Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет91/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

42-тапсырма. Берілген текстерден фразеологизмдерді, мақал-мателдерді тауып, олардың жалпыхалықтық және авторлық өңдеуге түскен түрлері мен өзгерістерін түсіндіріңіздер.
а) Әрине, бұл сіздер үшін – республика халқының өз ішінде әлі онша сезіле қойған жоқ болар, ал халықаралық деңгейде алғашқы күннен бастап-ақ абыройлы міндетін атқара бастады. Өйткені сол күннен бастап бүкіл әлем біздің мемлекетіміздің қандай мемлекет екенін, біздің еліміздің қандай ел екенін, қазақ халқының қандай халық екенін сезініп, біліп, Конституциямыздың деңгейінде санаса бастады.
Сондықтан да ендігі мақсат осы Конституцияның бұлжытпай орындалуы мен елімізге мүлтіксіз қызмет етуін қадағалап, соның мерейінің үстем болуына ат салысу болса керек деп түсінеміз ("ҚӘ").
ә) Тағы да таласып келіп, тағы да тақасып келіп қонып жатқан екі бай ауыл ақ үйлерін әлі тіккен жоқ еді. Жаз бойы Құланөтпес пен Құдайменденің кең шиырына сыйыса алмай, күнде қанат серпісіп, күнде қамшы сілтесіп, қақтығысып қалғен екі байдың аядай жерге арқа тіресіп қонып жатқандары жай да емес сияқты.
Алшақ жайласып, араласпай араз отыратын екі бай уәделесіп қойғандай, Майқұдық басына бүгін кешке жақын қатар келіп құлады. Бірінен-бірі іргесін айыра алмайтын дос ағайындарша, бір ғана бұлақтың басына иық тиісе қонып жатыр (Ғ.Мүсірепов).
б) Қазақстан халқы өз қолдауымен басты сұраққа жауап берді және Конституция бүкіл елдің, әркімнің жеке басының яки оның отбасының тыныш, алансыз өмір сүруіне жағдай жасайтыны жөнінде сенімге ие болды. Бұл – халықтың Конституциясы, ол мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнары болып табылады. Президент қазақстандықтардың өзгерісті объективті бағалауға, келешекті көре біліп, дұрыс таңдау жасауға қабілетті екендігіне тағы да көз жеткізгенін мәлімдеді.
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды тарихи оқиғамен тағы да құттықтап, өз жұмысымен осы күнді жақындатуға көмектескендердің барлығына алғыс айтты. Ол барша жұртқа бақыт, денсаулық пен табыс тіледі. Бұған ендігі жерде Конституция кепілдік береді ("ҚӘ").
в) 1. Жаманның көңілі көкте, басы жерде,
Алыс қой аңғарғанға екі арасы...
Жақсының өзі кіші, ойы биік,
Бірдей ме екеуінің мәртебесі (Ж.Жабаев).
2. Біреулер қара сөзді қамшы қылып,
Қуды мініп, құланды құрықтап жүр (Ж.Жабаев).
г) 1. Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда,
Көбінің сырты бүтін, іші түтін.
2. Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар (Абай).
3. Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық
Аздырар адам баласын (Абай).
ғ) 1. Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап (Абай).
2. Қилы-қилы заманды,
Заманға сай адамды.
Салыстырып қарасам,
Су мүйіз болған танадай,
Шыр көбелек айналам (Д.Бабатайұлы).
д) Көбей Еспембет, кеден, кеден болды, кедергі неден болды деп отырсың, мен саған бұл дауың орайсыз деп отырғаным жоқ. Екі елдің сөзін екеуміз ұстап кездескен соң дәнекер болатын жағын қарастырайық дейім. Болмаса қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса сақа қой. Жақпаса билігіңді өзің айт. Сапты аяққа ас құйып, сабынан қарауыл қарайтын болсаң, мен билік айтпаймын. Тағы айтарым – тобықтының азды-көптігін сарапқа салар жер емес бұл. Көп болғанда кімнің басы кімнің қанжығасында жүр еді? Тобықтының найманға істеген өрлік өктемін көргенім жоқ. Керіс неге керек? (М.Әуезов)
е) Ағайын арасында аз үйлі керей болғанмен Айнабай деген бірді-бірге соғып, екі елдің арасына от салып тұтандырып жүретін бір қызыл көзді бәле. Ел ішінде Айнабайдың істемеген бұзықтығы жоқ. Анау-мынау адамдар өзінен сескенетін де еді. Қызы Күлзипа сонда 17 шамасында шығар деймін. Орта бойлы, қара сұрлау, тік қабақ, сұстаныңқырап тұратын адам еді. Айнабай өзі кедей уақытында сөз байласып, соңғы кезде шел бітіп тәуірленген соң айырғысы келетін (Б.Майлин).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет