Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет86/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Бақылау сұрақтары:

  1. Фонетикалық стилистика. Дыбыстау стильдері. Дыбыстаудың түрлері.

  2. Дыбыстардың стилистикалық мағынасы мен бояуын анықтау.
Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:

1. Метафора, метонимия, синекдоханың стильдік қолданылуы.
2. Көп мағыналы сөздердің стильдік қолданылуы.


35-тапсырма. Берілген мәтіндерден синонимдер мен контекстік синонимдерді ажыратып, олардың қолданыстарына талдау жасаңыздар.
а) Осы ауылдарын көшіріп, жөнелтіп болған соң, Құнанбай, дәл бүгінгідей, Шыңғыс өңіріндегі әбігер мен қарбаласты тез пайдаланбақ болды.
Бағана, таңертеңнен бері үсті-үстіне келіп жатқан аттылар қазір түс кезінде, қалың нөпір, үлкен қол болды. Тегіс сойыл, найза, айбалта, шоқпар ұстаған, шабуыл мен соғысқа әзірленген қол (М.Әуезов).
ә) Үйлерінің көбі саманнан салынып, шатырлары қамыспен жабылған бұл үлкен поселкенің әр тұсында сорайып тұрған қарағай үйлердің біреуі Семен Сычнойдікі екен: Қожақмет қақпасын қаққанда, аржағынан бойының биіктігіне орталау адамның созған қолы әрең жететін, екі иығына екі кісі мінгендей кең, жуан денелі, қаба сары сақалды, жирен өңді орыс шыға келді (С.Мұқанов).
б) Абай өз әкесінің өзге атқамінер атаулыдан мықты, қайратты екенін сезеді. Қазір көп-көп ойлай, көп бағып, танып көргісі келетіні дәл осы өз қасындағы өз әкесі. Жақын жерден, қасынан қарағалы әкесі бұған үлкен жұмбақ боп тұр (М.Әуезов).
в) Соғысқан, белдескен күнінде жеңе алмай қалғаны тағы бар. Бірлесіп қарсылық көрсеткен үш ру ел біржолата қойындасып, құшақтаса араласып жатыр.
Тұрсын да міз бақпастан, тастай боп, қыбыр етпей, шаншылып отыр (М.Әуезов).
г) Дүйсенбі күні Шешенстанда өткен президент және парламент сайлауы неше түрлі зобалаң мен нәубетті бастан өткерсе де, иілмеген өр халықтың өміріндегі тарихи оқиға. Астанасын Жохар-қала деп өзгерткен шешендер үлкен белсенділік көрсетті. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі бастаған халықаралық ұйымдар зор қолдау көрсетіп, қаржылай көмек берді.
Табандылығы мен ержүректігі арқылы күллі әлемді таң қалдырған кішкентай елдің басшысы сейсенбі күні айқындалды.
ғ) Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әрнәрсеге өзіндей баға бермек.
Таразы да, назы да өз бойында
Наданның сүйенгені көп пен дүрмек.
Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек?
Адалдық, адамдықты кім теңгермек?!
Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,
Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек (Абай).
д) Жайлау аралас болса, қыдырыс, жүріс аралас болады. Сыбаға, қонақ асы аралас болады. Сүйтіп мал басы түйісіп отырса, ел тарту оңай. Ал, мұндай есепке Зере отырған үлкен үйдің барғаны жақсы. Бұл көп Тобықтының үлкен санайтын, күтетін үйі. Және Күнкедей емес, Ұлжан қонағуар, кең бейіл, мырза. Оның асы мен көлігі өң шырайы адамды дос етеді, тарта біледі. Ішіне қан қатқан, сонау қатты жаулық болмаса, ет пен терінің арасында жүретін уақ-түйек өкпені жуып-шайып отырады (М.Әуезов).
е) Қазіргі Тоғжан жүзінде Абайдың қиялынан бір шақ кетпейтін үлбіреп, толқып, лезде келіп, сәтте қайтып тұратын қызыл арай реңі жоқ.
Тоғжан есікке қарай қозғалғанда, Абай қадалып, телміре қарап қалып, бешпетін екі иығынан шеше беріп еді. Бірақ, Тоғжан бір қарамағанға қайран боп, кеткенін қыймағандай қалт тұрып қапты (М.Әуезов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет