Студентке арналған тапсырма: «Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу»


Стандарт «Бас-ми жарақаттарында күттірмейтін көмек көрсету»



бет19/28
Дата26.03.2023
өлшемі231,85 Kb.
#76291
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
5.54. Стандарт «Бас-ми жарақаттарында күттірмейтін көмек көрсету».
Мақсаты: бас-ми жарақатын алған науқасқа көмек көрсету.
Көрсетілім: жабық бас-ми жарақаттары (бас мидың шайқалуы, соғылуы, қысылуы), бас сүйегінің күмбезінің және негізінің сынуы.
Керекті құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған қолғаптар, антисептикалық ерітінді, ампулалы анальгетиктер (кеторол, кетонал, кетотоп), тромадол 3 мл, промедол 2%-1 мл., залалсыздандырылған салфеткалар, бинт, 40%-20 мл. глюкоза ерітіндісі немесе 25%-10 мл. магний сульфаты, мұзды мұйық, тонометр және фонендоскоп, «бублик» тәрізді жастықша, қауіпсіз утилизация қорабы (КБУ).
Іс-әрекеттер алгоритмы:
1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2. Науқасты тыныштандырыңыз, манипуляцияның барысын түсіндіріңіз.
3. Науқасты қатты зембілге шалқасынан, басының астына «бублик» тәрізді жастықша
қойып жатқызыңыз.
4. Қолдарыңызды спиртпен өңдеп, залалсыздандырылған қолғаптар киіңіз.
5. Жарақатты қарап шығыңыз.
6. Жарақатты антисептик ерітіндімен өңдеңіз (жарақатты өңдеу стандартына қара), бетіне
салфетка қойып «Кимешек» таңғышын салыңыз.
7. Ауырсыздандыру мақсатында кеторол 2 мл бұлшықетке, немесе тромадол 3 мл, немесе
промедол 2%-1 мл салыңыз.
8. Науқастың көк тамырына 40%-20 мл глюкоза және 25% -10 мл магний сульфатын
салыңыз (егер систолиялық АҚҚ 90 мм.сн.бағ төмен болса магний сульфаты
салынбайды).
9. Науқастың басына мұзды мұйық қойыңыз.
10. Науқастың есі жоғалғанда тілдің қайтып кетуінің алдын алыңыз.
11. Құсық заттарының аспирациясында, науқастың басын шетке бұрып, ауыз құысын тазалап, тілін салфеткамен ұстап, өзіңізге қарай тартыңыз.
12. АҚҚ-на және тамыр соғысына бақылау жүргізіңіз.
13. Науқасты хирургиялық бөлімшеге тасымалданыз.


5.55. Стандарт ««Іш бүлігі» кезіндегі күттірмейтін көмек».
Мақсаты: іш құысы ағзаларының қабынуы және зақымдануы кезінде болатын асқынулардың алдын алу.
Көрсетілімдер: «Іш бүлігі» түсінігіне келесі келесі аурулар жатады: жедел аппендицит, жедел холецистит, жедел панкреатит, перитонит, жедел ішек түйнелуі, асқазан және үлтабар жарасы, мезентералды тамырлар тромбозы, іш жарақаттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет