Студентке арналған тапсырма: «Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу»


Стандарт «Жамбас сүйектері сынғанда көрсетілетін күттірмейтін көмек»



бет21/28
Дата26.03.2023
өлшемі231,85 Kb.
#76291
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
Студентке арнал ан тапсырма «Жараны ал аш ы хирургиялы деу»

5.58. Стандарт «Жамбас сүйектері сынғанда көрсетілетін күттірмейтін көмек».
Мақсаты: шоктың алдын алу, көлікті иммобилизация жасау.
Көрсетілімдер: жамбас сүйектерінің сынуы, жамбас қуысы ағзаларының зақымдануы.
Керекті құрал-жабдықтар: қатты зембіл немесе тақтай (щит), биіктігі 25-30 см болған жастықша, жайма немесе үлкен сүлгі, 2%-2 мл промедол, немесе тромадол 3 мл., полигюкин, 30%-2 мл кофеин, тонометр, фонендоскоп.
Ескерту: - Жамбас сүйектерінің сынуы кіші жамбас ағзаларының зақымдануымен және травматикалық шоктың дамуымен сипатталады.
Іс-әрекеттер алгоритмы:
1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2. Жамбас сүйектерінің зақымдануын анықтаңыз.
3. Науқасты тыныштандырыңыз, манипуляцияның барысын түсіндіріңіз.
4. Қолдарыңызды спиртпен өңдеп, қолғап киіңіз.
5. Науқасқа 2%-2мл промедол салып ауырсыздандыру жүргізіңіз.
6. Науқасты төрт адам болып, омыртқасын бүкпей көтеріп зембілге
жатқызыңыз.
7. Науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, тізе арасын ашыңыз.
8. Тізе астына валик қойыңыз (бақа қалпын қалыптастырыңыз).
9. Тізелерін ұзын сүлгімен немесе жаймамен байлап, тасымалдау кезінде тайып кетуінің
алдын алыңыз.
10. Науқастың көк тамырына 500 мл полиглюкин тамшылатып жіберіңіз, 2 мл тері астына
кофеин салыңыз.
11. Науқастың АҚҚ, тынысына, тамыр соғысына бақылау жүргізіңіз.
12. Травматология бөлімшесіне тасымалдаңыз.
Премедикация
Мақсаты: науқасты операцияға медикаментті дайындау.
Керекті заттар:70% спирт, стерильді таңу материалдары, стерильді латок, наркотикалық анальгетиктер, десенсибилизациялық дәрілер, М-холинолитиктер, транквилизаторлар, стерильді биялай.
Іс-әрекет алгоритмі:
Кешкілік премедикация түнде ұйықтар алдын жасалынады:

  1. Қолымызға стерильді биялай киеміз

  2. Науқасқа іс-шара барысын түсіндіреміз

  3. Науқасқа ыңғайлы қалып береміз

  4. Мына дәрілерді енгіземіз дәрігер тағайындауымен: тыныштандырғыш (0,005г адонис-бромо к/т), ұйықтатқыш (0,25г фенобарбитал),транквилизаторлар (1мл-0,5% реланиум, 1мл-2,5% аминазин б/е), наркотикалық анальгетиктер (1мл-1% морфин , 1мл-0,005% фентанил), десенсибилизациялық дәрілер (1мл-1% димедрол)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет