Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді


в) Ион – дипольді қосылыс түзілгенде (полиэтиленгликоль-калий роданиді) макроэфирдің молекулалық массасы өскен сайын химиялык әрекеттесу күшейе береді. г)



бет90/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

в) Ион – дипольді қосылыс түзілгенде (полиэтиленгликоль-калий роданиді) макроэфирдің молекулалық массасы өскен сайын химиялык әрекеттесу күшейе береді.
г) – Уа, тақсыр-ай, жарқыраған жаз күндегісін айтып қайтесің? Кыстың күні сол араға мал түгіл, итті байлап тұрғыза алар ма екенсіз. Боран ұлып, қар құрсап жатқан өлік дала – мылқау да керең. Оның қаһарына іліксең үмітіңді үз де, кете бер. Күш-қуатына, азаматына сенген жандардың да құралақан қалғаны бар. Жазда ұжмақ болса, қыста дозақтың өзі сол. Оның несін мақтайсыз! – Болыс ауыр күрсініп, сілкініп қалды. - Былтыр мені жұтатқан сол дала емес пе?!
ғ) Қай халықтың болса да ақыл-ой тереңдігі, сана-сезім сергектігі көп сапалармен тармақтана, молыға келіп, тағы да сол ана тілінің алтын қорына қосыла береді. Қай халықтың болса да басынан өткен дәуірлері, қилы-қилы кезеңдері ана тілінде із қалдырмай өте алмайды. Ана тілі ғасырлар бойында жасала да, жасара да береді. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады (Ғ.Мүсірепов).


41-тапсырма. Берілген мәтіннен мазмұнына ерекше әсер беріп тұрған тілдік тұлға-бірліктерді алып тастап соңғы нұсқасын өз дәптерінізге көшіріп жазыңыз. Екі мәтінді салыстырыңыз.
Қазір кеш тақау. Күн батуға арқан бойындай ғана қалды. Өртеңнің сарша биігінен Абайға мәлім көп таулар, далалар, қыстау болған қалың қатпар адырлар жағалай көрінеді. Сол жақта, күншығыста Орда тауы, Тоқымтыққан, Боқай дейтін көкшіл мұнарға оранған қоңырқай таулар көрінеді. Одан әріде, шырқау ұзақ алыста, аспан мен жер мұнар боп, кілегей сұйық ақкөк бояуға айналыпты. Көкжиегі көрінбей қосылып кеткен, кілегей мұнар ішінде Арқат тауы, Байжан тасы байқалады. Олар өзгеше иректелген қырлы жоталарымен сәл-сәл ғана аңғарылады.
Жағалай оңтүстікке көз тастағанда шығыстан батысқа қарай алыс өңір, үлкен өлке қоршай түсіп, қатпар-катпар қара көк адыр, қалың тау Шыңғыс жатыр. Абай көңіліне мәлім әр тайпа елімен және Абайға жас кезінен белгілі сай-салалары, қыстау, қоныстары көп биік шоқылары көрінеді. Шыңғыстың сондай бөліне көрінген биіктері – алыстағы Бөрлі, бертінде Қан, Қараша қойтасы, аты жақсы Түйеөркеш, Тоқпамбет, содан әрі өз ағайыны мекен еткен биік кеуделі Қарашоқы, бертінде Қыдыр, қатпар-қатпар қалыптарымен көлденең түсіп, көлбеп жатыр.
Шығыста Шұнайдың қос биігі, одан төменірек, бертін тұста жартасты сұлу тау – Доғалаң тұр. Бір кез, айнала үнсіз дүниені тамашалай қараған Абай көзіне Түйеөркештен, Қарауылдан төмен қарай созылған ак дала түсті. Осы мол сардаланың жап-жазық бетінде Шұнай, Доғалаң, Орда сияқты таулар бір сәтте Абай көзіне тау емес, әлдебір ғажайып алып кеме тәрізденеді. Сары теңіз шексіз ұзақ жазық, толқынсыз тыныш теңіз тәрізденіп кетеді. Сол теңіздің бетінде бөлек-бөлек орнаған көк биіктер көк кемелердей.
Ертегі сипатты теңіздің ертегілік ескі заман кемесі. Сол ертегілерде жапанды кезген жалғыз жанға оқта-текте кезігетін тылсым буған дүние болатын. Қыбырсыз қатып тұрған ұшы-қиыры жоқ, жансыз бір меңіреу дүние мүлгіп тұрып кезігетін. Онда тас боп мелшиіп тұрып қалған жан-жануар көрінетін. Тырс еткен дыбыс, қыбыр еткен тірлігі жоқ тағы да тас боп сілейіп қатып қалған қалалар барды. Мынау Абай көзіне көрініп тұрған, кесіп алғандай боп саржазыққа оқшау-оқшау шөккен бөлекше тас биіктер, бейнебір сол тылсым дүниенің қатып тұрып калған тылсым буған тас кемесіндей.
Абай рахат бір әдемі жайлы әсер байқайды. Енді аңдаса. Шыңғыс жақтан асықпай соқкан салқын самал тұла бойын шіміркендіріп өзгеше бір тыныш рахатқа, қоңыр салқын майда бір лепке орағандай екен. Ішінен: «Түу, не деген рахат жел, қоңыр жел!» дей түсіп, омырауы ашық кең көйлегінін бойын, шапаннан ашып, төсін сол желге төсей береді. Тамаша жайлы салқын самал бет, мойын, кеуде, қол барлығын қоршалай сипай орағанда, тағы бір шақта жел емес, әдемі мөлдір таза суға да ұқсайды. Адам бейне-бір жайлы қоңыр, салқын суға шомылып тұрған тәрізденеді (М. Әуезов).

  • Мәтінге ерекше әсер беріп тұрған сөздерді алып тастағанда қандай өзгеріс болды? Ол мәтінге қалай әсер етті?

  • Мәтіннің әсерлілігі қандай сөздер арқылы жасалып тұр? Олар қалай аталады?

  • Алдыңғы мәтіндегі нақтылық пен соңғы мәтіндегі нақтылық қалай жасалған?

  • Мәтінге ерекше әсер беріп тұрған көріктеуіш-бейнелеуіш құралдарды суреттеу тәсіліне қарай топтастырыңыз, анықтамасын беріңіз.

  • М.Әуезовтің «Абай жолынан» алынған үзіндіге қандай тақырып атауын қоюға болады? Неге?

  • Мәтіннің мазмұндық және композициялық біртұтастығы қалай берілген?

  • Үзінді мәтіндегі негізгі тақырыпты сақтай отырып, мазмұнын 5 функционалды стиль ыңғайында жазбаша жеткізіңіз.

  • Берілген мәтіндерде тіл қандай қызметте жұмсалған?

  • Ол мәтін мазмұнына қаншалықты әсер еткен?

  • Тілдік құралдардың грамматикалық мағынасы мен стилистикалық мағынасының арасында қандай айырмашылық бар?

  • Тілдің стилистикалық жүйесі, оның маңызы мен зерттеу нысаны туралы өз пікіріңізді тұжырымдаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет