Спорттағы жаттығу және жарыс іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері қ.І. Адамбеков



Pdf көрінісі
бет29/29
Дата09.03.2017
өлшемі2,37 Mb.
#8688
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Жігіт қуу. Ойынды ат ҥстінде емес, жаяу жҥгіріп ойнауға болады. Мҧндағы ойнаушылар екі топқа 
бӛлінеді. Кҥні бҧрын арасы 20-30 адымдай екі кӛмбе белгіленеді де, біреуіне жалауша тігіледі немесе 
жаңағыдай қазық қағып, тымақ кигізіледі. Жҥргізушінің хабарымен екі топтан екі ойыншы кӛмбеге 
шақырылады. Біреуіне белбеу немесе екі бҥктеліп есілген орамал беріледі. Ойын жҥргізушінің белгісі 
бойынша  ойыншылар  қарсыдағы  сызыққа  қарай  жҥгіреді.  Белбеу  алған  ойыншы  екіншісін  қуып 
жетіп, ҧруға тырысады. Межеге жеткен соң ойыншы белбеуді жерге тастай сала кейін қашады. Бел-
беуді екінші ойыншы алып қашып бара жатқан қарсыласын  бірінші сызыққа жеткізбей қуып жетіп, 
ҧруға тиіс. Қарсыласына белбеу жҧмсай алмаған ойыншы ҧтылған болып  есептелінеді [5]. 
Жамбы ату. Биік сырықтың басына тайтҧяқ алтын не кҥміс ілінетін болған. Жамбыны алу ҥшін 
белгіленген межеден (70-100 м шамасында) садақ атып қыл арқанды қып тҥсіру керек. Кейде ойын-

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 2 (33), 2012 г. 
 
190 
ның шаршы бойынша жамбыны шауып келе жатқан аттың ҥстінен атқан [5]. 
Бҧл ойын асқан мергендікті, ат қҧлағанда ойнайтындай шеберлікті қажет етеді. Қазақ халықтары-
ның  жылдар  бойы  атадан  балаға жалғасып  қалыптасқан  ҧлттық  дәстҥрі, әдет-ғҧрып  тәрбие  мектебі 
бары баршамызға белгілі. Сондықтанда ҧлтық ойындардың қалыптысу тарихы, халық арасында тара-
луы, тәрбиелік мәні-мағынасы белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін кӛздейді. 
 
1. Қоянбаев Ж.Б. Қазақ халқының қозғалмалы және спорт ойындарының дене тәрбиесіндегі орны. – Алматы, 
2005 – 176 б. 
2. Жошыбаева Г. Ұлттық мектеп – ел еңшісі. Қазақстан мектебі №12, 2003. – 35 б. 
3. Мендалиев Б.М. Ұлттық ойындар Қазақстан мектебі №1, 2005. – 56 б. 
4. Танекиев М.Т. Қазақтың ұлттық ойындары – Алматы, 1973. – 23 б. 
5. Тӛтенай Б. Қазақтың ұлттық ойындары – Алматы, 1985. – 12 б. 
 
Резюме 
В этой статье пропагандируются казахские национальные игры, а также прослеживаются пути  формирова-
ния казахских народных игр, определяется их огромные значение и роль среди народных масс. 
 
Summary 
This article is spoken about national games and to raise authority of Kazakh people. One of  the may to make a healthy 
life of nationality. 
 
ОӘЖ 378(574) 
 
ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТҦЛҒА АРАЛЫҚ 
ҚАТЫНАСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Н.Тӛлегенҧлы – магистр оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 
Е.Н. Тҥгелбаев – магистрант ЖГТУ 
 
Мазмҧны жағынан барлық ойындар тҥсінікті, жалпы дамытушы мҥмкіндіктері бар, әртҥрлі педа-
гогикалық қызметі бар, ҧжымға деген қатынасты тәрбиелейтін, эстетикалық талғамды дамытуға ба-
ғытталған, қоршаған орта туралы тҥсінікті нақтылайтын, психикалық ҥрдістерді жетілдіретін, даму-
дың жоғары деңгейіне ӛтуді ынталандыратын, тҧлғаны әлеуметтенуіне ықпал  ететін болып келеді. 
Ойын – ӛте эмоциялық іс-әрекет, сол себепті ол кіші мектеп оқушыларын тәрбиелеуде қҧнды нәр-
се болып табылады. 
Кӛптеген ойындардың ішінде балалар арасында қозғалыс ойындары кең тараған. Қозғалыс ойын-
дардың негізгі ерекшелігі оның мазмҧнында қимылдардың маңызды орын алуы (жҥгіру, секіру, лақ-
тыру,  допты  беру  және  тосу,  қарсыласу  және  т.б.),  бҧл  қозғалыс  әрекеттер  оның  сюжетімен  байла-
нысты. Олар ойынның мақсатына жету жолында әртҥрлі қиындықтарды, кедергілерді жеңуге бағыт-
талады [1, 3]. 
Қозғалыс  ойындар,  ойыншылардың  ӛздері  қойған  шартты  мақсатқа  жетуге  бағытталған  саналы 
бастамашыл іс-әрекет. Мақсатқа жету ойыншылардың белсенді әрекетін талап етеді. Бірақ қимылдық 
ойындар  қатысушылардан  арнайы  даярлықты  қажет  етпейді.  Олардағы  ереже  ойындардың  жҥру 
шарттарына  қарай  қатысушылары  мен  жетекшілердің  ӛздерімен  таңдалады.  Олардың  мазмҧнында 
нақты қойылған ойыншылар саны мен ауданның кӛлемі кӛрсетілмейді. 
Қозғалыс  ойындардың  негізін  салушы  ретінде  А.М.  Горький  болды.  Оның  тҥсіндіруі  бойынша 
ойын бҧл балалардың ӛмір сҥріп отырған ортасын танып білу жолы болып табылады [3]. 
Қозғалыс  ойындар  балаларды  жалпы  дене  тәрбиелеудің  қҧралы  ретінде  қолданылады.  Қозғалыс 
ойындар кӛбінде балалардың ӛздерімен ҧйымдастырылатын жекелік тҥрде болуы мҥмкін. Олар мҧға-
лімдермен бос уақытта, ҥзіліс кезінде қолданылады. 
Қозғалыс  ойындардың  ҧжымдық  тҥрлері  маңызды  орын  алады.  Барлық  ҧжымдық  –  қозғалыс 
ойындарға жарысу сипаты, сонымен қатар қойылған мақсатқа жетуде ӛзара кӛмек кӛрсету тән болып 
келеді. Ҧжымдық ойындардың негізгі сипаты олардың ойыншылардан жылдамдықты талап етуінен 
кӛрінеді. Сол себепті де ойын барысында ӛзара қатынаста әрдайым ӛзгеріп отырады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 2 (33), 2012 ж. 
 
191 
Қозғалыс ойындарда жарыстар ӛткізіледі. Оларды оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жеке ойын-
дар тҥрінде жҥргізуге болады. Бірақ педагогикалық тҥрде оқушылардың әртҥрлі дене қасиеттері мен дағ-
дыларын тәрбиелеуге ықпал ететін тҥрлі ойындардың кешенді тҥрде қолдану тиімді деп есептелінеді. 
Әрбір қозғалыс ойын мазмҧнынан, қҧрылымынан және әдістемелік ерекшеліктерінен тҧрады. 
Қозғалыс ойындардың мазмҧны мыналардан қҧралады: сюжет, ереже, қимылдық әрекеттер. 
Қозғалыс ойындардың қҧрылымы – қойылған мақсатқа жету тәсілдерін таңдауға мҥмкіндік бере-
тін оқушылардың әрекетін ҧйымдастыру. Ойындардың бір тҥрінде қатысушылар жеке немесе топтық 
тҥрде әрекет  етеді,  ал  басқа ойындарда  ӛз  ҧжымының, командасынаң  қызығушылығын  ҧстана  оты-
рып, ҧжымдық тҥрде әрекет етеді [2]. 
Ойынның әдістемелік ерекшеліктері оның мазмҧны мен қҧрылымына байланысты болады. Қозға-
лыс ойындардың әдістемелік ерекшеліктеріне тӛмендегілер тән болады: 
а) бейнелілік; 
б) ережелермен шектелетін әрекеттердің ӛз бетінше орындалуы; 
в) ережелерге сәйкес әрекеттерде шығармашылық бастамашылдық; 
г) сюжетіне сәйкес жеке рӛлдерді орындау; 
д) ойындағы кездейсоқтық, ӛзгермелілік; 
е) ойынның эмоциялылығын арттыратын мобилділік кҥшін талап ететін жарысу сипаты
ж) ойын қақтығыстарын шешуде қарама-қарсы қызығушылықтарының қарсы келуі. 
Қозғалыс ойындары дене тәрбиесінің қҧралы және ойын әдісі ретінде дене қасиеттерінің тәрбиеле-
нуіне және жетілдірілуіне ықпал етеді. Сонымен қатар қозғалыс ойындарда табиғи қимыл әрекеттер 
мен жеке дағдылар және іскерліктер бекітіледі [3]. 
Педагогикалық тәжірибеде ойынның келесі тҥрлері қолданылады: 
1.  Еркін,  шығармашыл  ойындар.  Оларды  кейбір  кезде  ролді  ойындар  деп  те  атайды.  Олар  жеке 
және топтық тҥрде жҥреді. 
2. Ересек жетекшілерді қажет ететін, нақты қойылған ережелері бар, ҧйымдасқан қозғалыс ойын-
дар. Олар мазмҧны және кҥрделілігі жағынан әртҥрлі: 
а) қарапайым, командалық емес ойындар. Бҧл ойындарда негізгі іс-әрекет жеке басын жетілдіруге, 
жылдамдық, кҥш сияқты қасиеттерде басқаларға қарағанда жоғары орын алу; 
б)  кҥрделі,  командалық  ойындарға  ауыспалы.  Мҧнда  ойыншылар  ӛз  қызығушылықтарын  жеке 
танытады, бірақ ӛз ықыласымен жолдастарына кӛмектесуге тырысады
в) ойыншылар жеке ҧжымдар – командалар қҧрайтын қимылдық ойындар. 
Оқу-тәрбие  ҥрдісінде  қозғалыс  ойындарды  қолдану  әртҥрлі  педагогикалық  міндеттерді  шешуде 
арнайы таңдауды қажет етеді. Бҧл ҥшін ойындардың нақты қасиеттері ҧқсас топтық тҥрлері қҧрасты-
рылады. Ойындар тӛмендегідей топтастырылады: 
1. Мазмҧнының кҥрделілік дәрежесіне қарай: ең қарапайымдылардан кҥрделіге қарай; 
2. Жас ерекшеліктерін ескеру сипаттарына қарай; 
3. Қимыл әрекет тҥрлеріне қарай; 
4. Дене қасиетіне қарай
5. Жеке спорт тҥрлеріне даярланған; 
6. Ойыншылардың ӛзара қатынасына байланысты. 
Ойындар басқа қасиеттері бойынша да  топтастырылады: 
а) сабақтарды ҧйымдастыру формасына қарай; 
б) қимылдық деңгейінің сипатына қарай
в) мезгіл мен жҧмыс орнын ескеруіне қарай. 
Қозғалыс  ойындар,  ойыншылардың  ӛздері  қойған  шартты  мақсатқа  жетуге  бағытталған  саналы 
бастамашыл іс-әрекет. Мақсатқа жету ойыншылардың белсенді әрекетін талап етеді. Бірақ қозғалыс 
ойындар  қатысушылардан  арнайы  даярлықты  қажет  етпейді.  Олардағы  ереже  ойындардың  жҥру 
шарттарына  қарай  қатысушылары  мен  жетекшілердің  ӛздерімен  таңдалады.  Олардың  мазмҧнында 
нақты қойылған ойыншылар саны мен ауданның кӛлемі кӛрсетілмейді [2]. 
Ойын тҧлғаның қалыптасуында маңызды орын алатын іс-әрекеттің бірі. Ойын барысында балалар 
жинақталған тәжірибені бейнелейді, ӛмір туралы ӛздерінің тҥсініктерін тереңдетеді және бекітеді. 
Мҧғалімнің кӛмегімен ойын баланың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Олар баланың тҥсініктері-
нің  кӛлемін  арттырады,  байқампаздылық  қасиетін,  талдау  іскерлігін,  салыстыру  және  жалпылау 
іскерліктерін дамытады. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 2 (33), 2012 г. 
 
192 
Қозғалыс ойындар кеңістіктік және уақыттық қатынастарды дҧрыс бағалай білу қабілетінің, ӛзгер-
мелі жағжайға жылдам әрі дҧрыс әрекет кӛрсете білу қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. 
Қозғалыс ойындарда қатысушылар жеке рӛлдерді орындауға тура келеді. Бҧл олардың ҧйымдас-
тырушы дағдылары мен білімдерінің дамуына әсерін тигізеді. 
Ойынның білім беру жағы мҧғалімнің дҧрыс назар аударуына сәйкес қажетті деңгейде орындала-
ды. Ойын барысында бала ӛзінің барлық жеке тҧлғалық қасиеттері мен сапаларын анықтайды. 
Ойын сияқты ешқандай іс-әрекет оқушының тҧлғалық қасиеттерін жан-жақты ашып бере алмай-
ды. Ойынмен айналыса отырып, бала ӛзінің барлық мінез бітістерін анықтай алады. Сыныпта әрда-
йым  тҧйық  жҥретін  бала  ойын  барысында  ӛзін  басқа  жағынан  кӛрсете  алады.  Мҧның  барлығы  әр 
балаға жеке тҧрғыда дҧрыс ықпал ете алуда ӛте маңызды. 4 сыныпқа арналған дене тәрбиесі оқулы-
ғында  адамның  қабілетінің  дамуы  туралы  да  бӛлімдер  қарастырылған  (кҥштің,  жылдамдықтың, 
тӛзімділіктің, икемділіктің дамуы), гимнастика мен жеңіл атлетикаға да бӛлім берілген. Қазақ ҧлттық 
ойындарын  мектеп  тәжірибесіне  ендіру  бір  жағынан  тәжірибелік  жҧмыстың  жинақталуына  ықпал 
етеді, екінші жағынан – қазақ ҧлттық ойындарының тәрбиелік мәнін насихаттайды, олардың баланың 
денелік және ақыл-ой дамуының рӛлін, кіші мектеп оқушыларының ҧлттық салт-дәстҥрлерге сҥйіс-
пеншілігін орнатуды қарастырады [2, 3]. 
Оқушылар  арасындағы  тығыз  қарым-қатынас  кӛбінесе  ҧжымдық-қимылдық  ойындарда  жҥзеге 
асады. Олардың барлығына жарысу сипаты, сонымен қатар қойылған  мақсатқа жетуде ӛзара кӛмек 
кӛрсету тән болады. 
Қозғалыс ойындары сабағында мҧғалімдер балаларға ӛз әлекеттерін жҧптар және топтарда сәйке-
сінше ҧйымдастыра білуге, ойын мақсатына жетуде тҧрақтылық танытуға, меңгерілген ойынның маз-
мҧнын ӛз сӛзімен жеткізе білуге, денелік және еріктік қасиеттерін жетілдіре білуді, кеңістікте бағдар-
лай алу, қимылдарды реттей білу іскерліктерін ҥйретеді.  
Қозғалыс ойындарының ӛзі ҧжымдық сипатта болады, осыған байланысты балаларды ҧжымдағы 
іс-әрекетке  тәрбиелейді. Ойындар  балалардың  бойында жолдастық,  ҧжымдық, демократиялық және 
бір-біріне  деген  жауапкершілік  сезімдерін  ҧялатады.  Ҧжымдық  ойынға  қатыса  отырып,  бала  ӛзінің 
қызығушылықтарын  топтың  қызығушылығы  ҥшін  қҧрбан  етуі  қажет: жолдасына  допты  беру,  «тҧт-
қынға» тҥскен жолдастарын босату және т.б. 
Ойындарда жолдастық сезімі біртіндеп тәрбиеленеді. Кіші мектеп оқушыларынан ойын барысын-
да  ӛз  әрекеттерін  жолдастарының  әрекеттерімен  сәйкестендіру  талап  етіледі.  Кейіннен  ӛзара  кӛмек 
кӛрсетуге бағытталған  ойындар  пайда болады.  Ал  содан  соң  ӛз ҧжымына,  ӛз  командасына  қызығу-
шылықтарын бағындыруға қатысты ойындар қолданылады [1, 3]. 
Ойын барысында бір ойыншының екіншісіне, бір команданың екіншісіне қарсы тҧруы тән келеді. 
Осыған байланысты дер уақытта шешуді талап ететін әртҥрлі міндеттер пайда болады. Бҧл ҥшін пай-
да болған жағдайды қысқа уақытта бағалай білу, дҧрыс әрекетті таңдай білу және оны орындай білу 
қажет. Осының әсерінен ойындар ӛзіндік танымға кӛмектеседі. 
 
1.  Сагындыков  Е.  Использование  народных  игр  в  учебно-воспитательной  работе  в  1-4  классах  казахской 
школы. Автореф. Дис. канд. – Алма-Ата. 1988. 
2.  Куанышев  Т.  Подготовка  будущих  учителей  физической  культуры  средствами  национальных  игр  – 
Автореф. дис. канд. – Алма-ата, 1992. 
3. Айтпаева А.К. Казахские народные игры как средство воспитания младших школьников. Автореф.дисс. 
канд. – Алматы. 1997. 
 
Резюме 
В данной статье представлены материалы исследования, проведенные на школьников младших классов по 
проблемам применения подвижных игр на уроках физической культуры. 
 
Summary 
The  article  is  given  article  the  materials  of  research  spent  on  schoolboys  of  elementary  grades  on  problems  of 
application of outdoor games at lessons of physical training are presented. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет