Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді


в) Тақырлауға қонған қаз, тырна, Таң маңынан ұшар ол. Тауық неше шақырса, Таң болжалдан атар ол (Асан Кайғы). г)



бет84/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

в) Тақырлауға қонған қаз, тырна,
Таң маңынан ұшар ол.
Тауық неше шақырса,
Таң болжалдан атар ол (Асан Кайғы).
г) 1. Аталы – бала екеуі
Ботадай боздап көрісті.
2. Он екі төбет шұнақ хан!
Шабатының ел екен.
Күңдейтінің мен екен
Хан ұлына қас болу
Кара ұлына бас болу
Меңдей ерге жөн екен (М.Өтемісұлы).


31-тапсырма. Берілген мәтіндерден дыбыс үндестігінің (ассонанс, аллитерация, аралас үңдестік) қандай мақсатта жұмсалатындығын талдаңыздар.
а) 1. Кестелі көйлек етегім,
Келмейді жайым кетемін.
Келмей қалып, құрдас-ау,
Көңіл сұрап нетемін...- деп еді Зейнеп (Б.Майлин).
2. Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңкеу де еңкеу жер шалмай,
Ерлердің ісі бітер ме?! (М.Өтемісұлы)
ә) 1. Бас-аяғы атшаптырымнан әлдеқайда алыс келетін астанада алшаңдап жүрсең де, айналайын алақандай ауылыңның жөні бір басқа ғой. Мәселе - бұтаға паналаған торғайдай біздің үйді өздеріне ық еткен тамам жетімдер мен мұқым бір елдің кәрі-жасы сыйлаған аяулы адамның алдындағы ағаттықта. Ай-күні аяқталғандар біртіндеп, ажалдың аранынан өтіп те кетті.
2. Айқай шықса-ақ атқа қонар қаумалаған қарындас та емес, сол күмбірлей күңіренген сырлы да сазды, әсем де асқақ күйлердің өзіболмақ.
3. Мұнысы құрғақ дәукестік те емес секілді. «Боз інген» күйін толғауын толтырып, енкелектетіп келіп еңіреткенде, тындаушылар бір күрсінбей қойған емес. «Боз інген» әркімнің шерлі шектерін шертіп, қан қатқан жүрегін босатып жатқан секілденеді. Су ағуын, жел соғуын тоқтатып, даланың қайғылы мұңын талай тыңдағаны рас.


32-тапсырма. Ә.Кекілбаев шығармаларынан алынған үзінділердегі сөздердің дыбыстық үйлесімділігіне баға беріңіз.
1. Қолына тізгін тимесе де, еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтың басы алтын, құйрығы күміс ботаға буаз боз інгендей жапырып отап, сапырып суламай, тыраңдап аунап, бұртаңдап тудамай, өз қадірін өзі біліп... анық баспағы шарт. 2. Жайса белге, жапса көлге сыймайтын мал. 3. Жау сұғына түседі де, қазақтын жүні жығыла түседі. 4. Ай астының зоры болам деп жүргенде, өз ұяластарының қоры бола жаздапты ғой. 5. Жағаласқаннан, жармасқаннан, жанжалдасып-жамандасканнан ешкімнің көсегесі көгермейтініне көз жететіндей уақыт болды. 6. Азаттықтың асқақ болмауға, адалдықтың аңғал болуға қакысы жоқ екен, 7. Жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық тосатын жаңа асқаралы міндеттерді адамзат тек жарастық пен жасампаздық арқасында ғана еңсере алмақ. 8. Ал бұрынғы байлаулы қолы шешілген бойда кеткен есені қайтарып, кемшіліктер мен пенделіктерді жойып ел болмақ жолындағы еңбекке, нақты шаруаларға жедел кірісіп кете алған жетелі қауымдар жетем дегеніне тез жетпекші. 9. Әуезовті тану – ұлтты тану деген ұғыммен ұштасады. 10. Қолы ұзындар жабылып қалтасына, тілі ұзындар жабылып жағасына жармасып, қадымын аштырмай қармаласып жатқан қаршадай мемлекетіңе қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, болысып бағу. 11. Қазақтың желкөз керегесінің аржағында желбуаз әңгіме жетпей қалушы ма еді? 12. Бірақ қашан көрсең де асығыңды алдап ұтып алғысы келіп жүретін жылмыңтөс балалардай, сыр бермей жымпиып жүретін жылмақай неменің бүгін езуіне ие бола алмай, жымыңдай амандасып, жымыңдай қоштасуында бір гәп бар шығар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет