының сыры да осында жатыр. «Ал оны елдің туын, елтаңбасын, әнҧранын қастерлеу-
ден, заңды ӛкіметті қҧрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек» – деп жазды. 
 
1. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». ҚР Президенті Қазақстан халқына жолдауы. 28 ақпан. – 
Астана, 2007. 
2.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы.  Конституция  1995  жылы  30  тамызда  республикалық 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 2 (33), 2012 г. 
 
182 
референдумда  қабылданды  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  Жаршысы,  1996  жылғы  N4,  217-құжат 
(Қазақстан Республикасы Парламентінің басылымы). 
3. Студент жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Әдістемелік қүрал. – Алматы: ӚКБ «Қаз-
білімжабдық», 2003. – 34 б. 
4. Студент жастардың кісілік келбетін халық педагогикасы негізінде қалыптастыру. Оқу құралы. – Алматы, 
2004. – 50 б. 
5.  Джанабаева  Р.А.,  Үзақбаева  С.А.  Қазіргі  қоғам  және  патриоттық  тәрбие.  //  Оқу  қүралы.  –  Алматы: 
ӚКБ «Қазбілімжабдық», 2005. – 94 б. 
6.  Нұршайықов  Ә.  шығармаларының  патриоттық  тәрбие  берудегі  мәні.  Әдістемелік  құрал.  –  Алматы, 
2005. – 34 б. 
7.  Джанабаева  Р.А.  Оқушылар  мен  жастарға  патриоттық  тәрбие  беру  түжырымдамасы.  –  Алматы: 
Абай атындағы Қазақ  әкспорттық педагогикалық университеті, 2005. – 20 6. 
 
Резюме 
Сформировать патриотическое воспитание у студентов с помощью дисциплины «Военно-спортивные игры». 
 
Summary 
In this article is considered Form patriotic education beside student by means of discipline "Military-athletic plays". 
 
БҤКІЛӘЛЕМДІК ТАЕКВОНДО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ (WTF) ЖАРЫСТЫҢ САЙЫС 
ТҤРІНІҢ ӚТІЛУ ОРЫНЫ ЖӘНЕ ЖАРЫС ЕРЕЖЕСІ 
 
С.Кунай – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Алғашқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» 
кафедрасының аға оқытушысы 
 
Бҧл мақаланың мақсаты – Бҥкіләлемдік Таеквондо Федерацияның (WTF) жарыстың сайыс (керуги – 
таеквондо  терминімен  айтқанда)  тҥрінің  ӛтілу  орыны  мен  жарыс  ережесінің  негізгі  шарттары  мен 
қағидаларын кӛрсету. 
Таеквондоның (WTF) жарыс ӛтілу алаңы жазық арнайы тегіс маттармен тӛселген 8м×8м ӛлшемде-
гі кең алаңқай болады. Жарыс алаңы негізі 1 м биіктіктегі платформаға орнатылады, сыртқы шекара-
ның бір бӛлігі 30 градустан кем емес кӛлбеу болуы керек, ол жарысқа қатысушылардың қауіпсіздігін 
қамтамасыз етеді (1). 
Жарыс орының шекарасының анықталуы. 
Сайыс алаңының шетіндегі сызықтар алаңның шекарасы болып саналады. Ілгерідегі шекараға, тір-
кеушінің  ҥстелімен  дәрігерлік  комиссияның  ҥстелі  жапсарлас  орналастырылған,  ол  1-ші  шекара 
болып  есептеледі.  1-ші  шекарадан  сағат  тілімен  жҥргізілген  шекаралар  2,  3  және  4-ші  шекаралар 
болып есептелінген. 
Орын белгілері: 
-
 
реферидің орыны, 3-ші шекараға сайыс алаңнан 1.5 м қашықтықта орналасқан; 
-
 
тӛрешілердің орыны, 1-ші тӛрешінің орыны, 1-ші шекарамен 2-ші шекараның бҧрышында орна-
ластырылып,  2-ші  тӛрешінің  орыны  2-ші  шекарамен  3-ші  шекараның  бҧрышында,  3-ші  тӛрешінің 
орыны, 3-ші шекарамен 4-ші шекараның бҧрышында, ал 4-ші тӛрешінің орыны, 4-ші шекарамен 1-ші 
шекараның бҧрышында тҧрақтанады; 
-
 
тіркеу орыны, 1-ші шекарадан 2 м артта 1-ші шекарамен 2-ші шекараның қиылысуында орын тепкен; 
-
 
дәрігер орыны, сайыс алаңының оң жақ шекарасынан 3 м жерде тҧрады; 
-
 
жарысқа қатысушылардың орыны, жарыс алаңынан 1 м оң жақ және сол жақ қашықтықта орнығады; 
-
 
жаттықтырушының орыны, жаттықтырушы алаң ортасынан 1м  шектеулі сызықта отырады; 
-
 
жарысқа қатысушылардың алдындағы тӛрешінің орыны, спортшылардың қорғанысты жабдық-
тауын тексеру ҥшін сайыс алаңына кіруінің жанында орналасады. 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 2 (33), 2012 ж. 
 
183 
Кесте 1. Таеквондоның жарыс алаңы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жарыс алаңы 
Сайыс жҥргізілетін аймақтың шектеулі сызығы 
1-ші шектеулі сызық 
2-ші шектеулі сызық 
3-ші шектеулі сызық 
4-ші шектеулі сызық 
1. Рефери орыны 
2. Тӛреші орыны 
3. Тіркеу орыны 
4. Дәрігер орыны 
5-1. Кӛк желеткелі қатысушы спортшының орыны 
5-2. Қызыл желеткелі қатысушы спортшының орыны 
6-1. Кӛк желеткелі қатысушы спортшының жаттықтырушысы 
6-2. Қызыл желеткелі қатысушы спортшының жаттықтырушысы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет