ІІІ.Қорытынды бөлімі- рефлексия:
Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастыру.
Тәрбиеші: - Балалар, сендерге тас үстіне сурет салған ұнады ма?
Бала: - Қызық екен.
Тәрбиеші: - Айғаным сен қандай түсті гүлді салдың?
Айғаным: - Түймедақ гүлін салдым.
Тәрбиеші балалардымадақтайды.
№12
Білім беру саласы «Шығармашылық»
ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы «Бояумен бізге күз келді»
Мақсаты: бояумен (гуащь, акварель), оларға тән қасиеттермен және жапырақпен таңба басу (сурет салу) технологиясымен таныстыру; негізгі және құрамдас түстер, бояутақтаны дұрыс пайдалану дағдысына баулу, сурет салуға құштарлықтарын арттыру. Күз мезгілінің табиғи әсемдігін қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдістер мен тәсілдер: көрнекілік (көрсету, және т.б.), дәстүрден тыс сурет салу, сұрақ-жауап, балалар әңгімесі, пікірталас ойыны .
Құралдар: ақ қағаз,жіңішке қылқалам, акварель бояуы, бояу-тақта, су құятын құты, сүрткіш, жапырақ.
Билингвалды компонент: күз-осень-autumn, табиға-природа- nature
І.Кіріспе бөлім. Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы тандаймыз.
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
ІІ.Негізгі бөлім :
Әңгімелесу.
Тәрбиеші: - Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
Бала: - Қазір , күз мезгілі.
Тәрбиеші: - Күз мезгілінің ерекшелігі неде?
Қызықтыру сәті: (суретші Бояубек келеді).
Бояубек: - Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен сендерге сиқырлы бояулар әлемінен келдім.
Тәрбиеші: - Олар қандай?
Бояубек : - Балалар, сендер қанша түс білесіңдер?
Бала: - Сары, қызыл, көк, жасыл. т.б. түстерді білеміз.
Тәрбиеші: - Күз мезгілінің түстерін атап беріңдерші. Қандай түсті бояуларды қосқанда сарғышқызыл түс шығады?
Достарыңызбен бөлісу: |