Студентке арналған тапсырма: «Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу»



бет25/28
Дата26.03.2023
өлшемі231,85 Kb.
#76291
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Студентке арнал ан тапсырма «Жараны ал аш ы хирургиялы деу»

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Донорға іс – шара барысын түсіндіреміз.

  2. Науқастың жалпы жағдайын бақылаңыз.

  3. Қолыңызға стерильді биялай киіңіз.

  4. Донорды арнайы креслоға жатқызыңыз.

  5. Оң қолын создырып, шынтақ аймағының үстіне жгут байлап,

  6. Теріні 70% спиртпен өңдеңіз.

  7. Гемаконды шынтақтан төмен орналастырып,

  8. Иненің ұшындағы қалпағын ашып, инені донордың венасына енгізіңіз.

  9. Қан шыққан соң лейкопластырмен жабыстырыңыз. жгутты шешеді.

  10. Гемакон қанға толған соң инені венадан суырыңыз.

  11. Орнына салфетка қойып бинтпен байлап қойыңыз.

  12. Гемаконның қолданылған түтіктері байланып кесіліп тасталады.



АВО жүйесі бойынша жеке сәйкестікті анықтау.
Мақсаты: донор мен реципиент арасындағы сәйкестікті анықтау
Көрсеткіші: жедел қан құю: ота кезінде, ота алдын дайындық.
Керекті заттар: донор қаны, реципиент сары суы, шыны таяқшалар, пипетка, Петри чашкасы, шприц, ине, стерильді дәкелі шарик, спирт,стерильді пинцет, стерильді биялай, құм сағат, ҚҰҚ жәшәгі.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа іс-шара барысын түсіндіреміз

  2. Науқасқа ыңғайлы қалып береміз

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдейміз

  4. Стерильді биялай киеміз

  5. Науқас көктамырынан 5 мл қан алыңыз

  6. Реципиент сары суын алу үшін 3 минут центрифуга апаратына саламыз

  7. Донор қанын 37 градуста су моншасында жылытып алыңыз

  8. Пипеткамен Петри чашкасына 2 тамшы реципиент сарысу мен 1 тамшы донор қанын тамызыңыз

  9. Шыны таяқшамен жақсылап араластырыңыз

  10. Реакцияны 5 минут бақылаймыз

  11. Егер агглютинация болса қанды құюға болмайды

  12. Псевдоагглютинация еместігіне көз жеткізу мақсатында 1 тамшы физиологиялық ерітінді тамызыңыз

  13. Егер агглютинация болмаса, байқау теріс мәнді, қан сәйкес құюға болады

  14. Биялайды шешіңіз, ҚҰҚ жәшігіне тастаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет