Экскреторлы урографияға дайындау. Мақсаты: зәр жолындағы Венаішілік урография жасар алдында сырқат адамға 2-3 күн бойына арнайы диета (қара нан, жеміс-жидек, тәттілер жоқ) тағайындалады. Зәр шығару жүйесін зерттеуден 12 сағат бұрын ас қабылдау мен сұйық ішуді толығымен тоқтатады. Түймедақ қайнатпасы қосылған тазарту клизмасын кешқұрым және тексеруге 2 сағат қалғанда жасайды. Метеоризм (іш кебуі) болғанда түймедақ шөбінен жасалған тұнба және карболен беріледі.
Зерттеудің дәл алдында қуықты босату қажет. Алдымен бүйрек пен зәр жүйесін шолу рентген суреті жасалады. Сол арқылы науқастың зерттеуге дайындығы тексеріледі. Одан кейін көк тамыр ішіне рентгендік контрастты заттар (верографин, урографин) енгізіледі. Бұдан соң ретімен бірнеше рентген суреттері жасалады.
Эпицистостомаға күтім жасау. Фолея катетерін алмастыру техникасы. Эпицистостома-қасаға үсті жыланкөзі-бұл қуыққа салынған жасанды жыланкөз. Эпицистостома қуықтан зәрдің несеп жолдары арқылы сыртқа шығуының бұзылуында (қуық асты безінің аденомасы, рагі, үрпінің зақымдануы т.б) қуықтағы дәретті эвакуациялау үшін салынады.
Көбінесе эпицисттостома үшін Фолей катетері қолданылады, оның қуыққа енгізілетін ұшында тесіктері бар және мандетка орналасқан. Манжеткаға фурацилин ерітіндісін жібергенде үрленіп, катетердің қуықтан шығып кетпеуін қамтамасыз етеді, ал екінші ұшы екі түтікшеден тұрады. 1-ші түтікше жуан, зәрді эвакуациялауға арналған, 2-ші түтікше жіңішке болып манжеткаға фурацилин жіберуге арналған (басында клапаны бар және көк түсті белгі қойылған).
Күтім: күнделікті катетердің айналасындағы теріні спиртпен өңдейміз, жартылай спиртті ерітіндімен асептикалық таңғыш саламыз, лейкопластырмен жабыстырамыз, жуан түтікшені ұзын түтікшеге жалғап флаконға салып қоямыз, кейде Фолей катетері бітеліп қалады, сол кезде оны алмастыру керек.