Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет88/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

37-тапсырма. Берілген мысалдардағы сөздердін эмоционалды-экспрессивтік мағынасына талдау жасаңыз, стильдік мәнін анықтаныз.
1. Сөздердің асыл, көркем тасын қала, Ұйқасы өлеңімнің сыңғырасын (І.Жансүгіров). 2. Тасқында, тау суындай көңіл жыры (І. Жансүгіров). 3. Қабағынан қар жауған, Қараңғы бұлт жоғалды (Шәкәрім). 4. Ойнамасаң омақап, Онан да арман (Шәкәрім). 5. Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп, Қазақ қашан ел болар, құдайым-ай! (Шәкәрім). 6. Ыржың-ыржың еткенде, екі езуі екі құлағына жетеді (С.Сматаев). 7. Дәл сол сәтте бойы менің кіндігімнің, тұсына ғана жететін төртбақ, қазанбас, жуан мойын отыздың мол ішіндегі можан-топай біреу бізге қарсы жүрді (С.Сматаев). 8. Ендеше, замана оңғарылсын, бағыт түзелсін, халық қатарға кірсін, қай істе де көшіміз көлікті болсын десек, әуелі барымызды бағалай білейік. Ағайынның көңілін сол аркылы тауып, халықтың басын сол арқылы қосайық. Ол үшін талант көп болған сайын құлпыра түсетін өнеріміздің қай саласында да, әсіресе, сахна өнерінде бір күркенің төрі өзіме тиді екен деп қалғандарды шөміштен қысуға, бір аттың тізгіні өзіме тиді екен деп, қалғандарды құр тақым қалдыруға құмар болмайық. Ел тілегі бір-бірімізге көзіміз түзу болғанда ғана түзеледі (Газеттен).

  • Мәтінде лексикалық құралдар қандай стильдік қызмет атқарады?

  • Лексикалық құралдарды ұтымды жұмсаудың қандай тәсілдері бар?

  • Стилистикалық мағына қалай жасалады?

    • Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі лексикалық жаңа қолданыстарға мысалдар теріп, талдау жасаңыз.

    • Лексикалық құралардың функционалды стилъдік ұйымдасу ерекшелігін түсіндіріңіз.

  • Лексикалық құралдардың белгілі бір контексте стильдік мақсатта қолдану ерекшелігіне мысал келтіріңіз.



38-тапсырма. Берілген мәтіндерден лексикалық анафора, эпифораларды тауып, олардың қолданылу себептерін түсіндіріңіздер.
а) I. Сен өлімге қызмет етесің, мен өмірге қызмет етемін. Сен өлім шашасың, мен өмір шашамын, сен өлім сепсең, мен дүниеге өмір себем.
2. Сүюсіз бақыт жоқ, әйелсіз сүю жоқ, анасыз ақын да болмайды, батыр да болмайды (Ғ.Мүсірепов).
ә) Әйелдер: Әйел болу – сүю және сағыну.
Әйел болу – күю және бағыну.
Бағыналық, асығалық, бол, қызым!
Қалыңдық: Асық десең асығайын, анашым!
Баяғыдай тасымайын, анашым?
Ұят шығар күтіп қалса үлкендер! (Қ.Мырза)
б) Ол жасында найзагер батыр болған. Осы жасына шейін өз қасиетін жоятын жаман аттан да аулақ.
Жуан кім, көп кім, болмаса есер кім? Ешбірін де ол білмейтін. Өз өмірі, өз үйішімен, өз айранын ішіп күн кешетін (М.Әуезов).
в) Ұлжан кемпір төменгі жаулығының шетімен көзінен аққан сорасын сүртті де, шаңыраққа қарап:
– Ақырзаманның күні де жел, түні де жел, бір жадырап ашылмады-ау, - деді.
– Шеше-ау, осы баяғы күннің бірі де жоқ қой, – деп Күлзипа Ұлжанның сөзін іліп ала жөнелді, – баяғыда, жас келіншек күнімізде, мұндай «кер басқан» заманды көрген жоқ едік... Ондағы заман қызық еді. Күні де жадырап, көңілді көтеріп тұрушы еді... Ауыл сонда күзекке шығар деймін. Бақа шешей бар, Көзелқараның үйіндегі келін бар – бәріміз Қосөтердегі ағаштан шөпшек тереміз деп шықтық...(Б.Майлин)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет