Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет33/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиеттерде, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функционалды стильдердің бірі. Публика – латын сөзі, «көпшілік» мәнін білдіреді. XIX ғ. II жартысында негізі қаланған стиль түрі бүгінде қоғамға аса қажетті маңызды мәселелерді уағыздап, көпшілікке кеңінен қызмет етіп отыр. Ол – қазіргі әдеби тілдің ең жүгі ауыр, елеулі саласы. Басты стильдік сипаты: мұнда қолданылатын сөз үндеу мәнінде жұмсалады. Сөз эмоционалды-экспрессивті сипатта болады (еңбек ардагері, дем беруші, көшбасшы, нық қадаммен т. б.).
Тілдің осындай эмоционалды-экспрессивтілігі жағынан көркем стильге жақын, ал фактіні толық және жүйелі баяндау тәсілі жағынан ғылыми стильге жақын екендігі көрінеді.
Публицистикалық стильге газет-журналдар тілі, радио-телехабарлар тілі жатады. Ал жанрлық түрлері: бас мақала, ақпараттық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет және радио-теледидардан берілетін хабарлар. Әрқайсысының өзіндік сөз қолдану ерекшелігі, тілдік ерекшелігі айқындалады. Барлығына ортақ тілдік ерекшеліктер төмендегідей: лексикада – қоғамдық-саяси терминдер мен сөздер (митинг, ереуіл, парламент, демократия), ілгеріде келтірілген эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары, перифразалар (көгілдір экран, ақ халатты абзал жан, кара алтын, дала кемесі т. б.,) грамматикада – қосарлы сөздер (бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық т. б.), бұйрық рай тұлғалы сөздер (жүзеге асырайық, оңды нәтижеге жетеміз, іске жұмылдырылсын), сөздердің инверсиялануы, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, әртүрлі қайталамалардың қолданысқа түсуі жиі байқалады.
Публицистикалық стильдің жанрларына қарай былай топтастыруға болады:
Деректеме, хабарлама жанрына: деректемелер, интервью, рецензия жатады.
Аналитикалық жанрларға: бас мақала, мақала т.б.
Көркем-публицистикалық жанрға: очерк, фельетон, репортаж, эссе жатады.
Публицистикалық стильдің ерекшелігі ақпараттық қызметтің құжаттылық, ресми хабарлау, обьективтілік, дәлелдік, сабырлылық сияқты функцияларында көріне алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет