Бақылау сұрақтары:
Ресми іс-қағаздар стилінің тілдік, стильдік, композициялық ұйымдасуына қандай ерекшеліктер тән?
Ресми іс-қағаздар стилінің заң шығару, дипломатиялық, әкімшілік құжаттар стиль түрлерінің өзіндік ерекшелігі неде?
Ресми іс-қағаздар стилінде сөз таңдаудағы еркіндік қай жанрда басымырақ деп ойлайсыз? Неліктен?
Ресми іс-қағаздар стилі туралы және оған тән тілдік, стильдік, композициялық ерекшеліктер туралы өз ойыңызды тұжырымдаңыз.
Ғылыми стильдегі тілдік құралдар қандай мақсатқа қызмет етеді?
Ғылыми стильдегі тілдік құралдар қалай ұйымдасады?
Ғылыми стильдің шағын стиль түрлері мен жанрлары туралы не айтуға болады? Олардың тілдік, стильдік, композициялық ерекшелігі?
Ғылыми стильдің тілдік, стильдік, жанрлық ерекшеліктері туралы ойыңызды тұжырымдаңыз.
Өз бетімен орындауғы арналған тапсырмалар:
Ғылыми-дидактикалық стиль. Оқулықтардың тілі.
Энциклопедиялар мен сөздіктердің тілі, стильдік ерекшелігі.
Ғылыми-көпшілік стиль, тілдік ерекшелігі.
Дипломатиялық кұжаттардың түрлері, олардың тілдік-стильдік ерекшеліктері. Ресми қарым-қатынас тілі, стильдік ерекшелігі.
5. Ғылыми стиль мәдениеті
6. Функциональды стиль түрлеріне үлгілі мәтін түрлерінен мысал келтіріп, оларға стилистикалық талдау жасаңыз.
7. Бір тақырып таңдап алып, оны әр түрлі стильде жеткізіңіз. Өзара талқылаңыз.
22-тапсырма. Репортаждағы композициялық сөйлеудің формаларына талдау жасаңыз: әңгімелеу, суреттеу. ақпараттық үзінді мәтіндерді көрсетіңіз,оларға тән синтаксистік кұрылымдарды, сөйлемдердің байланысу түрлерін анықтаңыз. Репортажда әңгімелеу, суреттеу, хабарлау қалай жасалатындығы туралы ойларыңызды топтастырыңыз.
23-тапсырма. Қазіргі қазақ газеттері мен теледидарлардағы репортаждардың тіліне талдау жасау арқылы осы жанрға тән тілдік-стильдік ерекшеліктер туралы ойларыңызды топтастырыңыз. Ондағы әңгімелеу мен суреттеу, хабарлау қалай берілетіндігіне мысал келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |