Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелгі бар. Бұл суреттер – жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді. Жартастағы суреттер-петроглифтер ҚазақстандаТаңбалы, Ешкіөлмес, Қарату мен Маймақ, Тарбағат ай мен Бөкентауда табылды.
Сергіту сәті: «Құм, тас, су» «Құм» дегенде әр жерде шашыранқы болып отыру. «Тас» дегенде өз қолымен мүсін жасап тұра қалу.
«Су» дегенде толқын жасап қозғалу.
Қалай ойлайсыңдар, тастар қайдан алынады?
Жаңбыр кезінде жартас арасына енген су қыстың күні қаттады және оларды кеңітеді. Жыл сайын жарық үлкейіп отырады сонан соң таудан тас бөліктері сынып түседі.
Тәрбиеші:- Балалар, бүгін біз тастың қандай қасиеттерімен таныстық?
Бала: - Тастардың бетіне сурет салуға болады екен.
Тәрбиеші: - Интерактивті тақтаға назар аударайық. Тастардың бетіне әр–түрлі суреттер салынған. Балалар, енді бізде тастың бетіне сурет салып көрейік.
Талдау: Барлығымыз гүл суретіне назар аударайық гүлдің түсі қандай болады екен? Алды мен ауада гүлдің суретін салып көрейік.
Қара қарандашты алып, тастын бетіне гүлдің бейнесін саламыз.
Сурет салу әдісі:сары түсті гуащьқа мақтаны батырып алып, тастың ортасына дөңгелек сары уызын саламыз. Гүл күлшелерін тығындыны бастырып саламыз. Ең соңында, жапырағын таяқпен саламыз.
Балаларға табиғи заттарды пайдалану арқылы, дәстүрден тыс сурет салу тәсілін қолданып көркем бейнелер құрастыруға болатынын түсіндіру.
Жеке жұмыс. Балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созу