Гемотрансфузия кезінде пирогенді реакцияда алғашқы көмек
Мақсаты: гемотрансфузиялық асқынуды жою
Керекті заттар: стерильді биялай, дәрілік заттар, жылы төсеніш, термометр,
Клиникалық көрінісі: Жеңіл пирогенді реакцияларда науқастың дене қызуы 10С көтеріледі, бұлшықеттері, аяқ-қолдары, басы ауырады, жаурау, мазасыздық болады, бұл белгілер қысқа уақытқа созылады және арнайы ем талап етпейді.
Орташа пирогенді реакцияларда науқастардың дене қызуы 1,5-2,00С көтеріледі, жаурау, қалтырау, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді, кейде денеде бөртпелер пайда болады.
Ауыр пирогенді реакцияларда науқастардың дене қызуы 2,00С аса көтері-леді, жаурау, қалтырау, еріндерінің цианозы, құсу, қатты бас ауру, бұлшық-еттердің, сүйектердің ауырсынуы, ентікпе, крапивница немесе Квинке ісінуі дамиды.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа іс-шара барысын түсіндіріңіз
Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз
Реакция басталғанда қан құюдың немесе ерітіндіні құюды тез тоқтатамыз;
Науқастың үстін көрпемен жабамыз, ыстық шәй, кофе береміз, аяқтарына жылытқыш қоямыз;
Анальгин 50%-2мл+димедрол 1%-1мл б/е, аспирин немесе парацетамол 1 таб ішуге береміз;
Антигистаминді препараттар: супрастин 2%-2мл немесе тавегил 2мл, немесе пипольфен 2,5%-2мл б/е саламыз;
Ауыр реакцияларда глюкокортикоидтер: преднизолон 30-60 мг б/е немесе дексаметазон 4-8 мг б/е саламыз;
Елермелер ұстамасында наркотикалық анальгетиктер: морфин 1%-1мл,
промедол 1%-1мл, омнопон 1%-1мл б/е саламыз;
Полюглюкин арқылы резус тиістілік бойынша жеке сәйкестікті анықтау.
Мақсаты: донор мен реципиент арасындағы резус сәйкестікті анықтау
Көрсеткіші: жедел қан құю: ота кезінде, ота алдын дайындық.
Керекті заттар: донор қаны, 33% полюглюкин ерітіндісі, реципиент сары суы, шыны таяқшалар, пипетка, пробирка, шприц, ине, стерильді дәкелі шарик, спирт,стерильді пинцет, стерильді биялай, құм сағат, ҚҰҚ жәшәгі.
Достарыңызбен бөлісу: |