Студентке арналған тапсырма: «Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу»



бет18/28
Дата26.03.2023
өлшемі231,85 Kb.
#76291
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Науқасты дайындау: науқасқа іс-шара барысын түсіндіріп, келісімін аламыз.Науқасты ыңғайлы етіп жатқызамыз, жара астына кленка н/е лоток қойылады.
Іс-әрекет алгоритімі

  1. Қолымызды спиртпен сүртіп биялай киеміз;

  2. Түтікшенің дистальді жағын қысқышпен қысып, бөлініс жиналған ыдыстан ажыратамыз;

  3. Бөліністің көлеміне, иісіне, түсіне баға беріп, оны дезертіндіге құйып (3% хлорамин 60мин ұстап) төгеміз;

  4. Босатылған ыдыстың орнына 200мл фурациллин ертіндісін қайта жалғап қысқышты босатамыз;

  5. Биялайды спиртпен өңдеп, дренаж аймағындағы ескі таңғышты пинцетпен аламыз;

  6. Жара аймағын спиртпен өңдеп, асептикалық таңғыш қойып лейкопластырмен бекітеміз;

  7. Қолданылған құрал-саймандар дез ертіндіге салынады;

  8. Науқасты бақылау парағына бөліністің сипаттамасын жазамыз.

Окклюзионды таңғыш салу
Мақсаты: науқастың жағдайын жақсарту, тыныс алу бұзылысының алдын-алу.
Көрсеткіші: кеуде торының енген жарақаты, пневмоторакс.
Қажетті заттар: биялай, стерильді салфетка, 70% спирт, лейкопластырь, жақпа май.
Іс-әрекет алгоритімі

  1. Қолымызды спиртпен сүртіп биялай киеміз;

  2. жарақаттың айналасын 70% спиртпен өңдейміз;

  3. жараның айналасына кез-келген майлы ерітіндіні жағамыз;

  4. жара жиегінен 10см асатын клеенка н/е целофан қоямыз;

  5. кеуде торын спираль тәрізді таңғышпен байлаймыз, ол үшін ұзындығы 1м болатындай таңғышты иық үстінен тастаймыз;

  6. екінші таңғышпен қабырға доғасынан қолтық астына дейін спираль тәрізді етіп, алдыңғы орамның 3/2 бөлігін қамтып ораймыз соңында түйреуішпен бекітеміз.


5.53. Стандарт. «Кеуде торының ашық енген жарақаты (ашық пневматоракс) кезіндегі күттірмейтін көмек.
Мақсаты: алғашқы көмек көрсету.
Көрсетілім: кеуде торының ашық енген жарақаты.
Керекті құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған қолғаптар, антисептикалық ерітінді, ампулалы анальгетиктер (кеторол, кетонал, кетотоп, промедол, жеке таңу пакеті, лейкопластырь, мұзды мұйық, тонометр және фонендоскоп, қауіпсіз утилизация қорабы (КБУ).
Іс-әрекеттер алгоритмы:
1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2. Науқасты тыныштандырыңыз, манипуляцияның барысын түсіндіріңіз.
3. Науқасты өзіңізге қаратып, жартылай отырған қалып беріңіз.
4. Қолдарыңызды спиртпен өңдеп, залалсыздандырылған қолғаптар киіңіз.
5. Жарақатты қарап шығыңыз.
6. Ауырсыздандыру мақсатында кеторол 2 мл бұлшықетке, немесе промедол 2%-1 мл
салыңыз.
7. Жарақатты антисептик ерітіндімен өңдеңіз (жарақатты өңдеу стандартына қара).
8. Жарақатқа окклюзионды таңғыш салыңыз.
- жараны залалсыздандырылған салфеткалар мен тығындаңыз;
-жарақат айналасындағы теріге майлы ерітіндіні жағыңыз;
-жеке таңу пакетінің залалсыздандырылған жағын жара бетіне қойыңыз;
- лейкопластырмен жабыстырыңыз;
9. Жара үстіне мұзды мұйық қойыңыз;
10. Қолғаптарды шешіп қауіпсіз утилизация қорабына салыңыз;
11. Науқасты зембілге жартылай отырған күйде орналастырып хирургиялық бөлімшеге
тасымалданыз;
12. АҚҚ-на, тамыр соғысына, тынысына бақылау жұргізіңіз;
Ескерту: - клапанды пневматоракс ауа плевра құысыга жарақат арқылы әр тыныс алғанда еніп, дем шығарғанда тамыр қабырғаларының жабылуына байланысты сыртқа шықпай қалады. Тыныс алған сайын плевра қуысында ауа жинала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет