Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами коймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезендері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыстың Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ен аддымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды. Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың (халиф, хан, патша, сүлтан, король, император және т. т.) қолында болды. "Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың игілігі үшін кызмет етеді" деген көзқарас қалыптасты. Патша әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға әкелік камқорлық керсетеді, ал оның қол астындағылардың оған ешқандай талап крюға қақылары жок. Себебі, билеуші халық алдында емес, тек құдай алдында ғана есеп береді. Бұл елдердін тәртібі, саяси ойы өткен ұрпақтың дәстүр, салтына берік берілгендікті білдіретін. Қоғамда орнатылған тәртіп өмір бақи өзгерместей көрінді. Оңдағы езгерісті адамдардың құдай қағидаларын орындамағандықтан туып отыр деп ұқты. Билік орнатылған тәртіпті, шындықты, әділеттікті, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кұралы деп есептелінді.
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда кеп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар (полистер) кұрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді, Соңдықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты.
Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ біз солардың ішінде ең кернекті екі өкіліне -Платон мен Аристотельге тоқталамыз.
Платон б. з. б. 427—347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты -Аристокл. Жасында спортпен кеп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең бодды. Сондықтан оны Платон (кен жауырынды) деп атап кетті. Сол атпен ол адамзат тарихында мәңгілік қалды.
Ол кезде әр ірі ғалымның мектебі болатын. Платон атақты фәлсафашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шәкірті болды. Ол қаза болғаннан кейін қатты қайғырып, біраз елдерді аралады. Кейін Афиныға келіп өз мектебін академияны ашты.
Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары "Мемлекет", "Саясатшы", "Зандар", "Софист", "Парменид" және т. б.
Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т. т. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері кұрылысшылықпен, төртіншілері етікшілікпен және т. с. с. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін етейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Бірақ бұдан Платон адамдардың бәрін тендестірген екен деген ой тумауы керек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа (сословиеге): 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер етіп белді Әкімдерге фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып білуге қабілетті, икемді болуы керек. Қорғаушылар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды. Өндірушілер (егіншілер мен қолөнер) емірге керекті қаржыларды тауып, мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды. Әр топ өзіне тиісті қызметті атқаруы керек. Сонда ғана әділдік орнайды. Бір таптан екінші тапқа (әсіресе, төменгі таптан жоғарғы таптарға) өтуге болмайды. Қай сословиеде тусаң, соның өкілі боласың. Адамдарды осылай жіктей келе, Платон оларды тым бай немесе өте кедейлікке жібергісі келмеді. Себебі, мұндайда қоғамда ортақ мүдде орнамайды. Сондықтан орта деңгейді ұнатты.
Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіндерді, дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Соған орай әкімдер мен жауынгерлерде жеке меншік пен отбасы болмауын қалады. Олар ортақ игілік үшін еңбек етулері керек. Сондықтан оларды адамды қызықтыратын әзәзіл жеке мүдде, баю жолынан құтқарғысы келді. Сол себепті олардың әйелдері мен балалары ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет өз қамқорлығына алуға тиіс.
Платон мемлекеттік кұрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішіңде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда акыл естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.
Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б. з. б. 384—322 ж. ж.) болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салған соң біраз елдерді аралады. Б. з. б. 342—340 жылдары Македония патшасы II Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Александр Македонскийді) оқытып, тәрбиеледі. Кейін Афиныға оралып, өз мектебін (лицейді) ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан.
Саясаттануға қатысты "Саясат", "Афиналық полития", "Этика", "Риторика" деген еңбектері бар.
Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бакытқа жеткізу деп білді. Сөйте тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.
Аристотельдіңойынша,мемлекетқауымныңдамығантүрі, ал қауым отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге белді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түріңде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар ез бастарының пайдасын ойлайтын керінеді.
Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу, ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды.
Аристотель Платон айтқан коғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады. Сонымен қатар ол адамдардың аса байып немесе шектен тыс кедейленіп кетуін құптамады. Себебі, мұндайда коғамның тұрақтылығы бұзылады дей келіп, орта деңгейді дұрыс керді.
Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда өсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон(б. з. б. 106-43 жж.) өмір сүрді. Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері көпке әйгілі.
Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының жәнеменшікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамға және жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың мызғымастығын бұзушылыкты әділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей көрді.
Цицерон мемлекеттін құрылым түрі оны басқарушының "мінезі мен еркіне" байланысты болады деп түсіндірді. Басқарушылардың санына қарай ол мемлекет басқаруды патшалық билік, аристократия (оптиматтардың билігі) және демократия (халық билігі) етіп үш түрге бөлді. Бұлардың әрқайсысының өзінің жақсы жақтары мен кемшіліктері бар. Мәселен, патша рақымшылдығымен жұртқа ұнайды, бірақ мұнда басқа адамдар заң, шешім қабылдаудан сыртта қалады және бір адамның басшылығы зорлық-зомбылыққа оңай айналып кетуі мүмкін. Оптиматтар (аристократтар) даналығымен бағалы, бірақ олар үстемдік еткенде халық өз еркіңдігін пайдалана алмайды, билік ақсуйектердің сұрқия тобының қолында қалуы мүмкін. Демократия болса бостандығымен жағымды, бірақ халықтың толық билігі зияңды зардаптарға, "тобырдың зорлығына" әкеліп соқтыруы мүмкін.
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы бодды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.