Сұрақ Жауабы



бет5/6
Дата25.04.2022
өлшемі30,06 Kb.
#32156
1   2   3   4   5   6
Сұрақ

Жауабы

1

Зерттеудің қандай әдісі қолданылды

Ауаның микробтармен ластану дәрежесін анықтауға арналған бірнеше тәсілдер бар. Солардың ішіндегі ең қарапайым седиментациялық тәсіл. Бұл тәсіл Кох тәсілі деп те аталады.

2

Дәріхана мекемесінде ауаның микробиологиялық тазалығын бағалау критерийлерін атаңыз;

Дәрілік заттарды өндіретін көптеген кәсіпорындарда жұмыс аймағы ауасын ластайтын заттардың құрамы күрделі
болады. Ол аэрозолдар, булар немесе газдар түрінде болатын көптеген химиялық
ингредиенттердің бір уақыттаболуымен байланысты. Технологиялық процестің
сатысына, алынатын дәрілікпрепараттардың түріне байланысты өндірістік бөлмежайлар ауасы химиялық синтездеудің бастапқы, аралық және дайын өнімдерімен ластануы мүмкін. Бұл жағдайда зиянды заттардың организмге түсуі көп дәрежеде тыныс алу
жолдары арқылы түседі. Ауаның тазалығын бақылау. Дәріханалардағы ауа ортасын бактериологиялық бағалау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады: ауаның тотығуын анықтау, көміртектің қостотығының мөлшерін және 1м3 ауадағы микроорганизмдердің санын анықтау.

3

Ауа сынамаларын алу шарттары қандай;

Ауа сынамасын алу негізінен 2 әдіспен – аспирационды және бір кезеңді шектелген сыйымдылықты ыдыстарға алумен іске асырылады. Бірінші әдіс, ауаның салыстырмалы аз көлемдегі зерттейтін заттарды анықтаудың жоғары сезімталдықты әдіс болмаған жағдайда қолданылады. Екіншісі, жоғары әсер болған жағдайда, сонымен қатар қысқа мезгілді технологиялық процесстер кезінде қолданылады.

Ауа сынамасын шыны ыдыстар және пластмассалық қаптарға, сұйықтықтар, сорбенттер және сүзгіш материалдарға алынады.

Алынған ауа сынамасын талдау үшін әртүрлі әдістер қолданылады:

1. Фотометрлік.

2. Газды хромотография.

3. Жұқа қабатты хромотография.

4. Қағазды хромотография.

5. Полярография.

6. Экспресс әдістер.

7. Стандартты шкалалар бойынша ерітіндінің колориметриясы.

8. Реактивті қағаз қолданылатын колориметрия.

9. Индикаторлы түтікшелер қолданылатн сызықты колориметрлік әд



4

Ауаның санитарлық жай-күйінің индикаторлық микроорганизмдері

Бірінші топ санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдердің топтасуы (адам және жануарлар ішек микрофлорасы өкілдерінің фекальді ластануы):1-ішек таяқшалары тобындағы бактериялар саны (ІТТБ);2-энтерококктар;3-протей; 4-сульфитредуцирлеуші клостридиялар;5-термофилдер, 6-ішек бактериофагтары, 7-сальмонеллалар;8-бактероидтар, бифидо- және лактобактериялар;9-көкіріңді таяқша;10-Candida туыстастығының саңырауқұлақтары; 11-ацинетобактер.Екінші топ (жоғары тыныс алу жолдарының комменсалдары, ауа-тамшылы ластану индикаторлары): 1-стрептококктар;2-стафилококктар.Үшінщі топ(өзін-өзі тазарту индикаторы — сыртқы ортада мекендеушілер):1-протеолиттер;2-аммонификаторлар және нитрификаторлар;3-аэромоносалар және бделловибриондар;4-споралы микроорганизмдер;5- саңырауқұлақтар және актиномицеттер;6-целлюлозобактериял бар.

5

Ауаның микробтық ластануын анықтау үшін қолданылатын қоректік орта

Ауаның ластану дәрежесін Дьяковтың фильтрациялық тәсілімен де анықтауға болады. Мұнда ауаның белгілі бір көлемі стерильденген қоректік орта (ет-пептонды сорпа) немесе стерильді физиологиялық ерітінді арқылы өткізіледі. Ауаның үлгісі өткізілген орта мұқият араластырылып, оның 1 мл-і стерильді Петри шынысына құйылады. Шыныларға 40-450С-қа дейін суытылған ет-пептонды агарды құяды да, айналмалы қозғалыспен біркелкі таратады. Қоректік орта тығыздалған соң, термостатқа 35-370С қойылады. 2-3 тәуліктен соң өсіп шыққан микроб колонияларының саны анықталады. Қоректік орта арқылы өткізілген ауаның көлемін еске ала отыра, ауаның 1 м3 көлеміндегі микробтардың саны айқындалады. Микробтардың ауадағы санын анықтау үшін сусылмалы заттар да, қант ұнтағы т.б. қолданылады. Олармен стерильденген шыны түтіктер толтырылып, ауаның белгілі бір көлемі шыны түтіктер арқылы өткізілгеннен соң, қант ұнтағы стерильді судың 5 мл-де ерітіледі де, 1 мл-і ЕПА бар Петри шынысына себіледі. Ауаның 1 м3 мөлшеріндегі микробтар саны зерттеуге алынған ауаның көлемін сусылмалы ұнтақтың ерітілу дәрежесін және себуге алынған ерітіндінің көлемін ескеру арқылы анықталады.

№3 есеп

Дәріхана қызметкерлерінің қолынан алынған шайындыларды санитариялықбактериологиялық зерттеу жүргізу кезінде мынадай нәтижелер алынды: ІТТБ (БГКП) -1 см3-20, Алтын түстес стафилококк -1 см3-10.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет