Публицистикалық стильдің тілдік, стилъдік, жанрлық ерекшеліктері туралы өз ойыңызды жинақтаңыз.
Қазіргі публицистикада қолданылып жүрген жанрлар туралы, олардың стилистикалық ұйымдасу ерекшелігі туралыөз топшылауларыңызды білдіріңіз.
Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:
1. Құжат тіліндегі етістіктің семантикалық-стилистикалық қызметі.
2. Теледидар хабарларының тілі
3. Публицистикалық стильдегі қоғамдық-саяси лексика.
4. Шешендік сөздердің типтері мен түрлері
5. Жарнама тілі
6. Ғылыми стильдегі лексиканың стильдік жіктелісі.
7. Өзге стиль элементтерінің көркем мәтінде жұмсалу ерекшелігі.
27-тапсырма. Берілген мәтіндердің тілінің лексикалық, фразеологиялык, грамматикалық ұйымдасу ерекшелігіне талдау жасаңыз. Шығарма мазмұнының көркемдік ерекшелігі неден көрінеді? 1. Міне, үйге де жетті. Ержанның, көзі кіреберіс есікпен қатарлас асүйдің терезесіне түсті. Пердесі жабылмапты. Бөлме ішін электр шамы жап-жарық қылып тұр. Жақындап барып, әйнектен ішке үңілді. Бөлменің қақ ортасындағы үйреншікті орнында ас столы тұр. Стол басында әжесі отыр. Бар назары алдындағы құмалақтарда. Ержанға бәрі де түсінікті еді. Жүрек тұсы жып-жылы болып еріп бара жатқандай сезілді. «Әжетайым, алтын әжем...». Көзінен мөлдір тамшының үзіліп түскенін өзі де сезген жоқ. Бұл ыстық сағыныш пен бірнеше секундтардан кейін болғалы тұрған қауышу қуынашының жасы еді (Б.Кәдірбайұлы).
2. Ауыл кешке ғана барлық қалпымен толық тіршілік етеді. Бұл уақыт ауылдың еңбек уақыты. Барлық мал мен адамның у-шуы түгел шығып толық араласқан уақыт. Ауыл маңының шұбарланып, жанданып, күндізгі құлазыған мең-зеңдіктен дырдуға ауысқан шағы. Сансыз көп тіл біткен, ажарланған шақ... Кешкі ауыл тіршілік жәрмеңкесі сияқты (М.Әуезов).