Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж


Орта ғасырлық Шығыстағы және Европадағы саяси ойлар



бет37/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   89
2. Орта ғасырлық Шығыстағы және Европадағы саяси ойлар

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі бодды.

Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасыңда қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.

Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретгі шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Соңдықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354—430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.

Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктін еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, бола-шақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.

Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси козқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектеріңде қаралды.

Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқаңда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тіршілік иесі деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдарға әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің максаты "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.

Фоманың ойынша, билік құдайдың кұдіретімен орнайды. Сондықтан патшалык билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда Құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.

Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.

Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, аксүйектік билік те пайғамбардың қолында болу керек, ал ол қайтыс болған соң пайғамбардың орынбасарлары халифтарға көшуге тиіс. Басында солай болды да. Тіпті, мемлекет мүлкі де құдайдікідеп есептелді. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік ақсуйек, сұлтандарға ауысты. XX ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жактаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, оның діни қатқан қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын, ар намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі қызықтан бас тартуды уағыздайтын католик көзқарастарына ақыл мен тәжірибенің құдіретіне сенуді қарсы қойды. Адам мәселесі, оньщ мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялык идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атайды. Алдыңғы қатарлы оқымыс-тылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік - саяси қозғалыс реформацияның тұрғысынан сынға алынды. Олардың талабы ертедегі христиан дініне сөйкес шіркеуді өзгерту және демократияландыру болды. Сонымен қатар гуманистердің көпшілігі халыққа сенбеді, бұқараның революцияшылдығынан корықты. Осының бәрі гуманистер көзқарасында карама-қайшылықтар тудырды. Мұны біз олардың еңбектерінен де көреміз.

Казақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Оның ішінде ең шоқтығы биігі ислам фәлсафасының негізін салушылардың бірі - біздің қандас бабамыз ұлы ойшыл әл-Фараби.

Қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл ма-маны, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби 870—950 жылдары өмір кешті. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жерінде орналасқан Фараб (кейінгі Отырар) қаласында туды. Жасында сонда оқу тәрбие алып, кейін Бұхара, Александрия, Каир, Дамаск, Бағдат қалаларында тұрып, білімін ұштап, қызмет атқарды. Оны әріптестері көзі тірісінде "екінші Аристотель" деп атаған болатын.



Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты "Рақымды қала тұрғыңдарының көзқарастары туралы", "Азаматтық саясат", "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы" деген еңбектері бар.

Ұлы ойшыл "Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы" деген саяси трактатында мемлекетті адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен жақсылап қанағаттандыру үшін жасаған ұйымы деп білді. Оның пайда болуІіна тіршілік үшін күрес айтарлықтай ықпал етеді. Соңдықтан адамдарды бір-біріне көмектестіріп, барлық жұрттың жақсы тұрмысына қам жеп, қамқорлық жасаған мемлекет қана өз міндетін атқара алады.

Әл Фарабидың ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін – ақыл парасат, адамның ақыл ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек.

Әл-Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге боледі. Кайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.

Әл-Фараби алғашқылардың бірі болып адамды ардақтап, асқақтатты. Оның айтуында, адам бақытты болуға лайықты, сол бақытын ол табуға тиіс. Оған өзінің іс-әрекетінің, жұмысының, тынымсыз ізденуі мен оку үйрену нәтижесінде жетуге болады. Ал адам жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мәнінде бақытты өмір сүре алады деді.

Ұлы дана халықтар достығын насихаттады. "Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады" деген создері тап бүгінгі күнге сәйкес келіп тұрғандай ғой.

Бабамыздың "Ғылымды топтастыру және анықтау туралы кітап" деген еңбегін дүние жүзі ғалымдары жоғары бағалады. XI—XII ғасырларда ол көне грек, латын және т. б. тілдерге ауда-рылып әлемге аян болды. Батыстың кейінгі зерттеушілері бүл трактатты орта ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы деп атады.

Әл-Фарабидың бай мұрасы Шығыс халықтарының саяси санасын жетілдіріп, сан ғасырлар бойы ғылымның ер түрлі салаларын дамытуға игі әсерін тигізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет