Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж



бет38/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   89
Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни (1021—1075) — аты әлемге әйгілі ақын, фәлсафашы, қоғам қайраткері болған. Оның өмірбаяны туралы деректер аз. Жүсіп туралы мағлұматтарды біз оның негізгі еңбегі "Құтадғу білік" ("Бақытқа жеткізуші білік", кейбіреулер "Бақыттылық жәйлі ілім" деп те аударып жүр) дастанынан білеміз. Бұл еңбектің ерекшелігі ол сол кездегі ресми араб тілінде емес, өзінің ана тілі түрік тіліңде жазылғандығы. Ол, біріншіден, араб, парсы тілдерін жете білетін Жүсіптің өз еліне, өз тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын білдірсе, екіншіден, сол кезде Орта Азияда билік құрған қарахандықтар әулетіне (династиясына) түсінікті болу үшін жазылса керек.

Жүсіп дәуірінде қарахаңдықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып бастары қосылмады. Сондықтан "Кұтадғу білікте" мемлекетті орталықгандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым кеңіл бөлінген. Ол тек саяси трактат қана емес, онда өмірдің мән-мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез-кұлқы, салт-санасы, әдет-ғұрпы және т. с. с. туралы кезқарастар жинақталған үлкен шығарма. Ол шындыққа, бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді. Әділет, ақыл, рақымдылықты жырлайды. Өмірде әділ заңды, еркіндікті аңсайды.

Қазақ халқы ірі ойшылдарының біріне Қожа Ахмет Йассауи (1093—1157) жатады. Оның басты шығармасы "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы"). Ол еңбегінде әділдікті, имандылықты, шыншылдықты, мейірімділікті жырлайды.

"Ғаріп пақыр, жетімдердің көңілін көтер,

Қамқоршы бол, жанынды да пида етер", — деп қара халық-тың қамқоршысы болуға, адамгершілікке шақырады.

"Көңіл бөлмей дүниеге адамдықтан кешіндер,

Хақты сүйген адал кұлдар халайықпен бір болар", - деп адал басшы халқымен бір болып, соның тілегін тілеу керектігін баса айтады.

"Ей, мусылман, тагат қыясаң, танбагын, Ғазиз жаның - аманаты Алланың. Харамдықпен, щ, жиган мал жалганын, Қарыш атты жылан қылар малыңды ",

-деп дүниеқорлық, байлық соңына түспеуді, арамдықпен мал жимауды уағыздайды, парақор әкімдердің о дүниеде тартар жазасын естеріне салады.

Қазақ халқының рухани мұрасында мәңгілік із қалдырған аты аңызға айналған ақын, жырау Асан Қайғы Сәбитұлы (XIV ғ. аяғы — XV ғ. басы). Ол алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібекке ақылшы, жас мемлекеттің жалынды жаршысы, ұран-шысы болды. Оны Ш. Уәлиханов "көшпелілер философы" деп атаған. Хан мен қарапайым халықтың арасында игілік үшін талас, тартыс, дау-жанжал туғанда, оны ушықтырып, өрбітпей реттеудің жолын, "ымыраға келу" теориясын ұсынған. Ол еліне мәңгілік азық боларлық жері шүйгін, ырысы мол қоныс, сыр-тқы жаудан қорған боларлық қолайлы жер "Жерұйықты" ("Жиделібайсын" деп те айтады) іздеген, халқының болашағын ойлаған. "Жерұйықтың" суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағаш басы толған жеміс-жидек, жұт болмайтын, қайғы-қасіреттен аулақ құтты қоныс; ол елді жау алмайды, онда ел аласы, ру таласы жоқ, жаугершілікті білмейді. Асан Қайғының мұндай жерді іздеуі әйгілі утопиялық социалистер Томас Мордың "Утопиясы" мен Т. Кампанелланың "Күн қаласындағы" саяси идеялармен үйлесіп, жымдасып жатыр.

Асан Қайғы Жәнібек ханға арнауында:

"Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің,

Айтқаныма көнбейсің.

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймагын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып, қызып терлейсің.

Өзіңнен басқа хан жоқтай Елеуреп неге сөйлейсің ?!

Қорган салдың бейнет қып, Қызметшің жатыр ішіп-жеп. ... Оны неге білмейсің ?! "

— деп шабылып жатқан халқын ойламай, өз күнін күйттеп жат-қанын, қызметкерлердің елді талап ішіп-жеп жатқанын ханның бетіне басып, шенейді.

Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Оларға Қасым, Есім хандар жатады. "Қасым ханның қасқа жолы", «Есім ханның ескі жолы»деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Бірақ өкінішке орай, олар бізге дейін жетпеді. Ал Тәуке ханның "Жеті жарғысы" негізінен сақталған.

Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси және экономика-лық жағдайы ауыр еді. Ру басылар, сұлтандар езінше бөлек билегісі келді. Орта Азия билеушілерімен қарым-қатынас тұрақсыз еді. Мұның бәрі қазақ мемлекеттігінің тұтастығына, сырткы шапқыншылықтан қорғануға нұқсан келтірді. Сондықтан хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің белініп, оқшаулануын тоқтату, халықты біріктіру үшін Тәуке хан "Жеті жаргы " деп аталған қазақ әдет-ғұрып зандарының жиынтығын жасатты. Онда құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі принциптері айқындалды. Атап айтқанда, жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал-мүлік дауы, ұрлық-қарлық, айып-жаза, алым-салық және т. б. қаралады. "Жеті жарғы" нормалары қаулаған дау-дамайларды тежеп, рулар арасындағы тартыстарды бәсендетті, қоғам ішіндегі ала ауыздық азайып, ел бейбіт өмір сүрді.

Тәуке хан "Халықкеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырды. Өз кеңесінде халықтың өзекжарды мәселелерін: көші-қон, ел тыныштығы мен бірлігі, сыртқы жаудан қорғану және т. с. с. жүйелі түрде талқылап отырды.

Сайып келгенде, Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.



XIXғасырдың екінші жартысында қазақ даласында саяси идеология ретінде ағартушылық кең өріс адды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет