Сулейменов Пиримбек Муханбетович


Қоғамның өмір салты өзінің дамуының



Pdf көрінісі
бет15/44
Дата16.10.2023
өлшемі1,89 Mb.
#116642
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Байланысты:
Электронный учебник П.М. Сулейменов

Қоғамның өмір салты өзінің дамуының
әртүрлі сатыларында қоғамның 
негізгі салаларының жайына, олардың формациялық құрылымына және 
өркениеттілігіне 
тікелей 
байланысты. 
Алғашқы 
қауымдық, 
саяси, 
экономикалық және постиндустриалды қоғамдардың өмір салттарын 
салыстырыңыз. 
Алғашқы қауымдастықтар мифологиялық дүниетаныммен, толықтай 
географиялық ортаға тәуелділігімен, қарапайым еңбек құралдарымен, 
биологиялық қажеттіліктердің (жылу, тамақ, және т.б.) басымдылығымен 
ерекшеленеді. Осындай жабайылық пен варварлық кезеңінде, адамдар мен 
қауымдастықтардың өмірінің сапасы мен деңгейі алғашқы қауымдық сипатта 
болған еді. 
Саяси (коллективтік) қоғамдар үстем тап өкілдеріне, мемлекеттік аппарат 
(шенеуніктер) және бағыныштыларға бөлінді. Бұл қоғамдардың тіршілік 
әрекетінің негізін саяси таптың қажеттіліктері, мүдделері, мақсаттары құрады: 
артықшылықты позиция, әскери қуат, басқарылушылық. Олар қоғамның, 
халықтың, мемлекеттің мүддесі саналды. Ал, бағыныштылар еркін қауым 
мүшелері, басыбайлы шаруалар, еңбек етушілер болса, еңбек ұжымдары мен 
қоғамдық жұмыстарда ауыр физикалық еңбекпен айналысты. Дегенмен, 
олардың қол еңбегінің нәтижесінде өндірілген материалдық игіліктер үстем 
таптың мүддесіне орай орталықтандырылған түрде қайта бөлінді. Мұндай 
қоғамдарда әскер және әскери қызмет маңызды институт және белсенді іс-
әрекет саналады. Жоғарғы тап өкілдері білім деңгейімен ерекшеленеді, 
нәтижесінде осы елдерде жоғары өнердің гүлденуі өрістеді. Бастапқы 
деңгейден қауымдық мемлекеттік және жоғары тоталитарлық мемлекеттік 
билікке дейінгі кезеңде мемлекеттік қуаттың, басып-жаншу аппаратының, 
саяси қоғамдастықтардың экспансионистік (жерін кеңейту) ниеттерінің күшеюі 
байқалады. Көпұлтты және көпконфессиялы болып табылатын бұл қоғамдар 
тек жалпы азаматтық емес, сондай-ақ ұлттық стигматизмді жүзеге асыратын 
империялар түрінде өмір сүрді. Мұндай қоғам антагонистік экономикалық 


топтарға жіктелмейтіндіктен өзінің біртұтастығын сақтап қалған. Сондықтан, 
бұл қоғамдар ортақ иедология, ерік, пассионарлылықпен сусындаған, бұл 
әсіресе осы қоғамның басқа қоғамдармен соқтығысуы кезінде айқын 
байқалады. Бұл қоғамдар монолитті, яғни біртұтас, болғанымен де, қоғамдық 
өндірісті сапалы дамытуға қабілетсіз, олардың дамуы негізінен баяу және 
экстенсивті сипатта болған. Мұндай қоғамдар тек сыртқы шабуыл немесе саяси 
элитаның ауысуы сынды экстремалдық жағдайларда ғана, қайта жасақталып 
алға секіріс жасайды.
Экономикалық (жеке) қоғамдар антагонистік экономикалық таптарға 
бөлінеді: құлдар мен құлиеленушілер, феодалдар мен басыбайлы шаруалар, 
буржуазия және пролетарийлер. Қоғамның жетекші таптары болып 
экономикалық үстем таптар саналады, олардың қажеттіліктері мен мүдделері 
қоғамның дамуын айқындайды. Қажеттіліктер қатарына баю, кіріс, сауда және 
бәсекелестік жатады. Қоғамның негізгі тіршілік әрекеті жеке меншік, нарық, 
бәсеке, пайдаға негізделген экономикалық (өндіріс, сауда, тұтыну) іс-әрекет 
болып табылады. Меншік иелері мен ауқатсыз таптар, жаңа меншік иелері табы 
мен ескі меншік иелері табы арасындағы үздіксіз идеологиялық, экономикалық 
және саяси күрес қоғамның негізгі салаларын дамытуға ықпал етеді. 
Экономикалық 
кәсіпорындар 
ұдайы 
жетілдіріледі: 
мануфактуралар, 
фабрикалар, монополиялар, ұлтаралық корпорациялар. Экономика, пайда, ауқат 
және экономикалық қуатты дамыту мақсатында отарлық басқыншылық іске 
асырылады. Динамикалық түрде дамып жатқан экономиканың әсерінен саяси 
жүйе мен қоғамдық дүниетаным ұдайы жетілдіріледі. Ғылымның маңыздылығы 
күннен күнге артып келеді, ол өндірістік күшке айналады. Өндіріс тиімділігін 
арттырудың шарты ретінде халықтың сауаттылық деңгейі үлкен қарқынмен 
ұлғайып келеді. Ал, өндіріс тиімділігінің артуы нәтижесінде халықтың барлық 
таптарының, әсіресе орта тап өкілдерінің, өмір сүру деңгейі мен сапасы артады. 
Дегенмен, мұнда әлеуметтік теңсіздіктік сақталады, демалыс пен рухани дамуға 
бөлінетін уақыт қысқарады. Сондықтан, мұндай қоғамдарға жалпыға бірдей 
сенімсіздік пен қанағаттанбаушылық күйі тән.
Саяси-экономикалық қоғамда жетекші әлеуметтік тап рөлін орта тап 
өкілдері атқарады. Сондықтан, саяси-экономикалық қоғамның өмір салты 
төмендегілерді қамтиды: 1) оның идеологиясында көрініс табатын орта таптың 
қажеттіліктері, мүдделері мен мақсаттары; 2) орта тапқа тән тіршілік ету 
формаларының жиынтығы; 3) орта тап өкілінің әдеттегі өмір салты, оның 
қажеттіліктері, мүдделері, мақсаттары, тіршілік ету формаларының жиынтығы, 
қанағаттану дәрежесі және т.б. Бұл қоғам сыртқы сын-қатерлер мен өзіндік 
құрылымды дамытуына байланысты саяси және экономикалық жүйелер 
арасында үздіксіз қозғалыста болады. 
Дамыған мемлекеттерде саяси және экономикалық қоғамдар орнын 
алмастырушы постиндустриалды (ғылыми-техникалық, техногенді, азаматтық) 
қоғамдарда өмір салтының елеулі өзгерістері орын алады. Өнеркәсіптік 
қоғамның экономикалық және саяси сипаттағы негізгі қайшылықтарын еңсере 
отырып, постиндустриалды қоғам жаңа қарама-қайшылықтарды тудырады.


Мұндай қоғамның негізгі таптары менеджерлер, зияткерлер және 
жұмысшылар. Олардың материалдық қажеттіліктері мен мүдделері (танымдық, 
конструктивистік, эстетикалық және т.б.) қоғамның даму бағытын және 
қарқынын айқындайды. Материалдық өндірістің рөлі төмендеп, қызмет 
көрсету секторының, ең алдымен аналитикалық ақпараттық қызметтің рөлі 
артады. Сонымен қатар, бұл ЭЕМ мен кибернетика арқылы өндірістік 
процестерді кешенді автоматтандыру негізінде әлеуметтік өндірістің 
тиімділігінің артуымен сипатталады. Ақпаратты өндіру, тарату, айырбастау 
және тұтыну жөніндегі қызмет анықтаушы рөлге айналды. Жаңа 
технологиялық процестің өнер табысы мен оны өндіріске енгізу арасындағы 
уақыт айтарлықтай қысқарды. Мәселен, адамзат фотосурет технологиясын 
толықтай меңгеруге 112 жыл қажет болса, транзисторлық микросхеманы 
игеруге 15 жыл, ал интеграцияланған микросхеманы меңгеруге тек 3 жыл 
көлеміндегі уақыт қажет болған.
Қоғамдық 
өндіріс 
саласында 
қызметкерлердің 
шығармашылық 
потенциалын пайдалану негізінде еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістері 
қабылданды. 1980 жылдары Америка Құрама Штаттарында өндірістік 
процестерде жұмыс істейтін қызметкерлердің саны 12% -ға дейін төмендеді, ал 
бүкіл зауыт пролетариаты еңбекке жарамды халықтың 17% -ын құрады. 
Постиндустриалды елдерде орта таптың жалпы халық санының жартысынан 
астамын және үштен екісін құрайды. Білім мен ғылымның жаппайылығы мен 
қарқындылығы күрт өсуде. Жанұяның жаңа түрі пайда болады. Өмір сүру 
сапасы да айтарлықтай артады, бұл адамдардың өмір сүру ұзақтығының 
ұлғаюынан көрінеді. Поляк ғалымы, 3.Бжезинскийдің пайымдауынша, 
постиндустриалды қоғам өнеркәсіптік, яғни техногендік болып саналады. 
Себебі, мұндай қоғамдарда мәдениет, психология, әлеуметтік өмір және 
экономика, технологиялар мен электроника, әсіресе компьютерлер мен 
коммуникациялар әсерінен қалыптасады. Бұдан былай, өндірістік үрдіс 
қоғамның 
құндылықтар 
жүйесіне, 
әлеуметтік 
тәртіптеріне 
және 
құндылықтарына әсер ететін басты шешуші фактор емес. Постиндустриалды 
қоғамда және индустриалдық қоғамдарға тән адам мен географиялық ортаның 
өзара әрекеттестігі адамдар арасындағы өзара әрекеттесумен алмастырылады. 
Алдыңғы қоғамдарда (саяси және экономикалық құрылымдарда) адамдар 
өндіріс құралдарынан және мүліктік иеліктен алшақтатылғандықтан, өздерін 
экономикалық және саяси биліктің белсенді иесі ретінде сезінбейді, олар 
өздерін өнеркәсіптік машинаның бір бөлшегі ретінде ғана сезінеді. Сондықтан, 
адам қызметінің ең маңызды саласы жұмыс, адамдарда қанағаттану сезімін 
туғызбайды, әрине, мұндай қанағаттанбаушылық өз кезегінде оның өмірінің 
сапасына да кері әсерін тигізеді. Ал, постиндустриалды қоғамдарда адам мен 
жұмыс арасындағы мұндай алшақтық азаяды, себебі мұндай қоғамдарда білім, 
еңбек және демалыс үйлесімділікте болады. Экономикалық қоғамдарда 
буржуазиялық таптың қолында өндіріс құралдарына деген монополиялар 
шоғырланып, олар үстем тап өкілдері қатарына жатқызылса, постиндустриалды 
қоғамдарда буржуа бұл мүмкіндіктен айрылып қалады. Нәтижесінде, мұндай 


қоғамдарда меншік акцияларға бөлініп, орта тап өкілдеріне де қолжетімді 
болады.
Дамыған қоғамдардағы жаңа өмір салты ескі өмір салтымен қатар өмір 
сүретінін атап өткен жөн. Нәтижесінде, жеке тұлғада ішкі қарама-
қайшылықтар, сондай-ақ тұлғааралық және әлеуметтік қауымдастықтар 
арасында қайшылықтар туындайды. Осыған орай, этникалық проблемалар мен 
халықты сәйкестендіру мәселелері едәуір артады. Соңғысы постиндустриялық 
қоғамдарға тән жоғары әлеуметтік мобильділікпен байланысты. Э.Тоффлер 
өзінің еңбегінде жазып өткендей, постиндустриалды қоғамдардың даму 
динамизмі болашақ шоғын тудырады, ал бұл өз кезегінде өмір сүру сапасын 
төмендетеді: жұмыс пен демалыс үйлеспеушілік туғызып, сенімсіздік
нашақорлық және ішімдікке салынушылыққа әкеп соқтырады. 
Демография (грек тілінен demos - халық және grapho - жазу; ұлттық 
сипаттама) адам популяциясының статистикалық жағдайын олардың санына, 
жынысына, жасына, отбасылық жағдайына, этникалық тегіне, сондай-ақ, туу, 
қайтыс болу және көші-қон коэффиценттеріне негізделе отырып зерттейтін 
ғылым саласы болып табылады. 
Қоғамдардың демографиялық ортасы адамдар, отбасылар, әлеуметтік 
топтар, қоныстар мен олардың арасындағы қарым-қатынастар жиынтығы 
болып табылады. 
Демографиялық жүйенің негізгі элементі – биоәлеуметтік тіршілік иесі 
ретіндегі адам. Бір жағынан, адам күллі адамзаттың биологиялық алғышарты 
болса, ал екінші жағынан ол оның тарихи дамуының нәтижесі. Қоғам мен 
адамзат тарихы, бір жағынан, өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылатын 
адамдардың әрекеттерінің нәтижесі болып табылады, ал екінші жағынан, 
қажеттіліктер тарихтың әсерінен өзгереді. Бұл қарама-қайшылықтардың 
қажеттіліктер мен әс-әрекеттері диалектикалық бірлігі мен күресінде қоғам мен 
адамзат дамуының шешімі жатыр. Тарихтың алғышарты ретінде, адам ішкі 
мотивациялар (қажеттіліктер, мүдделер, мақсаттар), қабілеттер (мінез-құлық, 
ерік, сана) және практикалық қызмет жиынтығы болып саналады. 
Адамдардың басты ішкі мотивациясы олардың қажеттіліктері. Адам мен 
қоршаған ортаның арақатынасы мұқтаждық, қажеттілік белсенділікке ұмтылу 
және қажеттіліктерді қанағаттандыру циклынан өтеді. Мұқтаждық пен 
қажеттілік күйлері өте тығыз байланысты болғандықтан, психологияда да, 
әлеуметтануда да бұл екі түсінік бір-бірінен алшақтатылмайды. Мұқтаждық
адамның психикасы мен эмоциясында көрініс табатын, оның қажетті, яғни 
адамның өзі қалайтын, және нақты дене күйі арасындағы сәйкессіздікті 
сипаттайтын объективті күй болып табылады. Ал, қажеттілік болса, мұқтаждық 
себебінен туындайтын қанағаттану күйіне деген ұмтылыс. Ол адамның өзіне 
қажетті игіліктер жөніндегі ой-толғаулары және қоршаған орта арасындағы 
қарама-қайшылық болып табылады. Бұл қарама-қайшылық тұтыну пәнін 
қанағаттану пәніне айналдыру жолдарын анықтау арқылы шешіледі. 
Адамның қанағаттануы оның денесінің қажетті және нақты күйінің 
сәйкестігінің объективті жағдайы болып табылады
, бұл оның психикасында, 
эмоцияларында және қанағаттанушылық пайымында көрінеді. Осылайша, 


қажеттілік, мұқтаждық, қанағаттану өзіне объективті және субъективті 
жағдайды енгізеді. Биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде адамның қажеттіліктері 
биологиялық, 
әлеуметтік 
және 
рухани 
(танымдық, 
адамгершілік, 
дүниетанымдық және т.б.) болып бөлінеді. Қажеттілік түсінігінің 
анықтамасына қарап, олардың эмоционалды, танымдық бағалау және 
реттеуші-практикалық сипаттарына қарай ажыратылатыны байқалады. 
Биологиялық қажеттілік метаболизмдік (жылуға, тамақа, қысымға қажеттілік 
және т.б) және психикалық (жарыққа, иіске, жаңашылдыққа қажеттілік және 
т.б) болып бөлінеді. Олар бейсаналық рефлекторлық сипатқа ие, бірақ адамның 
санасына бағынады және денсаулықты сақтау мақсатында реттеліп отырады. 
Әлеуметтік және рухани қажеттіліктер саналылық сипатқа ие, адамдардың 
қоғамдық болмысқа саналы-белсенді формасы болып табылады. Төменгі 
қажеттіліктің қанағаттандырылуы нәтижесінде жоғарғы қажеттіліктер 
туындайды. Яғни, тамаққа деген қажеттіліктің қанағаттандырылуы танымдық, 
адамгершілік және эстетикалық қажеттіліктердің туындауының алғышарты 
болып табылады.
Адамның қандай да бір қажеттіліктері оның қызығушылықтарынан 
көрініс табады. Адам белгілі бір ортаға мұқтаж болмаса да, бұл ортаға 
қызығушылық білдіре алады. Бұдан қажеттіліктің мұқтаждық пен 
қанағаттанушылыққа қатысты танымдық-бағалау құрауышы айқын байқалады, 
яғни, мұқтаждық болмаса да, адам өзінің қызығушылығын қанағаттандыруға 
ұмтылады. Демек, әрбір қызығушылықтың артында потенциалды қажеттілік 
болады. Қызығушылық – қанағаттану пәнін бағалаушы негізгі критерийлері 
болып табылатын заттар, құралдар, тұтыну жағдайлары мен орта жайындағы 
түсініктер арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Қызығушылықтар 
субъекттердің тұтыну шарттарына, алдыңғы кезекте тәжірибелік және рухани 
әрекетте көрініс табатын тұтыну заттарына, қатысты эмоционалды-танымдық 
қатынастары (ұмтылыстары). Заттар, шарттар, тұтыну құралдары туралы 
түсініктер тілектердің эмоционалды формаларында, сәйкес танымдық және 
тәжірибелік әрекеттерде байқалады. Нақты қызығушылық белгілі бір әрекеттің 
мақсаты, яғни, осы жағдай мен құралдар шартындағы әрекеттен күтілетін 
нәтиже жайындағы түсінік болып табылады. Егер, қызығушылық үнемі 
қажеттіліктің көрінісі және қандай да бір әрекеттің мақсаты болатын болса, 
онда мақсат қызығушылық емес. Мұндай жағдай қандай да бір істі орындау 
жайында бұйрық беру кезінде орын алады. Бұл жағдайда мақсаттың адамның 
қажеттіліктеріне ешқандай қатысы болмайды және ол адамның бойында 
эмоционалдық, рухани және тәжірибелік серпіліс тудыруға қабілетсіз. 
Адамдардың қажеттіліктері олардың психологиялық, рухани және 
тәжірибелік қабілеттерімен тікелей байланысты. Адамдардың қабілеттері 
генетикалық жолмен берілетін нышандардан туындайды. Қоғамдық тұрмыстың 
нақты бір жағдайларында нышандар қабілеттерге айналады. Қабілеттер жалпы 
және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қабілеттерге адамдардың тіршілік 
әрекетінің әртүрлі түрлеріне қатысты нақты білімдерді, дағдыларды, 
тәжірибелерді меңгеруді меңзейтін психикалық қасиеттер жүйесі жатады. Ал, 
арнайы қабілеттер дегеніміз адамға қандай да бір жеке әрекет саласында 


(егіншілік, ұсталық, музыкалық және т.б.) үлкен жетістіктерге қол жеткізуге 
септігін тигізетін біліктіліктер болып табылады.
Адамдардың тәжірибелік және рухани әрекеттерінде байқалатын жалпы 
қабілеттер де бар. Біріншіден, сезімдік танымның психикалық қабілеті 
(кескіндеу, бағалау, сезімдік түсінік). Екіншіден, бұл қол және аяқ арқылы 
орындалатын белгілі бір әрекеттерді атқарудың тәжірибелік қабілеттері. 
Үшіншіден, зияткерлік қабілеттер (есте сақтау, ойлау, гипотезалар 
тұжырымдаулар және т.б.). Төртіншіден, бұл еріктік қабілеттер – қандай да бір 
мәселені шешу үшін физикалық және психикалық қасиеттерді жұмылдыру. 
Тәжірибелік және рухани қабілеттер әртүрлі деңгейлерге ие: 
репродуктивтік (білімді игеру, қандай да бір әрекетті оқыту, үлгіні жаңғырту), 
шығармашылық (болжамдар ұсыну, алдыңғы әрекетті орындау, жаңа нәрсе 
ойлап табу), дарын және данышпандық (рухани және тәжірибелік салаларда аса 
зор әлеуметтік маңызы бар жаңа жетістіктерге жету). Әрине, дарын және 
данышпандық сәйкес нышандарға ие көрнекті қабілеттер болып табылады.
Тиісті қабілеттер, сондай-ақ заттар, құралдар, жағдайлар болған 
жағдайда, қажеттіліктер және мүдделер әсерінен тәжірибелік және рухани 
әрекеттер туындайды. Тәжірибелік әрекет нәтижесінде жеке тұтынуға, тәртіпті 
сақтауға және т.б. бағытталған. Ал, рухани әрекет адамдардың руханилығын 
дамытуды, тарихи жағдайларға байланысты оларға тәлім беруді көздейді. 
Халықтың іс-әрекетінің ұжымдық сипаты қоғамның дамуындағы әрбір 
кезеңмен күрделене түседі, бұл адамдардың билігінен тыс нәтижелерге әкеп 
соқтырады. Өздерінің әрекеттерінде қажеттіліктері мен қабілеттерін пайдалана 
отырып, адамдар мұндай ұжымдық әрекеттерді дамытады.
Қоғамның демографиялық саласы тек географиялық және биологиялық 
ортаға ғана тәуелді емес, сонымен бірге, ол қоғамның экономикалық, саяси 
және рухани салаларынын әсеріне ұшырайды. Сондықтан, бұл саланы біз 
демо-әлеуметтік сала деп атаймыз. Ол нақты демографиялық (сан, өсу, өлім 
және т.б.) және әлеуметтік (отбасылар, елді-мекендер, этникалық топтар, 
таптар, страталар және т.б.) сипаттамалар мен процестерді қамтиды. 
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты демо-әлеуметтік саясат деп аталады. Біз оны 
қоғамның демографиялық әлеуметтік саласына жатқызамыз, ал ол болса өз 
кезегінде адамдардың демографиялық әлеуметтік (бастапқы) қажеттіліктері мен 
қызығушылықтарына ықпал етеді. Мұндай үндестік төмендегідей мәселелерді 
шешуге мүмкіндік береді: 1) Бірінші кезекте, адам әрекетінің және әлеуметтік 
салалардың, әлеуметтік таптардың дамуының нәтижелерінің негізгі көзі болып 
табылатын адамның демо-әлеуметтік қажеттіліктері мен мүдделерін анықтауға 
мүмкіндік береді. Себебі, қажеттіліктер мен мүдделер қоғамның әлеуметтік 
мәртебесіне, әлеуметтік құрылымына және өркениетіне байланысты 
туындайды. 2) Демографиялық саланың қоғамның қалған бөлігіне 
демографиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік жүйеге және 
өркениетке тәуелді қажеттіліктері мен мүдделеріне де тәуелділігін көрсетуге 
мүмкіндік береді. Демек, демографиялық әлеуметтік ортаны қарастырғанда, 
оның тек қоғамдардың қалыптасуының табиғи алғышарты ғана емес, сондай-ақ, 
осы қоғамның қоғамдық құрылымы әсерінен өзгеріске ұшырайтының 


ескеруіміз қажет. 3) Демографиялық әлеуметтік ортаны анықтау формациялар 
мен өркениеттерге демографиялық сипаттамалармен қатар, белгілі бір дәрежеде 
әлеуметтік 
философтардың 
назарынан 
тыс 
қалып 
кететін 
негізгі 
демографиялық әлеуемттік қажеттіліктердің әсерін талдауға жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет