Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет87/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

36-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі теңеу мен эпитеттің стильдік қызметін, сөйлемге әсерін анықтаңыз.
1. Қазақ бизнесі кетпен ұшындағы алқапта өскен шырмауықтай. 2. Ол тілде жиі де жеңіл-желпі қолданылатын сөздерін біздің «мықтылар» ана тілімізге қайызғақша қаптатып жіберді. 3. Шатаққа шырмауықша шатыспайын. 4.Үлкен спорттың үйдей проблемалары. 5. Секілденіп «лимузинмен» даңқ сынасқан отарба, Рух солай сырғып кеттің ең кейінгі қатарға (М.Шаханов). 6. Жаралап ер жүрегін жау қанжары, Ысқырып жылан емір жанын шаққан (І.Жансүгіров). 7. Көк орман, көркем тоғай маужыраған. Сұлудың көзіндей көл жаудыраған (І.Жансүгіров). 8. Жүрегін жуықпаса жаралаған, Кір өмір, тікен тұрмыс, улы өсек (І.Жансүгіров). Көкшетау көп жердің бір көркем жері, Қыз Орман, Бурабайдың мөлдірлері (І.Жансүгіров). 9. Жомарт тау дастарқанды, момақан тау, Шипа тау тазартатын барлық дерттен (І.Жансүгіров). 10. Тілісің, теңіз көңіл, батылысың, Өткір ой, сезгір сезім батырысың: Желіндей қуаныштың жеделдей соқ, Өлеңнің өзені бір сапырылсын (І.Жансүгіров). 11. Қарлығаштың қанатындай тартылған қара қастың кей-кейде құрысып-жазылып, артынша-ақ әлсіз дірілге ауысуы – іштегі мұңның сыртқа тебуінен болар (С.Сматаев). 12. Көзі сілеусіннің көзіндей долы, бірақ осы көз үшін мен оны: «Рақмет, тәтетай!» – деп құшақтап сүюге шақ қалдым. Мен іздеген кұралай көздің иесі осы әжей болып шыққанда кайтер едім (М.Мағауин). 13. «Егер кұдай барлығы анық болса, Тең болмас ақ жүрек пен сұм залалкес»; «Балалық – тазалық өлді, Жүректің ақ нұры сөнді»; Ар-ынсаппен іс қылып азап тартып, Ақ жолында өледі бірталай жан»; «Арам безден арылып әділ жүрсең, Ақ жаратқан құдайың жек көре ме?»; «Ызалы жүрек, долы тіл сөйлеп отыр, Ыза қысып, тісімді байлаулымын. Өткен өмір – өкініш, ой жаралы, Дерті қалың делбемін шірік өкпе»; «Мұнымен кірлі көніл шалқия ма? Қан жұтқан қайран сенің сұм жүрегің» (Шәкәрім). 14. «Сен біреудің айыбын ашпа, Түн сықылды перде тарт. Күн сықылды аша берме Жер жүзінің әр сырын»; «Бірін-бірі құтырған итше қауып, Өңкей төбет шуылдап ұлып жүрді»; «Құдайың мен дүниеге, Кезекпе-кезек шоқынсаң. Инедей пайда тие ме, Мешітте мың жыл отырсаң» (Шәкәрім). 15. Күкіртсутек иісі – кауіп хабары тәрізді (Оқулықтан).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет