Бала: Менің анам «құлыным рахмет» дейді.
Тәрбиеші: Балалар, Мейірімді Анаға ән айтып берейік.
Ән: «Аяулы алақан» Тәрбиеші балаларды мадақтайды.
№10 Білім беру саласы «Шығармашылық» ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы «Су асты байлықтары»
Мақсаты: балықтардың ерекшеліктерін білуге, сурет салудың дәстүрден тыс әдісі жапырақты немесе қағазды умаждап бояуға батырып, қағаз бетіне бастырып балық сұлбасын салып, ал дене мүшелерін таяқшамен түрту әдістермен бейнелеуді үйрету. Композиция құра білу дағдыларын қалыптастыру, қиялын дамыту. Бейнелерді қағаз бетіне түсірудің түрлі техникасын пайдалануға машықтандыру; іскерлікке , еңбек етуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:сұрақтар, түсіндіру, көрсету, ойын, мадақтау.
Құралдар: қағаздар, сүлгі, жапырақтар, таяқшалар, бояулар.
Билингвалды компонент: балық-рыба- a fish, жайын –судак- zander.
І. Кіріспе бөлім. Шаттық шеңбері:
Армысың, алтын Күн!
Армысың, асыл жер!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
ІІ. Негізгі бөлім: Ғажайып сәт: Алтын сандық (саңдықтың ішінде аквариум, ойыншық балықтар мен ұлулар бар)
Жұмбақ. Төртбұрышты шыны үй,
Терезесі жоқ, іші толы су.
Осы үйдің тұрғындары,
Шетінен шебер жүзгіштер.
Басса, ізі жоқ,
Жүрсе, жолы жоқ. (балық)
Тәрбиеші: -Балалар, бүгін су астында тұратындар туралы әңгімелейміз, қарандаршы, бұл‑ су асты әлемі.
Тәрбиеш: - Су астында нелер тіршілік етеді?
Бала: - Балық түрлері жүзіп жүр.
Тәрбиеші: - Олар неге су астында тіршілік етеді?
Бала: - Балықтар су астында ғана тыныс алып, өз қоректерін тауып жейді.
Сергіту сәті: Суда балық жүзеді,
Суда өмір сүреді.
Айнадағы бейнедей,
Қимылдарды қайтала,
Оңға, солға бұрылдық.
Алға, артқа иілдік.
Тіземізді бүктіріп,
Қолда создық тік тұрып.