Интеграция - бұл жеке және қоғамның бір - біріне өзара бейімделуі. Бұл процессте жекенің ғана бірлестікке үйренуі емес, сол сияқты осы жекеге бірлестіктің де бейімделуіне қажет қадамдар жасайды.
Интеграциялық білім беру кезінде мұқтаж балалармен қалыпты ақыл есі дұрыс балаларды оқыту тең дәрежеде жүреді. Ерекше назарды тек білім беру орталықтарына ғана емес, сонымен қатар баланың өмір сүріп жатқан әлемінеде көңіл бөлуіміз керек.
STEM деп аталатын бір оқу жоспарына ауыстырылған оқытудың интегративті тәсілі ретінде қарастырады. Мұндай көзқарастардың кең ауқымы зерттелетін құбылыстың күрделілігіне де, оның генеративті себептеріне де байланысты, дегенмен,
жоғарыда аталған көзқарастар, STEM-білім беру оқушыларға өздерінің білімін құрылымдық ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге, техникалық дағдыларды дамытуға және жоғары ұйымдастырылған ойлау дағдыларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді.
Steam бағдарламасына нақты не кіреді?
Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру ғылым, техника, медицина, білім беру және мәдениет саласынына негізгі әсерін тигізуі мүмкін.
Адамзат баласына ауқымды өзгерістер мен жарқын болашақ әкелетін салалар STEАM пәндерінің (Science, Technology, Engineering, Аrt and Mathematics) қиылыстарында жатыр.Ғылым, математика, технологиялар және инженерия сияқты басты академиялық салаларда бір мезгілде даму керек, оларды STEM (science, technology, engineering and mathematics) деген бір сөзбен біріктіріп атауға болады.
STEM дегеніміз – оқытудың біріктірілген тәсілі.Ол оқушылардың 21-ші ғасырда табысқа мен бәсекеге қабілеттіліктің қажет негізгі дағдыларын дамытуға бағытталған.
STEM- білім беру инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі.Ол оқушының сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуына мүмкіндік береді.
STEM - сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. Қазір бұл түсініктің жаңа нұсқалары пайда болды, солардың ішінде анағұрлым кең таралғаны STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика)