Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет80/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

24-тапсырма. Берілген айдар атауларына байланысты мәтін тақырыбын ойластырыңыз. Жанрлық-комиозициялық ерекшеліктерін сақтай отырып, тұтас аяқталған мәтін кұрастырыңыз.
1. Ата жұрт - алтын бесік. 2. Мемлекет және дін. 3 .Ұлт және құқық. 4. Жұмыр жер. 5. Ашық хат. 6. Өмір-дастан. 7. Пікірталас. 8. Сөзбе-сөз. 9. Ел аузынан. 10. Оқырман хаттарынан. 11. Министрлік назарына. 12. Білгенге маржан. 13.Балаларға базарлық. 14. Ауылыңа бардың ба? 15. Әлем әйелдері әлемінен. 16. Саясат – ағаш ат.


25-тапсырма. Журнал немесе газеттің бас редакторы, «Хабар» ұлттық телеарнасының президентімін деп ойлаңыз. Өз жұмысыңызды жандандыру үшін қандай айдарларды, бағдардамаларды ойлап тауып, қандай мақала жазар едіңіз. Өз жобаңызды ұсыныңыз.


26-тапсырма. Қоғам қайраткерлерінің мәдени мұра тақырыбындағы пікірлеріне, өз ойын жеткізудегі тілдік-стильдік, композициялық ерекшелігіне талдау жасаңыз. Кейіпкерлердің сөз саптау шеберлігіне баға беріңіз.
«Мәдени мұра»: кемел келешекке қарай басталған бүгінгі қадам
Іштен тынып күрсінген көз жасы, ызалы сөз, тоңтеріс өкпе құлдырауға бет алған қоғам мәдениетін құрдымнан құтқарып қала алмайды. Осы бір шындықты іштей түсінсек те ышқынған дауыстар үй жығардай екпінімен елдің рухани дүниеге деген сұранысын жоқтап қызылтанау болып жүрді. Дұрыс қой. Себебі – ниет адал. Бірақ істің тетігі табылмаған соң не шара? Көкейдегі сауал мәнін жойып, көңілдегінің бәрі айниды, Ақыры көзіміз жетті: пәрменді билік қызметінің іс-қимылында мемлекеттік мазмұн қоюлаған сайын кез келген мәселенің түйіні тарқай бастайды екен.
– Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну – бұл өзі тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс,– деді Ұлттық Кеңестің өткен жұмадағы отырысында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев.
– Мұның ар жағында қоғамдық сананың қалыптасуы, ұрпақ тәрбиесі секілді үлкен міндеттер жатыр. Бұл міндеттерді жүзеге асыруды біз экономикамызды өркендетумен қатар жүргізіп келеміз.
Тек қана стратегиялық қадамдар жасайтын Елбасы «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырудың реті енді келгенін, экономикамыздағы ілгерілеушілік осындай сәтті мүмкіндік туғызып бергенін ескертіп өтті де, біздің коғамның рухани ахуалын қалыптастыратын жайттарды баяндап берді.
Қазба жұмыстары, шетелдерге сонау бір ықылым замандарда өтіп кеткен тарихи жазбалар, жәдігерлер, ғылыми және әдеби айналымдағы құнды кітаптар, телерадио архивіндегі бай мұралар... т.б. Президент осының бәрін қамтый сөйледі, игілікті істі науқанға айналдырмай жүйелі түрде жүргізудің жөн-жобасын айтты. Ұлттық Кеңестің осынау келелі отырысы болған күні біздің газетіміздің ретті саны жарық көріп қойған еді. Алайда, жамиғатқа жағымды әңгімені қанша қайталасақ та жалықтырмасы анық. Және бұл бірер күннің ғана азығы болатын тақырып емес, мәңгілік тақырып.
Сонымен назар аударыңыз, Ұлттық Кеңестің отырысына қатысқан шешендер не дейді?
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:
- Мәдени мұраларымызды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түріп кірісетін кез келді деп есептеймін...
Ұлттық мәдениетті көтеру дегеніміз ұлттың тарихын көтеру арқылы ұлтшылдыққа бет бұру емес. Біз көпұлтты мемлекетте өмір сүріп отырмыз, сондықтан біз барлық халықтардың тарихы мен мәдениетіне зор құрмет сезімімен қараймыз...
Біздің ұлттық мәдениетімізде де жалпы азиялықтарға тән биязылық, өткенге салауаттық жасау, үлкенді сыйлау, жасқа қамқорлық, қысылғанға қол ұшын беру, ағайынның ауызбірлігін сақтау - бәрі-бәрі де бар. Ендеше, сол ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуға тиіс.
Тұтастай алғанда бізге өзіміздің мәдени мұрамызды дүние жүзінің көруіне және көрсетуімізге мүмкіндік беретін жүйелі көзқарас қажет...
Қаражаттың тапшылығына, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешімін таппай отырғанына қарамастан, біз барлық мүмкіндіктерді жұмылдырып, қоғамымыздың ендігі жерде рухани түлеуіне, оның мәдениетін көтеруге, тарихи және мәдени мұрасын қалпына келтіруге, оны өркениет дамуынан кенже қалдырмауға ұмтылып отырмыз. Бұл өзімізді танудың, әрі тәрбиелеудің, ең бастысы, жас ұрпақтың бойына шынайы отаншылдық сезім дарытудың жолы. Осыны естен шығармайық, ағайын!
Дүйсен Қасейінов, Мәдениет министрі:
– Қазақстанның мәдени мұрасы – өз аумағында мекен етіп жатқан барлық халықтардың мәдени игіліктерінің жиынтығы. Олар – тарих пен археологияның, архитектураның 25 мыңнан астам тұрғылықты ескерткіштері, жүзден астам мемлекеттік музейде сақталған 2 миллион 56 мыңнан астам мәдени игіліктер, 3066 мемлекеттік кітапханада жинақталған 66 миллион 840 мың томдық кітаптар, сирек кездесетін қолжазбалар, басылымдар...
Бағдарлама жобасы тиісті мемлекеттік органдарда тыңғылықты сараптаудан өткізілген. Үстіміздегі жылдың тамыз айында «Мәдени мұра» бағдарламасы республикалық бюджеттік комиссиясының, жеке отырысында қаралған. Бағдарламаға бөлініп отырған қаражаттың жалпы көлемі – 3948 миллион теңге болса, 2004 жылға 5000,0 миллионға артқан.
Сауытбек Абдрахманов, Ақпарат министрі:
– «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Президенттің бұл сөзі «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру барысында біздің ұдайы басшылыққа алатын қағидамыз. Қалай дегенде де еліміздегі демографиялық ахуалдың өзі-ақ мемлекеттік тілдің мерейін жылдан-жылға арттыра беретіні сөзсіз. Университеттердегі, академиялардағы, институттардағы, колледждердегі сабақтар негізінен қазақ тілінде оқытылатын күн де келеді. Бәрі рет-ретімен болатын күнге де жетеміз. Біз сол жылдардағы жоғары мектептің жағдайын қазірден ойластыра беруге тиіспіз. Ол үшін бүкіл әлемнің ақыл-ойы жинақталған ең құнды қазыналардың тандаулылары қазақ тілінде жарық көруі керек.
Сейіт Қасқабасов, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры:
- Жаһандану ұлттық, рухқа зардабын тигізбеуі тиіс. Біздің ойымызша, ол үшін мәдени мұрамызды қазіргі өмірге, бүгінгі қоғамға жұмыс істету қажет. Рухани байлығымызды музейдегі экспонат сияқты сақтап қою жеткіліксіз. Оны бүгінгі өмірдің талабына, ең әуелі жастардың талғамына сай етіп жаңарту, жаңғырту қажет.
Карл Байпақов, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры:
– Құндылықтарымызды тек қана зерттеп-зерделеп қоймай, халықаралық туристік орындарға айналдыру керек. Бұған тек қана ғалымдар емес, әр деңгейдегі тиісті лауазым иелері назар аударуы тиіс. Тарихи мұралар орналасқан жерлерге қырағылықпен қарау әрқайсысымыз үшін парыз да қарыз, міндет.
Әбіш Кекілбайұлы, жазушы:
– Құдайға шүкір, рухани ырыс-несібеміз ешкімнен кем емес.
Жәдігерліктердің энциклопедиялық тізбесінің өзі ондаған томдарды құрайды. Олардың бірнешеуі бұдан он жеті жыл бұрын баспаға ұсынылған. Оларды жинап, есепке алуға талай азамат еңбек сіңірді. Әлі есепке алынбаған, ел асып, жер асып кеткен мұраларымыз қанша? Олардың кейбірін, ең болмаса, көшірмесі мен голограммаларын елге оралтуды Алматыдағы орталық мұражай ғимараты салынған кезде-ақ қолға алғанбыз. Арнайы зал да бөлінген.
Жидебайдағы Абай кешенінде «Көне түркі жазуы» тұрақты көрмесі жоспарланғанды. Бірақ одақтық үкімет адымымызды аштырмады. Басқа республика қорларындағы мұралықтарымызға аттап бастырмады. Моңғолия, Қытай, Германияға жөнелтпек экспедициямызға валюта бөлінбеді. Оны билейтін Архипов тақсыр жаңа мұражайға аудио-визуальды жүйе орнатуға бөлінген қаржымызды жыл бойы сарылтып, желтоқсанның отыз бірінші күні зорға босатқаны есімізде. Тек Эрмитаждағы киелі Тайқазанды одақтық министрлікті айналып өтіп, музей басшылығына ми-нистрлік, шығармашылық одақтар, Ғылым академиясы, Түркістан жұртшылығы болып хат жаздырып, Алматыға форумға келген ғылыми директорға жалынып-жалбарынып, алалап орнына әзер қайтарғанбыз. Бұл мәселені шешудің құқықтық мүмкіндігі тәуелсіздіктен кейін туды. Экономикалық мүмкіндігі енді-енді туып келеді.
Ештен кеш жақсы. Ең бастысы - қолда бар мұраны мұқият зерттеп, терең зерделеп, ойдағыдай сөйлете алу. Онда біздің айтылмаған сырымыз, ашылмаған қадір-қасиетіміз қалмас еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет