Сурет, сөз ойыны Жарайсыңдар!


Церебральды–органикалық ПДТ



бет13/15
Дата07.11.2022
өлшемі21,71 Mb.
#48286
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Церебральды–органикалық ПДТ

Бұл балалардың анамнезін зерттей келе, жүйке жүйесінің органикалық кемістігінің болатына анықталған. Сондай-ақ, жүктілік патологиясы да елеулі әсерін тигізеді. ПДТ-ң бұл түрінің негізі – мидың минимальды дисфункциясы (ММД). Аталған термин 1962 жылы енгізілді.
Церебральды-органикалық генезді психикалық даму тежелуінен басқа, ПДТ түрлеріне қарағанда, айрықша жиі кездеседі, олардан өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл топқа жататын балалардың көпшілігінің жүйке жүйесінде, органикалық кемшілік бар, оның себептері олигофренияның себептерімен өзара өте ұқсас. Сондықтан, кейде баладағы церебральды-органикалық генезді, психикалық дамудың тежелуі мен жеңіл дәрежедегі ақыл-ойдың кемдігін ажырату қиынға соғады. Барлық жағдайда, баланың даму барысы мен ерекшеліктеріне мұқият, бірнеше мәрте тексеру жүргізілгеннен кейін, шешім қабылданады.
Кейінгі кездері, ПДТ балаларға арнап ашылған коррекциялық сыныптар мен мектептер, осы церебральды-органикалық генезді, психикалық дамуы тежелген балаларға арналады. ПДТ-ң басқа түрлеріне жататын балалар, кейде жалпы мектептердегі сыныптарды, кейде «жетілдіру сыныбы», «педагогикалық көмек сыныбы» деп аталатын арнайы сыныптарда оқи алады.
«Аутизм дегеніміз – баланың «экстремалды» жалғыздығы, эмоционалды байланыс пен коммуникация орнату қиындығы мен әлеуметтік даму қабілетінің төмендеуі. Л. Каннер, аутизмнің негізгі белгісі ретінде, «экстремалды жалғыздықты» атайды, сонымен бірге ондағы сөйлеудің бұзылуын немесе мүлдем болмауын, өзіндік әдет-ғұрып формаларына ұмтылуды, сенсорлық стимулдарға әдеттен тыс реакция жасауды тізбектей келіп, бұл ауытқу түрін, конституционалды генезді даму ауытқуының өзінше бір түрі деп атайды.
Көзбен байланыс жасау, яғни көзбен бағу, бетқимылы, ым, интонация жасау өте қиын. Бала өзінің эмоционалды күйін жеткізе алмайды және басқалардың көңіл-күйлерін ұғына
алмайды. Эмоционалды байланыстар орнату қиындығы, тіпті ең жақын адамдарымен қарым-қатынаста да көзге тҥседі;
· іс-әрекеттегі стереотиптілік, баланың өміріндегі үйреншікті, өзіне таныс жағдайларды өзгертпей сақтауға деген ұмтылыстан туындайды. Бала пайда болған өзгерістерге күшті қарсылық көрсетеді. Ол біртекті әрекеттермен әуестенеді: шайқалу, қолын жан-жаққа сілтеу немесе сілкілеу, секіру; бір заттармен біртектес манипуляция жасау: соққылау, тарсылдату, айналдыру; белгілі бір тақырыпта айналсоқтап сөйлеу немесе бір ғана тақырыпта сурет салу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет