7. Эмоционалды-ерік сферасы мен мінез-құлқы зақымдалған балалар · сөйлеу дамуының, оның ішінде коммуникативті қызметның тежелуі немесе бұзылуы. Барлық жағдайлардың үштен бірінде, бұл мутизм (сөйлеуді нақты коммуникативті мақсатта қолданбау) түрінде көрінеді. ЕЖБА бар баланың сөйлеуінің формальды түрде жақсы жетілуі, жеткілікті сөздік қоры болуы мүмкін, тіпті ол көбіне ересек адамдардай сөйлейді. Алайда, мұндай сөйлеуде қайталама бірізділік, мағынасыз көшірме сипат алады. Бала ешкімге сұрақ қоймайды, өзіне қойылған сұрақтарға жауап бермейді, кейде мағынасыз фразаларды, қажетсіз өлеңдерді қайталап айтып, өзін-өзі тыңдайды. Сондай-ақ, бұл балаларға эхолалия (естіген сөздерді, фразаларды, сұрақтарды мағынасыз қайталау) көрінісі тән, олар көпке дейін өзіндік есімдіктерді қолданбайды, өзін «сен», «ол» деп немесе есімімен атайды, қажетін сұрауда, есімдіксіз бұйрықтарды қолданады т.б. Тағы да бір көңіл аударар нәрсе, ол сөйлеудің өзгеше қарқыны, ырғағы және әуені;
· жоғарыда тізбектелген бұзылу көріністерінің өте ерте жастан байқалуы (2,5 жасқа дейін).
Аутизм әртүрлі формаларда кездеседі:
1. Айналадағы болып жатқан оқиғалардан мүлде бас тарту, араласпау.
2. Белсенді бөлектену.
3. Аутистік қызығушылықтар мен әуестенулер.
4. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудың қиындығы.
Осылайша, ЕЖБА бар балалардың негізгі 4 тобын ажыратады: 1. Баланың ерте жастан, әлеуметтік белсенділігінің болмауы назар аудартады. Бала өзінің жақындарының ойнатқан, күлдірген, назарын аудармақ болған әрекеттеріне жауап бермейді.
2. Екінші топтағы балалар сәл белсендірек. Олар бөлектенбейді, тек қарым-қатынас жасауда, талғампаздық танытады. Өзіне ұнаған адамдарға ғана жауап береді т.с.с. Олардың киім киюі, тамақ ішуі, ойнауы сияқты әрекеттерінде, белгілі бір қалыптасқан жүйе бар. Сонымен қатар, көңіл-күйлерінде қорқыныш, алаңдау т.б қалыптасады. Кейде агрессия пайда болады.
3. Мұндай балалар қоршаған ортадан бөлектену емес, одан гөрі қызықты өз қиялдарының әлемінде өмір сүруге ұмтылады. Бұл балалар басқалармен тіл табыса алмайды, жиі қақтығысады, басқалардың тілектерімен санаспайды. Кейде олар айлар– жылдар бойы бір ғана тақырыпта сөйлейді, бір ғана ойынды ойнайды. Қиялында мистикалық, қорқынышты, агрессивті бейнелер жасап алады. Өздерін «құбыжық», «өлтіруші» т.б. бейнесінде сезінеді.
4. Бұл топтағы балалар-анағұрлым жеңіл формадағы ЕЖБА бар балалар. Олар өте өкпелегіш, сезімтал. Бұл балалар ересектер тарапынан берілетін эмоционалды көмекке зәру. Олар үшін ең бастысы, өзара сенім, түсіністік, қауіпсіздік жағдайын орнату.
Аутизм естімейтіндер мен көрмейтіндерге қоса алғанда жиі кездеседі, бірақ оның таралуы жайлы статистикалық мәліметтер әрқилы, оның өзіндік себептері бар:
1) диагностикалық критерийлердің жеткілікті деңгейде анық болмауы, олардың сапалық жағы;
2) синдромның баланың жасына сәйкестігін бағалаудағы әртүрлі пікірлердің болуы (Ресейде – 15 жасқа дейін, Батыс Европа, АҚШ, Жапон елдерінде – жасқа сай шектеу қойылмайды);
3) ЕЖБА себептерін, механизмін, негізгі мәнін ұғынудағы әртүрлі пікірлердің болуы.
Соңғы жылдары біздің еліміздегі, шетелдердегі ғылыми әдебиеттерде, әрбір 10.000 сәбидің 15-20-да, оның өзінде аутизм қыз балаларға қарағанда, ұл балаларда 4–4,5 есе жиі кездесетіндігі жайлы айтылады. Сонымен қатар, аутизм жиілігінің уақыт өткен сайын өсу үрдісі байқалуда, әрі мұның ұлттық, нәсілдік, географиялық факторларға қатысының болмауы, оның тҥпкі себебі, локальды емес, жалпы адамзаттық сипатқа ие болатынына айғақ бола алады.