3)Электрофорез кезінде бұл ақуыздар анодқа қалай ауысады? Глобулиндер бейтараптық қасиет көрсеткендіктен электрлі поляда жылжымайды.Немесе анодқа жылжиды.
4-сұрақ
Зерттелетін глобулярлы ақуыз құрамында аспарт қышқылы, лейцин, серин, валин, глутамин, лизин, тирозин аминқышқылдарының қалдықтары бар. 1)Аминқышқылдарының ең ықтимал орналасуын көрсетіңіз (табиғи ақуыз молекуласының ішінде немесе бетінде). Аминқышқылдары радикалдардың полярлығына сәйкес гидрофобты және гидрофильді болып бөлінеді. Лейцин, валин- гидрофобты, құрамында алифаттық радикал бар. Олар белок молекуласының ішінде орналасқан.Серин, тирозин ,аспарагин қышқылы, лизин гидрофильді.Гидрофильді амин қышқылдары - бүйір тізбегінде карбоксил немесе амин тобы бар қышқылдар. Мұндай аминқышқылдар әдетте ақуыз молекуласының бетінде орналасады.
2)Жергілікті ақуыз құрылымын қалыптастыруға қатысатын байланыс түрлерін атаңыз. Бұл байланыстар қалай қалыптасады? Белок молекуласындағы амин қышқылдары түзетін байланыс түрлеріне пептидтік, дисульфидтік, сутектік, иондық, гидрофобтық әрекеттесу жатады.Табиғи белоктардың құрамына кіретін амин қышқылдарының көптігіне қарамастан, белок молекуласындағы амин қышқылдарының байланысу тәсілдері көп емес.Амин қышқылдарының арасындағы байланыстар екі түрлі болады: 1) ковалентті, берік байланыс; 2) ковалентті емес, әлсіз байланыс.
Ковалентті байланыстар.Белок молекуласындағы амин қышқылдарының арасындағы негізгі байланыс - пептидтік байланыс.Пептидтік байланыс бір амин қышқылының карбоксил тобы екінші амин қышқылының α-амин тобымен әрекеттескенде түзіледі. Егер пептидтік байланыс арқылы екі аминқышқылы байланысса дипетид, үш амин қышқылы – трипептид, көп амин қышқылдары әрекеттессе – полипептид түзіледі.Арнайы қабылданған жүйе бойынша пептидтерді атауда бос амин тобы бар аминқышқылы сол жағында, ал бос карбоксил тобы бар амин қышқылы оң жағында жазылады. Сондықтан пептидтің молекуласындағы амин қышқылының реті N-басынан C-соңына қарай белгіленеді.