Іште, кеудеде, белде ауырсыну болғанда, құсуда, бас ауырсынуда, ентікпе, тахикардия,теріде бөртпелер болса – қан құюға болмайды.
Гемотрансфузиялық шок кезінде медбикелік үрдіс Мақсаты: Гемотрансфузионды шок ( бөтен топ немесе резус факторы бөтен қан компонентін құю кезінде немесе жеке және биологиялық сәйкестікке байқаулар өткізбеу құю кезінде дамитын ауыр асқыну).
Іс-әрекет алгоритмі: тез қан компонентін құюды тоқтатады;
Дәрігерді шақырыңыз
Морфин 1%-1мл немесе промедол 2%-2мл немесе фентанил 0,005%-2мл+димедрол 1%-2мл+аскорбин қышқылы 5%-5-10мл к/т енгіземіз;
Гидрокарбонат натрий ерітіндісі 2%-200-400 мл көк тамырға тамшылатып;
Глюкоза ерітіндісін 5%-500-1000 мл к/т.т+соңында диурезді күшейту үшін 40-60 мг лазикс жібереміз (глюкоза ерітіндісінің орнына лактосоль немесе Рингер ерітіндісін, лазикстің орнына маннитол 15%-300-400 мл қолдануға болады);
Бүйректердегі қан айналым процессін жақсарту және тамырлардың спазмын жою үшін, АҚҚ нормаға келген соң глюкоза-новокаинді қоспа 200 мл к/т.т (глюкоза 5%-100 мл+новокаин 0,25%-100 мл) әр 1-2 сағат сайын енгізеді, арасында глюкоза 5% және реполиглюкин ерітінділері жіберіліп тұрады;
Гипертермия жағдайында анальгин 50%-2 мл б/е саламыз, тыныс алудың ауыр түрінің бұзылуында жасанды дем беру шараларын өткіземіз;
Гемотрансфузия үшін донор венасынан қан алу кезіндегі медбикелік үрдіс. Мақсаты: Керекті заттар: гемокон қапшасы глюгицир консерванты құйылған, арнайы кресло, жгут, 70% спирт, лейкопластыр, бинт,қайшы, салфетка.
Гемокон құрылысы:Донор венасынан гематрансфузия үшін қан гемакон атты пластик қапшаға алынады. Бұл қапша мөлдір болып, сыйымдылығы 200 мл, 300 мл, 400 мл болады, гемаконның шетінде қан құюға арналған жүйені жалғайтын екі ұяшығы болады және ұштарында инелері болған екі, кейде үш түтіктері болады. Бұл түтіктердің бірі гемакон қапшасына глюгицир атты консервантты құюға арналған. Глюгицир консерванты қанның ұйып қалмауы үшін 1:4 есебінде құйылады (400 мл қанға 100 мл глюгицир). Екінші түтік донор венасынан қан алуға арналған, ал үшінші түтік қанның бетіне ажырап шығатын плазмасын бөлек гемакон ыдысына алуға арналған.